РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ" ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ ОТАНДАСТАРҒА ҮНДЕУІ
**РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ" ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ ОТАНДАСТАРҒА ҮНДЕУІ!
**Құрметті қазақстандықтар!
Елдігімізді, бірлігімізді көрсететін күндерге тап болдық. Өкінішке орай, теріс пиғылды, жауыз ниетті топтар сырттан, ақылы тайыз, өміріне риза емес, өзінің, ұрпағының болашағын ойламайтындар іштен еліміздің тыныштығын бұзып, халықты қайғыға ұшыратты. Республика ардагерлері болып жатқан бұзақылықтың тоқтауы үшін халық арасында ақсақалдық, ағалық, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Шаңырағымыздың шайқалуына ұмтылған топқа кешірім жоқ. Елін, халқын, абыройын ойланбай отқа салған бұзақылар өз қатесіне заң алдында жауап беруге тиіс. Ғасырлар армандаған Тәуелсіздігімізге көлеңке түспегей! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен алынып жатқан шараларды қолдап, төңірегіне топтасайық, ағайын!**
Республикалық "Ардагерлер ұйымы " Орталық Кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов