Құрметті Ұлы Отан соғыс және тыл ардагерлері!Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 — жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерліктеріңіз, тірі жан шыдамас қиындыққа төзіп, еліміз-жеріміз үшін жан аямай айқасып, неміс - фашист басқыншыларын жеңіп, келесі ұрпақтарыңыздың өсіп-өніп жетіліп, Егеменді Қазақстанның мықты да гүлденген мемлекет болуына қосқан үлестеріңіз ешқашан да ұмытылмайды.
Сіздер аманат еткен ұлтаралық татулық, тұрақтылық, бейбітшілік біздер үшін әрқашанда еліміздің ең бір қасиетті ұстанымдардың бірі бола бермек.
Бүгінгі күні Сіздер жастарды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер.
Жеңіс күні 9 Мамыр мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды ұзақ ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да қаланың, сонымен қатар еліміздің гүлденуі үшін жастарға патриоттық тәрбие беру жолында белсенді үлес косады деп сенеміз. Зор денсаулық, балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге амандық тілейміз.
Ізгі ниетпен Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Есілов