ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ!
«Жас Сарбаз - патриоттарды тәрбиелейді» қалалық ардагер лер зиялылары ұрпақтар сабақтастығы мақсатына арналған №89 мектеп- лицейдің жасөспірімдерімен кездесу
19.01.2023 ж.сағ.13.00, № 89 Мектеп-лицей,Сауран 11. Жиын залы.
«Жас Сарбаз» патриоттарды тәрбиелейді" Жастар мен жасөспірімдер бойында әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, жастарды өз отанының адал патриоты болуға және елдің болашағын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеу. Әскери –патриоттық тәрбие беру әр еліміздің әр азаматының парызы. Өйткені, әскери- патриоттық тәрбие тек әскери тәртіпке емес, білімге, достыққа, тапқырлыққа жетелеп, жастарда Отанға шын берілудің дамуын қамтамасыз ететін тиімді, жеке әскери – патриотық жүйе құруды қамтамасыз етеді.
Ұйымдастырушы: Астана қалалық ардагерлер кеңесі. Есіл ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы, № 89 мектеп-лицей тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары - Кинаятов Алиби Талгатович Шақырылған қонақтар:
- Байғазин Мейрам Жолтайұлы - Қоғам қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Құрметті журналисі», РҚБ «Ардагерлер ұйымының» «Құрмет Белгісі» төс белгісі иегері.
- Артықов Ғани Асылбекұлы - полковник, Қорғаныс Министірлігі Астана қаласының қарулы күштер Департамент басшысының орынбасары.
- Дартай Дәурен АБАЙҰЛЫ- Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ерлік жасаған жастар, Желтоқсан – 1986 туралы әңгімелейді.
- Серікпаева Марал Имамұсақызы - Авиация саласының ардагері (өмір жолын, ерлігі туралы әңгімелейді)
- Ернат Мэлсұлы - журналист, аудармашы, велосаяхатшы, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығының құрметіне, Ұлы ұстаздың туған ауылы Ақкөлден 05 қыркүйектен 02 қарашаға дейін Туркияның Ыстамбұл қаласына дейін 55 күнде 5555 шақырымды игеріп, елге аман оралды.
- Үйсінбеков Сейілхан Темірханұлы –қалалық білім басқармасы жанындағы «Жас сарбаз» ұйымының жетекшісі және ұйым мүшелері жеке тізім бойынша қала мектептерінің Жас сарбаздары. Әбікенов ЕРАСЫЛ - «Жас сарбаз, жас өспірімдер» әскери патриоттық қозғалысының Республикалық қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық филиалының өкілі.
ШАРАНЫҢ ӨТУ РЕТІ
Қайырлы күн құрметті елордалық жас Сарбаздар, бүгінгі біздің бас қосуымызға арнайы шақырылған құрметті қонақтар, аға буын өкілдері, ҚОШ келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев ел ұстаздарына «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының бастамасымен қол жеткізгелі отырған «Әділетті Қазақстанның» жаңа азаматтары сіздерсіздер –«Жас сарбаздар». Ұлттық ұлан сапында, Отан қорғауға дайындалуға білімдеріңіз бен біліктіліктеріңіз болашақта сіздерге қажетті көмек болады деп сенеміз.
Ұлтымыздың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мына бір ұлағатты сөзі әрдайым естеріңізде болсын: «Бізге, қазаққа алға басып, озық елдердің қатарына кіру керек. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай, һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға - оқу керек, Бай болуға - кәсіп керек, Күшті болуға - бірлік керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген еді. Ендеше біздің Тәуелсіз Қазақстанда бүгінгі өскелең ұрпаққа барлық мүмкіндік жасалған, тек мақсат пен міндет өз қолдарыңызда! 1.Астана қаласы әкімдігі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің директорының орынбасары Аубакиров Марат Абдуалиұлы шараны ашты.
2. «Жас Сарбаз» видеоклип 3мин
«Жас сарбаз, жас өспірімдер» әскери патриоттық қозғалысының Республикалық қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық филиалының Әбікенов ЕРАСЫЛ –презентациясы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлықтау кезінде айтқан сөзінде: «Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Ал бүгінгі біздің өскелең ұрпақ батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Батырлық – қанымызға сіңген қасиет. Қазыбек би айтқандай, «Біз – жерімізге жау тимесін деп, найзаға үкі таққан елміз». Ұлы дала ұландары қашанда ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен атамекенін қорғай білген.Біз аманатқа адал болып, еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтау үшін бәрін жасаймыз.
Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауып қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Енді біздің міндетіміз - «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Бұл – Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы, – деп айтқан аманатымен бүгінгі бас қосуға қатысып отырған әр «Жас сарбаз» мүшелерін жігерлендіре отырып, айбынды әскер болуына тілек білдіріп, арнайы шақырылған қонақтармен пікір алмасып, аталық кеңес пен батасына бөленсін деген мақсат. Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық сыныптар ашылған. «Жас Сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр. «Жас Сарбаз» клубтарына 5-9 сынып аралығындағы денсаулығы бойынша тексеруден өткен, білім мен спортта белсенді жасөспірімдер қабылданады. «Жас Сарбаз» сыныптарының сабақтары бойынша алған сертификаттар, болашағын әскери саламен байланыстыруға талпынған жастарға оң септігін тигізері анық... 3.Аталмыш іс-шараның ерекше тақырыбы «Ғасыр көлемінде болған басты оқиғалар» желісі бойынша, іс шарамыздың «Ерлік уақыт таңдамайды» тақырыбы желісінде ортаға Авиация ардагері Марал Имамұсақызы Серікпаеваның қызмет бабындағы ерлігі туралы әңгімеледі. 4.Ортаға журналист, аудармашы, велосаяхатшы, Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығының құрметіне, ұстаздың туған ауылы Ақкөлден 05 қыркүйектен 02 қарашаға дейін Туркияға, Ыстамбұл қаласына дейін 55 күнде, 5555 шақырымды игеріп, елге аман оралған Ернат Мэлсұлы велосапары туралы ой бөлісіп, Туркияда Ыстамбұлда Ұлы Абай бабамыздың ескерткішінде тағзым етіп тұрғанда, қала әкімі бір топ ресми қонақтармен ықыласын білдіріп, Туркияның мемлекеттік туын құрметтеп тапсырды. Бүгінгі шараны өткізуде алдымызға қойған мақсатымыз, өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әскери қызметке баулу мен тарту міндеті.
Біріншіден, өскелең ұрпақ әскери іс туралы базалық білім алу керек. Олар физикалық дайындалған еліміздің патриот азаматы болып өсуі тиіс. Екіншіден, елімізде әскери білім алған резерв болуы керек. Үшіншіден, жастар бос сенделіп жүрмей, спорттың түр-түрімен айналысып заманауи ақпараттық технологияны меңгеріп өссе, бәсекеге қабілетті ел боламыз. «Мәңгілік ел» жастарының болашағы баянды, ұлы дала әскері қуатты болсын! 5.Қорғаныс Министірлігі Астана қаласының қарулы күштер Департамент басшысының орынбасары, полковник Артықов Ғани Асылбекұлы өзінің сөзінде 6.Арнайы шақырылған қонағымыздың бірі – «АМАНАТ» саяси партиясы орталық аппаратының САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Жаулыбаев Еркебұлан Бөлтірікұлы 7.Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Бекмаганбет Көпболсын Абдікешұлы пікір бөлісіп, ақжарма тілектерін айтты.
Бүгінгі іс-шараның келесі бөлімінде назарларыңызға Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы жанындағы 2022 жылғы Республикалық ардагерлер ансамбльдері арасындағы конкурстың бас жүлдесінің (гран-при) иегері «Есіл толқындары» Халықтық ардагерлер ансамбілінің шағын концерттік бағдарламасы ұсынылады. Ансамбльдің жетекшісі және дирижер - Фанида Нұрбаева Музыкалық жетекшісі -Мейрам Елубаев
- «Қазақстаным менің» муз. Мынжасар Маңғытаев, сөзі.Қ.Ыдырысов Жеке дауыста Қарбоз Шпанұлы
- «Отан қорғаушылар әні», жігіттер тобы.
- «Бір бәйтерек, бір шынар», әні мен сөзі Кентау Назарбеков
- «Атамекен» әні оқушылар мен солистің орындауында және бүкіл қатысушылар орындайды.
Соңында № 89 мектеп-лицей директоры Мұхамедиев Беимбет Мұхаметказыұлы рақмет, ықыласын білдірді. Қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты қызметкері Меңлібаева Салтанат Даулетқанқызы шараны соңында қалалық ардагерлер кеңесінің атынан қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға кітап-сыйлықтар табыстады
ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ
АСТАНА ҚАЛАСЫ,19 ҚАҢТАР,2023ж.
Ардагерлердің пікірі.
2023 жылғы 19 қаңтар күні Сіздің тапсырмаңыз бойынша Астана қаласы № 89 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Жас Сарбаз» - патриоттарды тәрбиелейді» атты іс-шараға қатыстым. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Астана қалалық ардагерлер кеңесі, Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру Орталығы», №89 мектеп-лицей ұжымы. Іс-шараға шақырылып қатысқан қонақтар ішінде менен бөлек БҰӨСО директорының орынбасары Аубакиров Марат Абдуалиұлы, Қорғаныс министрлігі Астана қаласы қарулы күштер Департаменті басшысының орынбасары, полковник Артықов Ғани Асылбекұлы, «Аманат» партиясы саяси жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Жаулыбаев Еркебұлан Бөлтірікұлы, қалалық Білім және Ішкі Істер департаменті басшылығының өкілдері, арнайы шақырылған авиация ардагері Серікбаева Марал Иманмұсақызы, журналист, аудармашы, велосаяхатшы, Қазақстан мемлекеттік туымен Азия, Европаның 5-6 мемлекетін (Түркияға дейін) 55 күнде 5555 шақырымды игеріп, елге аман оралған Ернат Мэлсұлы, ардагерлер белсенділері, жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Жоғарыда аталған азаматтар шара тақырыбына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, Авиация ардагері Серікбаеваның және Ернат Мэлсұлының ғибратты әңгімелерін жастар ынталы қабылдады. Іс-шарада оқушылар арасында патриоттық темада сұрақ-жауап (викторина) да өткізілді. Кездесудің кульминациясы: Есіл аудандық ардагерлер «Есіл толқындары» халықтық ансамбілі мен бірге оқушылардың бірнеше патриоттық әндеріде орындауы болды. Іс-шара патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету тұрғысындағы нәтижелі іс-шара болды деп есептеймін. Осы пікірді кездесу соңында түйіндеп., Орталық кеңес басшылығының атынан ризашылығын білдіріп, ОКте шығарылған екі кітапты мектеп-лицей ұжымына тапсырылды.
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары К. Бекмағанбет