Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбиенің алтын көпірі!

Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбиенің алтын көпірі!

шақыру.jfif

19 тамызда Астанада қала педагогтерінің тамыз кеңесі аясында Педагог-ардагерлер қалалық кеңесінің «МЕН және СЕН: ұрпақтар сабақтастығы – тәрбиенің алтын көпірі» тақырыбында секциялық отырысы өтті. Кездесу заманауи білім беру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және педагог-ардагерлердің кәсіби тәжірибені сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудегі рөлі туралы ашық пікір алмасуға арналған жақсы алаң болды.

Сенғазиев Қ.С..jfif

Елордадағы білім беру жүйесіне мазмұнды талдау жасаған Астана қаласы білім беру жүйесі басқармасының басшысы Қасымхан Сержазиұлы Қасымханов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қаладағы білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Басым бағыттардың бірі – жаңа мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар салу. Қосымша білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Бүгінде бала бір мектепте білім алып, қосымша сабақтарға қаланың әртүрлі нүктелеріне баруы мүмкін. Сондықтан негізгі және қосымша білім беру қызметтері балаға оның оқитын және тұратын жеріне барынша жақын жерде қолжетімді болатын білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылу қажет.

президиум.jfif

Басқарма басшысының сөзінен кейін Бимендина Асима Тимкенқызына сөз беріліп, ол білім беру жүйесіндегі заманауи сын-қатерлер жөніндегі өз ойымен бөлісті және педагог жұмысындағы тәрбиелік бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Одан кейін Дидар Дулатұлы Байтасов сөз сөйлеп, әр оқушының жеке портфолиосын қалыптастыру мәселесіне тоқталды. Оның маңызы – баланың жетістіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын және білім алу траекториясын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік беруінде.

Дауешов Е.Д..jfif

Келесі кезекте Салтанат Мендығалиева сөз сөйлеп, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Ол мектептегі тәлімгерліктің және ұрпақтар арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына назар аударды. Жиын соңында Майра Жануразқызы сөз сөйлеп, тәрбиелік жұмыстың, педагогикалық дәстүрлер сабақтастығының және баланың тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің жеке үлгісінің маңыздылығын атап өтті. Құрманбаева Майра Жануразкызы, Педагог-ардагерлер қалалық кеңесінің төрайымы, білім беру саласындағы ардагерлердің ерекше рөлін атап өтті. Олардың әрқайсысының артында ондаған жылдық педагогикалық еңбек, тәрбиеленген шәкірттер, жинақталған тәжірибе мен кейінгі ұрпаққа жеткізу маңызды болатын кәсіби дәстүрлер бар. Дайра Каменқызы, Астана қаласы педагог-ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аға және жас буынның ынтымақтастығының, үздік педагогикалық дәстүрлерді сақтаудың және ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу тақырыбының өзі де өте символдық мәнге ие. Ұрпақтар сабақтастығы – аға буынның тәжірибесі мен даналығын жас ұрпақтың жігері, білімі және жаңа идеяларымен жалғайтын алтын көпір.

сыйлық тапсырылды.jfif

Заманауи мектеп өзгеруде: цифрлық технологиялар енгізіліп, жаңа білім беру форматтары пайда болып, оқыту тәсілдері жетілдірілуде. Алайда басты құндылықтар – балаға деген сүйіспеншілік, тұлғаны құрметтеу, педагогтің жауапкершілігі және лайықты азамат тәрбиелеу – әрдайым өз маңызын сақтайды.

зал.jfif

Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Олар білім берудің өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, педагогтердің әр буынын біріктіруге, бір-бірін тыңдауға, жинақталған тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізуге және білім беруді одан әрі дамытудың ортақ бағдарларын айқындауға мүмкіндік береді. Білім беру ардагерлері – біздің білім беру жүйеміздің тірі шежіресі мен кәсіби тарихы.

қала қонақтары.jfif

Ал жас педагогтер – оның бүгіні мен болашағы. Олардың өзара диалогы, ынтымақтастығы мен құрметі ұрпақтар сабақтастығының сол алтын көпірін қалыптастырады. Жаңа 2026-2027 оқу жылы құтты болсын!

                                              Өрік Имангожина Кандидат 
                            педагогичка ғылымының кандидаты, құрметті доктор.