Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

**Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды.**

Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды.

Халықаралық қарттар күні қарсаңында тағы бір жағымды жаңалыққа куә болдық.Астана қаласындағы алтыншы Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды. Орталықты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбеков өзі ашты. Жеңіс өзімен бірге әкімдіктің сала басшыларын ала келіп қарттар мен және ардагер активтермен кездесу өткізді. Осы шараға арнай шақырылған қалалақ апрдагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов Астана ардагерлерінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» атқарып отырған іс-шаралары туралы таныстырып өтті. Қалада 150 мың зейнеткер тіркеуде тұрады. 382 ардагерлердің бастауыш ұйымы жұмыс істейді.Аға буынның негізгі міндеті ұрпақтар сабақтастығын жалғастарып, жастарға тәриелік мәні зор ұлттық құндылықтарды қастерлеуді ұлықтау болса бұл міндетті олар үздіксіз насихаттап үйретуден жалықпай келеді. Қоразова Майра апай.jpeg Ал қарттар мен ардагерлерге қалалық әкімдік,ардагерлер кеңесі тарапынан көрсетіліп отырған қамқоршылық пен құрмет өз деңгейінде деп айта аламыз. Жыл сайынғы қарттар күні қарсаңында берілетін бір реттік ақшадай көмек, көлікте тегін жүру, героанталогиялық кабинет,курортық-санаториялық, демалыс орындарына бару, түрлі концерт мәдени шараларға тегін шақырылу сияқты қызметтер қарттарға деген құрмет деп бағалаймыз. Уақытының тығыздығына қарамай жаңа орталықтың ашылуына байланысты ардагерлердің белсенділерімен кездесу өткізген Жеңіс Махмұтұлына ардагерлер ризашылық білдіре отырып біраз мәселелер туралы ойларын ортаға салып сұрақтар қойды.Оған жауапты кездесуге қатысып отырған сала басшылары жауап берді.Кейбір түйткілді мәселелерді қала әкімі нақтылап оның орындалысын өз бақылауында ұстайтынын айтты.Орайы келгенде айта кету орынды деп санаймын. Жалпы қала әкімі Ж.М.Қасымбековтың атқарып отырған жұмысына қала жұртшылығы дән риза. Астананың күннен күнге абаттана түсуі,қала көшелері мен жолдарының жаңаруы,мектеп пен емхана санының арта түсуі әр тұрғынның көңілінен шығуда. Күннің күрт суытуына байланысты жылу маусымының ерте басталу да халықтың жағдайының назарда екенін аңғартса керек. Халық-сыншы. Осының бәріне ризашылығын білдіріп әлеуметтік желіде де жазып жатқанынынан да көріп отырмыз. Басты құндылық, байлық біздің халқымыз. Олай болса еліміздің аман, жұртымыздың тыныш болуын ойлап әрқашан бірлікте болайық ағайын! Қазыналы қарттарым, аға буын ардагерлер мереке құтты болсын! Аман сау жүріңіздер!

             Қарлығаш Құспан ҚР Журналистер одағының және ардагерлер  ұйымының  медиатоп мүшесі