Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛУ

САҒЫНЫШ НАЗЫ-БЕКТУРГАНОВА ҮМІТ ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

ҮБ.jpg

Қоғам қайраткері, 1940 жылы 03 наурызда сарыарқада кіндік қаны тамып, 2022 жылы 01 наурызда дүние салды.Бір жыл да өте шықты.Бар өмірін мемлекеттік қызметке арнаған қазақтың асыл, қайратты қызы, мейірімді пейілімен, ақжарқын бауырмашыл жүрегімен халықтың, әсіресе аға буынның жадында мәңгілікке қала береді. Еңбек жолын 1961 жылы Қарағанды Педагогикалық институтының тарих факультетін тамамдап Ақмола облысының білім саласынында, Атбасарда қазақ мектеп-интернатының мұғалімінен бастап, Атбасар ауданының комсомол ұйымының бірінші хатшысы, Алматы қаласының жоғарғы партия мектебінен кейін Атбасар аудандық партия комитетінің хатшысы мен кенес қызметінде жалғастырып, соңғы онекі жыл Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарып ,осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. Ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, жауапкершілігі кімді болсын тәнті қылатын. Жаны жайсаң, жан жағына нұрын шашып, танығанына жылы сөзін аямай, кімге болсын қол ұшын созып көмек беруге дайын тұратын абзал жан еді. Үміт Жақсыбайқызының өмірінің соңғы жылдарында өзінің белсенділігін арттырып, республикалық ардагерлер ұйымының белді мүшесі, аппаратта жаупты қызмет атқарды. қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, көптеген іс-шараларына қатысып, өзіндік орнын тапқан іскер мемлекеттік қызметкер болды. Еселі еңбегінің арқасында «За трудовое отличие» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және де көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған, қызметтің қай саласын атқарса да, өзіне жүктелген міндетті адал, абыроймен атқарды. Бергенінен берері көп қоғам қайраткері, тыңдаушысын елітер ақылман еді. Иманы кәміл, ұстанымы мығым, ұлттық тәрбие, салт-санаға берік болған жан еді. Жақын немере бауырларының қамқоршысы, бүгін орны ойсырап қалған жағдайды баурына-Үміт әпкесіне төмендегідей естеліктер арнады: Сен кеткелі басқа өмір басталды, Айтқан сөзің жадымызда сақталды Ортамыздан әкетсе де сұм ажал, Асыл бейнең жүректкрде сақталды. Замандастың аузындағы жыры едің, Бауырлардың басындағы нұры едің, Ел үшін ерен еңбек сіңірген, Нар тұлғалы қазақтың қызы едің. Табиғатың қанша нәзік болса да Қаймықпадың, ешқашан қиындықтан. Жүрегіңе ауыр жара салса да, Бас тартпадың дәмі ащы шындықтан. Еңбек жолың үлгі болды баршаға, Тәрбиең бар, сана берген жастарға. Құшақ-құшақ гүлмен бірге жыл сайын, Марапатың елден алған қаншама! Өзіңді аңсап, жүректі мұң басады, Бауырлардың дұғасына қосады. Зиярат қып келген сайын басыңа, Елегізіп, көңілім сені тосады. деп сіңлісі Шокыбасова Гулжан Аманкелдықызының көңілі құлазыса Бөлесі Айнагуль Тулеубаева: «менің жүрегім әлі жылайды» деген еді. «Қысқаша айта кетсем, тәтеміз осы әулеттің тірегі, тілеушісі еді. Қуанышта да, қайғыда да бәрімізді ұйымдастырып, туған-туыстың басын біріктіре алатын жан еді.» Бауырларына, барлық туыстарына қамқоршы, көмекші, қиын жағдайда кенес бере алатын, мейрімін тек жақындарына ғана емес, өзге де адамдарға жеткізе алатын жүрегі кең, адал жан болатын. Жұмысында құрметі зор, мәртебесі биік, беделді азамат болатын, өте қарапайым, әділетті, байсалды, қадірлі біздің апамыз. Тәтем кішкентай жасымнан жанымда болатын, маған қамқоршы еді, үлгі болатын, алғашқы еңбек жолыма жол көрсеткен, бағыт берген тәтем еді...

Астаналық ардагерлер ұйымының атынан туған туысқандарын сабырлыққа шақырып,Бектурганова Үміт Жақсыбайқызын ақжарқын пейілін еске алады **