СЕМИНАР "ЖІГЕР-2"
СЕМИНАР-КЕҢЕС
Таяуда, 29 тамызда «Жигер-2» бастауыш ардагерлер ұйымында семинар-кеңес отырысы болды. Семинар-кеңесті Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі мен Тұрақты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі комиссия ұйымдастырды. Ол «Тұрақты комиссия мүшелерінің бастауыш ардагерлер ұйымдарындағы зейнеткерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін тексеру жөніндегі жұмыс әдістемесі» атты тақырыпта өтті.
Семинар-кеңеске Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы М.Мұстафин, орынбасары Қ.Ахметова, Тұрақты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша комиссия төрағасы К.Жантемиров, қалалық Кеңес комиссиясының мүшесі Л.Сидорова, Алматы ауданынан У.Акишева, комиссия мүшесі Х.Закирова, Сарыарқа ауданынан А.Барчан, Байқоңыр ауданынан А.Бокешова,Есіл ауданынан Г.Қуанышбаева, Сарыарқа ауданынан Г.Рундина, Нұра ауданынан С.Садыков, Сарыайшық ауданынан А.Шайкенов қатысты. Семинар-кеңес отырысында зейнеткерлерге қатысты көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Алғашқы сөз алған Марат Кәрімұлы аталмыш комиссияның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Негізінен олар аса мұқтаж ардагерлерге әрдайым көмек көрсетіп жүретінін көптеген мысалдармен толықтырды. Тұрақты комиссия төрағасы Қалиәскер Қасымұлының тәжірибесі мол, өте жауапты адам екенін атап өтті. Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің комиссия төрайымы Ұрқия Алдажарқызы оң жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Аудандағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселе бойынша комиссия көптеген қажетті әрі маңызды істер жасағаны, жалғызбасты және аз қамтылған зейнеткерлерге деген қамқорлық үлкен нәтиже бергені айтылды. «Сарыарқа» ауданының комиссия төрайымы Г.Рундина үй маңындағы дүкендер өнімдерінің мониторингі бойынша атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Нұра ауданының төрағасы С.Садықов үйдегі жалғызбасты ардагерлердің хал жағдайын тексеру мәселесіне тоқталды. «Алматы» аудаы адагерлер Кеңесінің әлеуметтік- тұрмыстық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс тәжірибесі мақұлданды. Олардың бастауыш ардагерлер ұйымдарымен зейнеткерлердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайларына зерттеу жүргізу бойынша оң жұмыстары атап өтілді. Атқарылған жұмыстар негізінде барлық аудандарға «Жадынама» табыс етілді.
Семинар-кеңес өткізілген «Жигер-2» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қабдыбакий Анғышбайұлына, сол үйымның белсенді мүшелеріне жақсы қабылдағандары мен дәмді дастарқандары үшін ризалық білдірілді.
*Баянды ӘЛПИ*
*С праздником дорогие наши ветераны!
В канун праздника 30 летия Дня Конституции была проведена большая работа-семинар-совещание. Как уже отметили участники семинара Хадиша Ембергеновна и Уркия Алдажаровна.
Семинар прошел продуктивно, основательно. Было очень приятно, что в нашем районе комиссия по социально-бытовым вопросом сделали столько нужных, необходимых и важных дел и их забота за одинокими и малоимущими пенсионерами дали большой результат. Это были не только цифры, а конкретные люди. Действительно работа социально-бытовой комиссии огромна и наши ветераны справились.
Это конечно радует нас. Огромная благодарность председателю Совета ветеранов М.Каримовичу и председателю Постоянной комиссии К.Касымовичу и всем, кто готовил этот семинар-совещание. Также надо отметить председателя ВОП «Жигер-2» и членов организации за теплый прием. Ведь наша основная работа протекает именно в этих первичках.
Доброго дня Всем!
**Баянды Алпи.**