Сенім де, мүмкіндік те бар
Қазақстан республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы біздің еліміздің болашақта озық дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол ашады деген зор міндеп қойылып отыр.
Қазіргі уақытша біздің елімізде экономикамыздың дамуына қажетті заттардың барлық түрлері бар деп толық айтуға болатының Қазақстан халқы толық сенім білдіретін басқа да мемлекет басшылары қуаттап отыр.
Ел басшысы осы жолдауында Қазақстан халқына алдағы болашақ уақытта өнеркәсіп кешені болсын, ауылшаруашылық саласы, басқа да экономиканы өркендету жолын қамтамасу үшін барлық мекемелерді басқарушы азаматтармен қатар қарапайым жұмыс атқарушы азаматтар белсенді қатысуы абыройлы міндет.
Ел басшысы осы жолдауында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайының қазіргі тұрмыс жағдаыйның жыл сайын өзгеріп, жақсыланып отырғанын, еңбек ақымен қатар әлеуметтік төлемдермен қоса зейнетақының көбейіп тұратынын айтып отыр. Болашақта Қазақстан еліміздің гүлденіп, экономикасы нығайып,алдыңғы қатардағы отыз елдің қатарында болуға толық мүмкіндік бар.
Меңдіқұлов Хайдар
Астана қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Тыл ардагері