Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ!

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Астанада 2026ж.30 шілде күні Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің «Ш.Құдайберді» бастауыш ардагерлер ұйымында мағлұматы мол, рухани кеш өткізілді. Кеш бастауыш ұйымының атауына орай, Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне арналды.

ШӘКӘРІМ.jpeg

Осындай ерекше кеште ұлы тұлғаның өмірбаянымен ардагерлер ұйымының мүшесі Гүлайхан Байменова таныстырды. Шәкәрімнің жүрекке ой салатын «Дүние мен өмір» атты жырын Кенжетай Жұматова, тәрбиелік мәні зор жыр жолдарын Бубушайым Қосбаева, ал «Қасқыр, түлкі және бөдене» атты ғибратты мысалын Гүлбахар Нұрбаева оқыды. Үлкендерден балалар да қалыспады. Әжелердің немерелері Ерасыл, Айша және Дархан ұлы ағартушының шығармаларымен таныс екендерін танытты. Шәкәрім Құдайбердіұлының әрбір өлеңі адамды ар-ожданға, білімге, адалдыққа үндейтіні әрбір оқылған жыр жолдарынан байқалып отырды.

ҚҰРАН.jpeg

Бұдан соң жиналғандармен «Сұрақ-жауап» түрінде викторина ойнатылды. Дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлықтар берілді. Мағынасы терең рухани кеш Абайдың замандасы әрі інісі, Абайдың ізбасары Шәкәрімнің туған күніне арналып өткізіліп отырғандықтан дастарқан басында жалғасты. Көрнекті бабамыздың рухына құран оқылды. Шәкәрімнің аманаты –адалдық, ар-ождан, әділдік пен білім. Бұл- кешегі күннің ғана емес, бүгінгі және келешек ұрпақтың да өмірлік бағдары. Кеш соңында «Ата мекен» әні шырқалды. БАСТЫҚ.jpeg

ДҰҒА.jpeg

ТУҒАН КҮН.jpeg

Салтанатты кешке Астана қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Іргебаев, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Қарлығаш Ахметова, медиатобының жетекшісі Баян Бұлғақбаева қатысты. Осындай мағлұматы мол, ғибратты іс-шаралар көп болсын!

Баянды ӘЛПИ, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Алматы ауданы арлагерлер Кеңесі медиатобының жетекшісі