Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы!

                        Қымбатты ханымдар!

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке. Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған. Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

ПРЕЗИДЕНТ.jpeg

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады. Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!

Жағымды жаңалық!

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қалалық ардагерлер медио тобының жетекшісі Раиса Мұхамедияқызы Ағыбаева Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

АПАЙ.jpeg

АРУЛАР.jpeg

ОРДЕН.jpeg

РАИСА АПАЙ.jpeg

Әріптесімізді медиотоп мүшелерінің атынан құттықтаймыз!

                                  Құспан Қарлығаш  ЖУРНАЛИСТ,медиатоп мүшесі.