Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Тағылымды кездесу!

Тағылымды кездесу

Астанадағы ұлттық кітапханада “Қаламгерлер ұстахансы” жобасы аясында көрнекті жазушы,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Алдан Зейноллаұлы Смаиловпен мағналы да тағлымды кездесу өтті. Ақмола атауының шығу тарихынан бастап осы өңірдің табиғи ерекшеліктері, құрылымдары, мәдени-экономикалық даму жолдары жайында өте құнды көне деректер айтқан Алдан Зейноллаұлының лекциясы бірден жиналғандардың қызығушылығын тудырды.

Ақмола_қаласының_орталығы._ХХ_ғ._басындағы_фотосурет.jpg

Ақмола -Целиноград, қайтадан Ақмола одан Астана атауларын иемденген аралықтағы Елорданың тарихын,көпшілік біле бермейтін тарихи оқиғаларды әсерлі әңгімелеп берді. Керек десеңіз.Қазақ театрының бастау алған жері де осы өңір екен.

ТЕАТР Қуанышпаева.jpeg

Өңір тарихын зерделі зерттеп, құндылықтарын жинаған жазушы бірнеше кітаптар жазған.Қалалық әкімдіктің қолдауымен,Алдан Зейноллаұлының басшылығымен “Астана- қазақтың шаңырақ қаласы” атты көп томдық жинақ шығарылған.Ол Елорданың арғы- бергі тарихын түгел қамтыйтын аса құнды жәдігер болмақ.Оған Әбіш Кекілбай, Шерхан Мұртаза, Рымғали Нұрғали,Фариза Оңғарсынова белгілі жазушылар,қоғам қайраткерлері атсалысқан. Әрине Астананың Елорда болып қалыптасу жолында талай қиындықтар мен асулар болды. Тарихи атауларды қайтарудағы текетірес,қазақ тілінде шығатын баспасөзге қойылған тосқауылдар мен кедергілер аз болған жоқ. Соның бәрі білімді, парасатты азаматтардың табандылығының арқасында жүзеге асты.

Ақмола._Қыздар_гимназиясының_ғимараты.ХХ_ғ.басындағы_фотосурет.jpg

Міне, бүгінгі күні “Құрылтай атауына да қолжеткіздік. Өткен күнен белгі көп. Соны екшеп саралап алдағы қоғам дамуының жаңа формациясына тиімді пайдалансақ ұтарымыз көп. Хан шатыр.jpeg

Кездесуге жиналған әдебиетшілер,қоғамдық ұйым өкілдері,ардагерлер Алдан Зейноллаұлына аз уақыттың ішінде энциклопедиялық ақпарат беріп, Астана тарихына деген қызығушылығын арттырғаны үшін ризашылығын білдірді.

                           **Қарлығаш Құспан
                      Қалалық ардагерлер кеңесі
                          медиотобының мүшесі.**