ТІЛ ТАҒДЫРЫ-ЕЛ ТАҒДЫРЫ!
2026.04.09. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ұлағат бірлестігі» Зияткерлік ойындар клубтарымен және Нұра ауданы Ардагерлер кеңесімен бірлескен дөңгелек үстел Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында


(Төле би 44) өткізілді. Осы маңызды іс-шараға Нұра ауданы ардагерлер ұйымының белсенді мүшелері, аталған Орталықтың қызмет алушылары және педагог зейнеткерлердің қатысуымен пікір алмасу өткізілді.


Дөңгелек үстелді жүргізуші Исмурзина Рауза Ғалиякпарқызы сөйлеп қазіргі кезде ұлттық тілдің дамуына құқықтық негіздер жасалып, қажетінше жағдай жасалған, енді оны дамытуға барлық Қазақстан азаматтары өз үлестерін қосуға міндетті деп атап өтті. Сөз алған Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Айдашев мемлекеттік тілдің барлық салада өркен жаюына үшін сындарлы мемлекеттік саясаттың жүйелі түрде жүргізілуі тиістігін атап өтті. Шығып сөйлеген Жилкайдаров Ашим Кабдушевич, Нурпеисов Алданыш Нурахметович мемлекеттік тілді дамыту үкіметтік және барша халықтық іс бәріміз атсалысуға жауаптымыз деген ойлар айтты.
Іш-шара соңында «Атамекен» ансамблі концерт қойды,ансамблдің жетекшісі Ж.Х.Боранкулова.
А.А.Айдашев "Нұра"ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы.