ТӘЛІМГЕРЛІК КЕҢЕСІ
«Астана қаласының Тәлімгерлік кеңесі» құрылды.
Жуырда Астана қаласының Мемлекеттік қызметінің Агенттігінде «Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ақпараттық-имидждік сүйемелдеу және мемлекеттік қызметшінің оң келбетін қалыптастыру бойынша» мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, ақпараттық шаралар, сондай-ақ арнайы жобалар қамтылған. Жоспарланған шаралар халқымыздың игілігі мен еліміздің өркендеуі жолында адал еңбек ететін мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыруға және насихаттауға жаңа серпін береді.«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары әдетте, мемлекеттік қызмет ардагерлері қатарынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің жанынан құрылады. Органның қызметіне басшылықты облыстық ардагерлер ұйымының және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары тең төрағалық ету құқығымен жүзеге асырады. Орган мемлекеттік басқарудың сабақтастығын, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне практикалық көмекті, өңірлік кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған.
Осыған орай,2023жылы, 07 маусым күні жоспарланған іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау үшін, қалалық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Есілов С.С «Астана қаласының Тәлімгерлік кеңесінің Төрағасы болып сайланып, алғашқы отырысында жаңадан тағайындалған «Астана қаласының мәдениет Басқармасы» басшысы Мейірманқұлов Жаңабай Бердіқұлұлы пен «Астана қаласы Инвестициалар және кәсіпкерлік дамыту Басқармасы» ММ басшысы Акимжанов Халел Рахимұлына,қызыметке жаңадан тағайындалған сәтте, мемлекеттік қызыметкердің алдында ең алдымен абыройлы міндет, ҚР Конституциясына, Халықтың алдында, қабылданған мемлекеттік қызыметкердің «Антына» адал болуға аманат етіп, тілек білдіріп, Қариялық батасын берді.
"Тәлімгерлік кеңесінің" құрамында беделді,кезінде мемлекеттік қызметте өздерінің қырық жылдан астам еңбек өтілімен риясыз қызметтік абырой атаққа ие болған, еңбек ардагерлері,елордалық қалалық белсенді ардагерлер бар: Бектұрғанов Е.Ө мемлекеттік және қоғам Қайраткері,еңбек ардагері; Еркетаев М.Д бүгінгі күні Астана қаласының әкімдігінің жанындағы "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының"ҚММ директоры; Оралов М Астана қаласының маслихатының "Құрметті депутаты"; Құсаинова У.А "Сарыарқа" ауданының ААҰ төрайымы,қоғам Қайраткері,еңбек ардагері, ; Ескендірова М.Қ, Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің жауапты қызыметкері, мемлекттік қызыметтің ардагері. Іске сәт дейміз.
Қалалық ардагерлер Кеңесі
Астана қаласы,2023ж,16маусым