Тәрбиелік мәні бар кездесу
Нұр – Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы ардагерлер Кеңесі өзінің іс – жоспары шеңберінде № 4 мектеп – гимназиясының ұстаздары мен оқушыларымен кездесу өткізді. Жыр алабы Жамбыл Жабаев атындағы мектеп – гимназия Елорда мектептерінің ішіндегі іргелі оқу орны, «қара шаңырақ», мұнда білікті де беделді ұстаздардан тұратын еңбек ұжымы мен білімге құштар екі мыңға жуық жеткіншектер тәлім – тәрбие алуда.
Кездесудің басты қонағы республикалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев болды. Ол өз сөзінде жас ұрпақтың білімін тереңдетуде және отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеуде ата – аналармен және ұстаздармен қатар алдыңғы буын ағалар да жауапты екенін атап айтты.
Кездесудің басты мақсаты мазмұны жағынан терең мағаналы, Қазақстанның әрі қарай жан - жақты дамуына үлкен септігін тигізетін тарихи маңызы бар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Елбасының бағдарламалық мақалаларын насихаттау және түсіндірмелік жұмыстар жүргізу болды.
Ө.Озғанбаев атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, «Алтын адам», Еуразия кеңістігін мекендейтін халықтардың қалыптасуыда Алтайдың алар орны, Ұлы жібек жолының жүйесі, алма мен қызғалдақтың шығу тарихин білу жас ұрпақтың дүниетанымын нығайтып, олардың өзін - өзі тануы мен өзін - өзі анықтауларына нақты әсер ететіндерін атап өтті.
Ұлы Дала халықтарының мәдениеті мен тұрмысын қазақ ұлтының өсіп - өркендеуімен ұштастырды. Бүгінгі оқушылардың ертеңгі күні Қазақстан мен Нұр – Сұлтан қаласының өсіп – өркендеуіне өз үлестерін қосатын азаматтар болатындарын зор сеніммен атады.
Оқушылар ардагерлерге Елбасының бағдарламалық мақалаларының негізгі тұжырымдарын нақты талқылап, таныстырғаны және жас ұрпаққа деген қамқорлықтары мен сенімдері үшін алғыстарын білдірді.
«Байқоңыр» аудандық Кеңесі