«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
Халық Қаһарманы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай 19 желтоқсан күні,- сағат 9.30-да Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, сағат 10.30-да №36 орта мектептің акт залында Астана қаласының ардагерлер ұйымының белсенділерінің қатысуымен жас буын өкілдерімен бірлесіп, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» атты «Ерлік сабағы» форматында конференция өтті. Конференция қонақтары арасында белгілі қоғам қайраткерлері, Астана қаласы бойынша Қорғаныс министрлігінің Департаментінің және қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері, төраға орынбасары М.Иргибаев, «Сарыарқа» ауданы ардгерлер кеңесінің төрайымы У.Кусаинова, запастағы офицерлер Айдашев А.Ы, Жантемиров Қ.Қ және «Мемориалды аймақ» қоғамдық ұйымның өкілдері.
Осы қоғамдық ұйымның командиры Кусаинов М.К-қоғам Қайраткері, белгілі ғалым, Л.Гумилёв атындағы ЕҰУ профессоры,1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ең үлкен және қанды қақтығыста ұрыс даласында қаза болған 3224 жауынгердің тағдырын 47 жылдағы іздеу барысында анықтап, есімдерін ұлықтауда үлкен жұмыс атқарған азамат. Өз сөзінде сол сұрапыл соғыста қолданған қаруларды көрсетіп, шабуыл әдістерден көрнекі қимыл көрсетіп, залдағы жастарды тәнті етті.
Конференция барысында сөз алған қонақтар жастарға Отан қорғауға әр қашан да дайын болуға, адал, қайраткер-жігерлі болуға тілектерін білдірді. Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының және қазақ еліміздің батырларының, ардагерлердің аталық аманатын Астана қаласы ардагерлер кеңесі атынан төраға орынбасары Иргибаев М.С табыстады! «Опасызда Отан жоқ»; «Отаның үшін отқа түс-күймейсің»; «Тәрбиелі-тәртіптің құлы»; «Тәртіпті-елдің ұлы».
Астана қаласы
Ардагерлер Кеңесі
2025 жыл 19.12.