Ы.АЛТЫНСАРИН-185!
Көктемнің шуақты күнімен бірге келетін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі өңірлерде жалғасын табуда.
Бүгін 2026 жылы, 18 сәуірде Астана қаласындағы Нұра ауданына қарасты атындағы Бином мектеп-лицей кең көлемде Наурыз мерекесін тойлады. Бұл мереке «Ұлы адамдардың мерейтойы» тақырыбына және азаматтық-патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған мақсатта Ұлы Ұстаз Ыбырай Алтынсарин 185 жылдық туған күніне арналды.


Оны ұйымдастырған мектеп ұжымы мен ата-аналар комитеті мен арнайы шақырылған Астана қалалық ардагерлер кеңесінің ардагерлері. Мектеп ауласына 42 киіз үйлер тігіліп мерекеге сай әсем безендірілген. Ұлттық нақышта киінген оқушылардың костюмдары көздің жауын алады. Арнайы дайындаған концерттік бағдарлама мазмұнға өте бай болды. Меркелік шараны мектеп директоры Берікболсын Кемелбектің құттықтау сөзінен кейін Қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Меңлібаева қалалық ардагерлер кеңесінің тһрағасы Есіловтың атынан құттықтап «Алғыс хат» тапсырды.Ы.Алтынсарин медалінің иегері, білім саласының ақтангері Еркін Дауешов Наурыз -Ақбатасын беріп, ұстаздар мен оқушыларға табыс тіледі


Шақырылған қонақтардың атынан сый-сияпат пен арнай мерекеге тоқыған қол өнер шебері ару ана Ақдариға Тұрсынбай апай өзі тоқыған ардагерлер кеңесінің атынан естелік ретінде жыл символы саналатын Жылқы бейнесіндегі сыйға тапсырса, Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы бастаған Устемирова Шарипа мен Елордалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ару аналарының атынан еңбек ардагерлері «Нұра» ауданы орталығының жаппай жұмыстар ұйымдастырушысы Касенова Фарида,
Алматы ауданы «Әдемі Халық ансамблінің» жетекшісі Оспанқұлова Райгүл ханым мен ансамбль мүшелері ақжаулықты ару аналар Көпжасарова Жұмабике, Ибраева Анипа наурыз шашуын шашып, бала-шаға мәре сәре болдық.
Астана қаласының "Бабалар Аманаты "тарихи мәдени қордың "Ақ кимешекті киелім Аналары" ару аналар арнайы бөлінген әр киіз үйлерге ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер мектеп ұжымы дайындаған қазақтың салт-дәстүріне қатысып, ұлттық құндылықты сақтап бата беріп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып отырған мектеп ұжымы мен ата-аналарға ризашылықтарын білдірді.
Ұрпақтар сабақтастығы жалғасуда.
Құспан Қарлығаш Бакенқызы