Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП!

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП!

2026 жылы 9 шілдеде Нұра ауданы Ардагерлер кеңесі Нұра ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Эйджизмнің алдын алу: егде жастағы адамдарды кемсітуге жол бермеу» тақырыбында дәріс өткізді.

3.jfif

5.jfif

Бұл дәрісте Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтжан Айдашев, Астана қаласы, Нұра ауданы Полиция департаменті Отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Асия Алькеева, Нұра ауданы бойынша БҰӨСО Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің жаппай іс-шаралар ұйымдастырушысы Фәрида Қасенова, дәрістік баяндама жасап, сөз сөйледі.

7.jfif

4.jfif

Дәріс барысында егде жастағы азаматтардың құқықтарын қорғау, эйджизмнің алдын алу, қоғамдағы өзара сыйластық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Шығып сөйлеген Астана қалалық Ардагерлер кеңесі медиатобының жетекшісі Раиса Ағыбаева,

2.jfif

1.jfif "Алтын домбыра" ансамбілінің жетекшісі Әлібаев Ақынжан және басқалар, осындай дәрістердің зейнеткерлер үшін пайдалы, жастарға берілетін ұлттық дәстүрдегі тәрбие эйджизмді мүлдем болдырмауға тікелей ықпал етеді, жастарды тәрбиелеу үшін қарттардың өздері өнегелі болуы тиіс деген пікірлер білдірді. Бұл іс-шараға 70- тен астам зейнеткер қатысты.

                                                **Айтжан Айдашев
                                              Нұра ауданы ардагерлер 
                                              кеңесінің төрағасы**