Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

«Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына орай ЕҰУ тарихшыларының ғылыми жиыны ректор.jpg

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи циклдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын жетілдіру және цифрлық экономиканы дамыту мәселелері қамтылды.Сонымен бірге: «Мен бұған дейін де айтқанымдай, еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басты.Осындай бетбұрысты сәтте ұлттық жоспарымыз бен стратегиямыздың бәрін қайта зерделеуіміз керек Біз Тәуелсіздігіміздің келесі мерейлі белесіне қандай нәтижемен жететінімізді анық түсінуіміз қажет.Алдымыздағы мақсаттарды нақты белгілеу арқылы біз бүгінгі міндеттер мен басымдықтарды айқындаймыз, дербес стратегиялық бағдарымызды берік ұстанып, жасампаз жоспарларды жүзеге асырамыз», -деп айтқан тарихи маңызды сөздері тарихшы қауымын бір көтеріп тастады.ҚР Президентінің Жаңа Жолдауына орай, 2026 жылдың қазан айының 29 күні мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Тарихшылардың ұлттық конгресінің» мүшелері «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция ұйымдастырды.
доктаранты.jpg

студенты.jpg Конференцияның модераторлары:Ерлан Бәтташұлы СЫДЫҚОВ, Тарихшылардың ұлттық конгресінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, академик; Жақсылық Мұратұлы СӘБИТОВ,Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры, PhD Баяндамашылар Өмірбай Жолдыбекұлы БЕКМАҒАНБЕТОВ,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті«Қазақстан тарихы» факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мақсат Алпысбесұлы АЛПЫСБЕС,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алтын Орда мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Артем Александрович ПОРСИН, Жошы Ұлысын зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Сергеевич ЗЕЛЕНКОВ,Жошы Ұлысын зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Махаббат Мәлікқызы ҚОЗЫБАЕВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдени және рухани даму институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Халил Борисович МАСЛОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдени және рухани даму институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD

Күлзира И..jpg

«АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ Ерлан Ерназарұлы САЙЛАУБАЙ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ел тарихы» ғылыми орталығының директоры,тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқали Жахияұлы ДҮЙСЕН, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ел тарихы» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Күлзира Идрисовна ИСКАКОВА, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ардагерлер кеңесі төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ, Тарихшылардың ұлттық конгресі Хатшылығының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Баяндамашылардың ерекше тоқталған негізгі мәселелердің бірі — идеологиялық бұрмалауларды болдырмау үшін тарихты қалай жазу керек деген мәселе болды. Ғалымдар күрделі процестерді талдауға қай тәсілдер мен теориялар жақсырақ келетіні туралы пікірталастыруда: мысалы, жекелеген тарихи тұлғалардың (атап айтқанда, «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының) рөлін қалай бағалау керек, ресми идеология жиі басым болған кеңес дәуіріндегі архивтік құжаттармен қалай жұмыс істеу қажет екендігін айта келе, объективтілік пен методологияға көңіл бөлу қажет деген тұжырым жасады. Екіншіден, Кеңес дәуірін қайта пайымдау. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихшылар кеңестік кезеңді егжей-тегжейлі талдауға белсенді түрде кірісті: бұл жылдары қандай қайшылықтар болды, индустрияландыру мен ұжымдастыру аймаққа қалай әсер етті, бұл кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшелігі неде болды, тоталитарлық жүйенің қысымымен дәстүрлі мәдениет қалай сақталды немесе өзгеріске ұшырады. Сонымен бірге, көптеген тақырыптар (мысалы, репрессия ауқымы, тұтас халықтарды жер аудару) ұлттық тарихнаманың кәсіби қоғамдастығында әлі де өткір пікірталастар тудыруына байланысты бұл мәселеге, біздер тарихшылардың ерекше назар аударуымыз қажет деп тұжырымдады. Ал келесі үлкен міндет:Ұлттық тарихнаманың қалыптасуы. 1991 жылдан кейін Одақ кеңістігі шеңберінде белгіленген үлгілерден алшақтап, Қазақстанның жеке, егемен тарихын құру міндеті туындады. Бұған жекелеген оқиғаларды бағалауды қайта қарау (мысалы, Ресейге қосылу сипатын) және көшпелі хандықтардан тәуелсіз мемлекетке дейінгі күрделі жолды пайымдау кірді.Бұл мәселе де кезек күттірмейтін жұмыс.Тарихи зерде мен білім беруге келетін болсақ, тарихты оқшауланған фактілер жиынтығы емес, қоғамның тарихи санасын шынымен қалыптастыратындай етіп қалай оқыту керек деген мәселе. Ғылыми жиынға қатысушылар тарихи білімді дәріптеу форматын да талқылады. Оның өзі ғылыми басылымдардан бастап музей жобаларына дейінгіні қамтиды деген ойды түйіндеп, қолдады. Цифрландыру және жасанды интеллект туралы мәселе де көрініс тапты. «Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін бердік. Қоғам дамуының мүлде жаңа негізін қалыптастыруымыз керек. Шын мәнінде, мұны озық технологиялар заманында өскелең ұрпақтың лайықты өмір сүруіне жол ашатын ұзақ мерзімге арналған жалпыұлттық миссия деуге болады.Цифрлық дәуір қаншалықты күрделі, қиын, тіпті қауіп-қатерге толы болса да, біздің мақсат-мұратымыз өзгермейді.Бұл – жаңа тұрпатты мемлекет құру, жаңғыру мен жаңару жолынан айнымау», - деп айтқан Еліміздің Президентінің сөздері ғылыми жиынға қатысушыларға қатты ұнады, әрі жігерлендірді. Негізгі Пленарлық бөлімнен кейінгі Пікір-талас бөлімінде жас ғалымдар мен білім алушы жастар аға буын өкілдеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Мұның өзі қазіргі кезде ардагерлер ұйымдарының алдында жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесін жеткізу, адамгершілік құндылықтарды нығайту, патриотизмді тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау міндеттерін біріктірген «Ұрпақтар сабақтастығы» жоспарын іске асыруға қосылған сәтті қадам болды деп санаймыз. Бұл тақырыптар Қазақстан мен басқа елдердің тарихшылары жаңа деректермен және методологиялармен алмасатын халықаралық әрі республикалық ғылыми форумдардың үнемі назарынан тыс қалмауы керек. Ел болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

                     Искакова К.И.,Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы.