Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ЖАҢААРҚА АРДАГЕРЛЕРІ АСТАНАДА

ЖАҢААРҚА АРДАГЕРЛЕРІ АСТАНАДА

Ел жүрегі – Астанаға 26 жыл толды. Биыл бұл айтулы күн әсіре даңғазалықтан ада нақты саяси – мәдени іс шаралар аясында атап өтілді.

ұжым.jpg

гости.jpg

90 АТА.jpg

арқалықтар.jpg

Жыл сайын өзгеріп жаңарып отырған Астананың келбетін,дамуын көрмекке құштарлық арта түсуде. Бұл заңдылық Астана 300 мың тұрғыны бар арқа даласындағы шағын қаладан ірі мегаполисқа айналды. Қазір қалада 1,5 млнға жуық адам тұрады. Қаламыздың қалыпты даму жолына көз жіберсеңіз артымызда өз заманының патриоттары қажымас қайрат иесі болған ардагерлер тұрады. Олар бүгінгі күні де белсенділігі мен жаңалыққа, жақсылыққа құштарлығын жоғалтқан емес. Болашаққа жарқын көңілмен зор үмітпен қарайды. Соның айғағы Астанада ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру » орталықтарына барсаңыз көзіңіз қанып көңіліңіз марқайып шығасыз. Онда жас айырмашылығына қарамайды. Алды 80, арты 60 қа толған зейнеткерлер, өздерін қызықтандыратын істерімен қоса тіл игеру, интернетті меңгеру, домбыра, би, шахмат үйрену сияқты істерге құлшынуда. Йога, фитнес, теннис сияқты ойындарғада қызығушылар көп. Олар түрлі қалалық , Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленуде. Осындай жаңалықтарды жарқ еткізіп көрсетуге құштар баспасөздің, әсіресе «Астана Ақшамы» газетінің жазған мақалаларынан құлағдар болған басқа облыстың тұрғындары Астанаға іс тәжірибе алмасуға келе бастады.

врач.jpg

дөңгелек стол.jpg

Жуырда Ұлытау облысынан Жаңаарқа ауданы әкімі Қ.Қожықаевтың ұйымдастыруымен бір топ ардагерлер өкілдері келіп, Астана қаласының белсенді ардагерлерімен келелі кездесу өткізді. Есіл ауданына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында болып қызықты мағұлыматтар алды. Орталықтың атқарған істерімен танысты.Келген қонақтарды Достық 13 ғимаратында «Асыл мұра» ардагерлердің домбыра оркестрі салтанатты күймен шашу шашып қарсы алды. Дөңгелек стол кездесуін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есілов ашып жүргізіп отырды. Астана қаласы ардагерлеріне көрсетіліп отырған қамқорлықтар мен жеңілдіктер туралы баяндады. Астана қаласы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев орталықтың жұмысы туралы егжей – тегжейлі әңгімеледі. Мұнан соң Жаңаарқа ауданынан делегацияны бастап келген Жаңаарқа ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» Әбжанов Амангелді Махмұтұлы делегация құрамымен таныстырып өтті. Ақтаев Тұрсынбек – ардагерлер кеңесінің орынбасары, Қазақстанның күрестен спорт шебері.Ақышев Нұрлан – жауапты хатшы. Шайхин Жарұлла – мәдениет саласының қайраткері (90 жаста), әнші, актер. Қасенов Бейбіт Байбосынұлы – мәдениет саласының үздігі, кент орталығының ардагерлер ұйымының төрағасы.Исмаилов Сәлімбай – 85 жаста, белсенді ардагер, әнші.Байғұтов Қанат Санқанұлы – Талдыбұлақ ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы, әнші. Есенов Қорабай Әбікенұлы – ҚР қоғам қайраткері, алғаш қазақ әндерін гитарамен орындаушы.Сәдуақасов Жәнібек – Қарағаш ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы.Жүкманов Сенбай – М.Жұмажанов ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы.Оразбаев Қорғанбек – ДЕПО мекемесінің ардагерлер ұйымының төрағасы.Таласбаев Рамазан – жол дистанциясы мекемесінің ардагерлер ұйымының төрағасы ҚР «Құрметті теміржолшы». Садуақасов Сағат – құрылысшы, Астана қаласының құрылысына қатысқан 2002-2008. Ақмурзин Әбілхакім Ақмағанбетүлы -Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері «Қүрмет орденінің» иегері. Денсаулық саласының үздігі Талғар және Бурабай, Жаңаарқа аудандарының «Қүрметты азаматы».

шар.jpg

көрініс.jpg

Ардагер 90.jpg

Дөңгелек столдың сәнімен әрін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» алғашқы қазақ әндерін гитарамен орындаушы Қорабай Есенов тамылжыған әнімен жандандырды. Әрине салт – дәстүрді берік ұстайтын Жаңаарқалықтар атағы жер жарған Гиннестің рекорттар кітабында жазылған Жаңаарқалық бренді саналатын қымызды ұсынып ауылдың дәмін татырды. Әрине қалалық ардагерлер кеңесі де өз тарапынан қонақтарға ескерткіш сыйлықтар табыстады.Аулдың алтауызын елордалық «Әдемі» ансамблінің мүшесі Алимбаев Ыбырайым «Дударай» әнімен бастады.

бәрі бірге.jpg

Одан әрі қаланың тарихи жерімен және жеті керемет саналатын орындарына саяхат жасалды. Бұл орайда бастаушы болған Бағдагүл қызымызға өз міндетін жауапкершілікпен атқарғанына ризашылық білдіреміз. «Келгенше қонақ, келген соң үй иесі ұялады» демекші қонақтарға арнайы қонақасы беріп дастархан жайған Астана қаласының Мәслихатының Төрағасы Ерлан Ермекұлы Каналимов жүрек жарды сөз арнап Жаңаарқалықтарға ашылғалы отырған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен бірге елең еткізген бір жаңалық Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қорабай Есеновтың шығармашылық кешін Астана қаласында өткізіп беретінін айтты. мешіт.jpg

мешіт3.jpg

Қорабай Есенов.jpg

Жаңаарқалықтар Ерлан Ермекұлының азаматтық мәрттігіне риза болып, қуана қол соқты. Дастархан басындағы бас қосудың тізгінін ұстаған Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияның директоры Ерлан Дәкенов, Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ драма театрының музыкалық жетекші - режиссері Амантай Жұмашев бастаған майталман әншілер ән салып көңіл көк жиегін көркемдеп отырды. Бұл жерде де Қорабай Есенов ретро - хит әндерін айтып, оған Нұра ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмағанбет Айыпов гитарамен қосылып ән шырқағанда ұмытылмастай керемет сәт болды. Ал жасы 90 ға келген мәдениет саласының қайраткері Жаролла Шайхин терме, одан асыра «Қыз жібек» операсынан Шегенің ариясын әуелете шырқағанда біздің ардагерлерге кәріліктің ауылы алыс қалған секілді көрінді. Иә, өмірге құштар өнерді серік еткен, ата – бабаларымыздан қалған салт – дәстүрді жаңғыртып келе жатқан қазыналы қарттарымызға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Ол ұрпақ парызы. Ұрпақ парызын ұмытпай, жақсыларымызды ұлықтай білсек ұлы даланың иесі екенімізді айғақтай түсеміз.
Даламның иісі бұрқырап қарттарым аман жүрсінші!

****Қарлығаш Құспанова ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қалалық ардегерлер Кеңесінің медиатобының!