ЖАСТАР-ТӘУЕЛСІЗДІК!
Тәуелсіз елдің ертеңі – Талантты жастар» атты көрме
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің символы Рәміздер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Астана Жоғары Политехникалық колледжінің студенттерінің «Тәуелсіз елдің ертеңі – талантты жастар» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде Астана Жоғары Политехникалық колледжінің балаларының туындылары көрсетілген. Көрмеде жас суретшілердің 70 астам жұмыстары көрсетілген. Қазқатар тіркелген бұл өнер туындылары өзіндік ерекшелігімен көздің жауын алады. Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз! Биылғы, 2021 жыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуда. Біз Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан жас мемлекет болып саналғанымызбен, тарихы тереңде жатқаны мәлім. Бүгінде халқымыз тыныш бейбіт өмір сүріп отырғаны халықты қуантады. Қазақстандықтардың өзара татулық пен келісімде, толеранттылық жағдайында болуы келешек ұрпақ үшін үлкен бақыт. Көрменің құрметті қонақтары Астана Жоғарғы Политехникалық колледжінің Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Досман Сания, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, суретші, кескіндемеші Төлеуғазы Баяндыұлы Байғалиев, Байқоңыр, Есіл аудандарының ардагерлер Кеңесінің төрағалары Бапишев Кенжеболат Сапарович пен Атығаева Рысты Тұрғымбайқызы болды.
«Тәуелсіз елдің ертеңі – талантты жастар» атты көрменің салтанатты ашылуы**
Қалалық ардагерлер Кеңесі