ЖЕҢІСТІҢ ҚҰРДАСТАРЫ!
ЖЕҢІСТІҢ ҚҰРДАСТАРЫ!
Бүгін қаңтардың алғашқы күндерінде туған Астана қаласының ардагерлер кеңесінің медиатоп мүшесі, радио, телевидение саласының ардагері, баспасөз саласының үздігі, Жоғарғы категориялы диктор, ССРО және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы «Мәдениет және өнер саласының үздігі», Құспан Қарлығаш Бакенқызын мерейлі жасымен құттықтаймыз!
Өрге өрлейтін өмір, ал оны өлшейтін уақыт!
Мағыналы ғұмырының биік бір белесі, адамның өмір жолының асқар биігі - 80-нің шыңына алып жетті. Осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Өміріңіздің әр сәтін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамыту жолына бағыттап, өнегелі еңбек етіп, нәтижелі істер атқардыңыз. Ел ордасының ардагерлер қозғалысының дамуына, өскелең ұрпаққа мол тәжірибе мен тәлімгерлік таныту жолында үлкен із қалдырып келесіз. Әрдайым абыройыңыз асқақ, игі істеріңіздің оңға басуына тілектеспіз.
Сексеннің асуынан асып, тоқсанға аяқ басқан шағыңызда бойыңыздан қуат, жүрегіңізде жылу, зор денсаулық, жақындарыңыздың амандығы мен ынтымағын тілейміз! Темірказыктай калпыңыздан таймай, аялап өсірген ұрпағыңызбен, ұл-қыздарыңызбен, немере-шөберелеріңізбен өмірдің қызығын көруге ұзағынан жазсын.
Белесті жасыңыз жақсылығымен келсін!
**Астана қаласының ардагерлер кеңесі!**