Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

**Жұмажан Байжуминнің «ТЮРКИ.Происхождение и историческая миссия»

Жұмажан Байжуминнің «ТЮРКИ.Происхождение и историческая миссия»
атты бес томдық кітабының тұсаукесері

2025 жылдың маусым айының 20 күні «Туран-Астана» университетінің профессор Орақ Әлиев атындағы Эпистемология зерттеу орталығының «Метаэпистема» Теориялық Методология Семинарында (ТМС) Жұмажан Байжұминнің «ТҮРІКІЛЕР. Шығу тегі және тарихи миссиясы» деген орыс тілінлде жазылған (Жумажан Байжумин «ТЮРКИ. Происхождение и историческая миссия», Алматы. - 20025) бес томдық кітабының тұсаукесері өтті. Семинарға «Туран-Астана» университетінің ғылыми-педагогикалық құрамы мен қызығушылық танытқан Астана қаласының көптеген ғалымдары мен білімпаз жастары қатысты. тюрки.jpg Автор - Жұмажан Габдушакирович Байжұмин Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетін бітіп, оқытушылық және ғылыми салада еңбек жолын бастаған. Кейін, 90-жылдары, «Номад» тарихи-этнографлық орталығының директоры болып, Түркітілдес және Шығыс елдері кәсіпкерлер қауымдастығының орындаушы директоры қызметін атқарған. Соңғы уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, сонымен бірге Еуразия кеңістігінің дамуында көшпенділердің (номадтардың ) рөліне арналған тәуелсіз ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүр. Өз сөзінде ол түркітану мәселелерімен айналысу себептері мен өзінің бес томдық еңбекті қалай жазғаны туралы әңгімеледі. Автор дүниежүзілік түркітанудың көптеген даулы мәселелеріне байланысты жеке өзінің альтернативті (балама) көзқарасымен бөлісті. автор.jpg Жұмажан Байжұмин: «Әлемдік тарихи ғылым қазіргі уақытта бүкіл қоғамдық дамудың негізгі заңдылықтарын қайта ой елегінен өткізу кезеңінде тұр. Тарихи үдерістердің өз табиғатына түбегейлі жаңа, негізді әдістер әзірленген сайын, ғылыми тұрғыдан ескірген және дәлелсіз, бұрыннан бар жалған теориялар мен гипотетикалық қиялдарға негізделген архаикалық тұжырымдар мен қиял-ғажайып аңыздар соңғы кездері шешуші түрде ығыстырылуда»,- деген негізгі ой-тұжырымын айтты. Жұмажан Байжұмин: «Біз мектепте, жоғары оқу орнында оқытылған тарихи оқиғалардың дамуы туралы бекітілген ұғымдарға күмәнданамыз ба? Бастапқы болжамдар өтірік болуы мүмкін деген ойды қабылдаймыз ба? Тарихта болған барлық мемлекеттер-малшылардың жаңа егіншілік қоғамдарын бағындыру нәтижесі болуы мүикін бе?», - деген көпшілікті толғандырған сұрақтарға іздеген жауаптарды өзінің «ТҮРІКІЛЕР. Шығу тегі және тарихи миссиясы» атты бес томдық кітапта жауап беруге тырысқанын айтты. Семинардың қатысушылары пікірталас барысында Әлиев Орақ Жолмырзаевич - Эпистемология зерттеу орталығының «Метаэпистема» ТМС төрағасы,э.ғ.д.,профессор; Нагуманов Қайырбек Сартаевич - тех.ғ.к.,ғылымтанушы, ерікті зерттеуші; Смоилов Самат Жұмағалиевич - «Тұран-Астана» университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры, PhD докторы; Тасболатов Абай Бөлекбаевич – тарих ғылымдары докторы, генерал-майор, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, мемлекет және қоғам қайраткері; Сақпанов Егізбай Шаттыкович – тех. ғ.к., профессор, «Тұран-Астана»университетінің «Сандық педагогика және жасанды интеллект» лабораториясының жетекшісі; Серік Ерғали - қоғам қайраткері, көсемсөзші, журналист, мәдениеттанушы, этнограф және тағы басқалар көптеген қызықты, кейде автор үшін өте қиын сұрақтар да қойып, оларға қанағаттанарлық жауаптар алды. Қазіргі әлемдік тарихнамада еуроцентристік көзқарас басым болып отырғаны баршаға мәлім жәйт. Ал оның өзі көшпенділер тарихын екінші қатардағы, маргиналды құбылыс ретінде көрсетіп келді. Бестомдық авторы бүгінде бізде адамзат өркениетінің дамуына көшпенділердің қосқан үлесін көрсететін сан алуан тарихи деректердің барлығын нақты дәләлдер арқылы айтып берді. Әсіресе қоғам эволюциясы көбіне-көп мал шаруашылығынан егіншілікке өткен көшпелілер арқылы жүзеге асқанын көрсетеді деді. Бұл пікірді ол өз еңбектерінде теориялық тереңдігімен және тарихи ауқымымен ерекшелен ғалым Жұмажан Байжұмин сенімді түрде дәлелдегенініне ғылыми семинардың қатысушы, тыңдаушы қауымы толық келісті. Ғылыми шараға қатысушылар: «Жаңа еңбегінде автор қазіргі қоғамтану мен таптық құрылым мәселелеріндегі үстемдік етіп келген тұжырымдардың қате екенін нақты көрсетеді және мүлде жаңа теориялық деңгейде XIX–XX ғасырлардағы Батыс тарихи мектебі ұсынған «жаулап алу теориясына» негізделген мемлекеттіліктің пайда болу тұжырымдамасын жоққа шығарады. Автордың тарихи материалдарды философиялық және теориялық тұрғыдан талдауы оның көзқарасының дұрыстығын дәлелдейді», - деген ой түйді. вместе.jpg Эпистемология зерттеу орталығының «Метаэпистема» ТМС мүшелері, сонымен қатар, бұл зерттеудің нәтижелері түркі көшпенділерінің Еуразиядағы әлемдік даму жолындағы ерекше тарихи миссиясын ашқанын, оның үстіне, палеолит дәуірінен басталатын бұл зерттеуде түркілердің этникалық тарихының негізгі қырлары жүйелі түрде сипатталғандықтан, аталған жарияланым ғылыми және қоғамдық тұрғыдан аса маңызды деген қорытынды жасады. Сондықтан, Жұмажан Байжұминнің бұл бірегей, ерекше (уникальный) еңбегі халқымыздың, оның ішінде,жастардың,туған жеріміздің тарихын толығырақ игеріп,мақтан тұтып, патриоттық сезімдерін өсіруге ықпалы зор болады деп сенеміз.

Күлзира Искакова ЕҰУ Ардагерлер кеңесі төрағасы, Астана қаласы және Алматы ауданы Ардагерлер кеңестері Президиум мүшесі, филос.ғ.к., профессор. «Туран-Астана» университетінің профессор Орақ Әлиев атындағы Эпистемология зерттеу орталығының мүшесі