Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

1-қазан Халықаралық қарттар Күні

МЕЙІРІМДІ ДЕ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Дүние жүзінде Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мейірімді де жарқын мерекеде біз абзал аталарымызды, ақ жаулықты әжелерімізді, ата-аналарымызды ерекше қолдап, сый-сыйапат жасайтын күн. Аталған мереке дүние жүзін жайлаған қауіпті індетке байланысты егде адамдардың тұрмыстық жағдайларын қолдауға, олардың денсаулығына назар аударуға шақырады. Қарттар күні – тек қана алдыңғы ұрпаққа ғана маңызды емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да ой салары сөзсіз, себебі әрбір қартқа қолдау көрсетіп, жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өткізуге жетелейтін мереке. Жасының егде тартуына, денсаулығының сыр беруіне байланысты қарттардың көптеген шешілмеген мәселелері туындайтыны белгілі, сондықтан оларға қолдау көрсету туған-туыстары мен қоғамның міндеті. Өткен жылдары Нұр-Сұлтан қаласында Қарттар күні кең ауқымда өткізілетін болатын. Коронавирус пандемиясы жайлаған шақта көптеген іс-шараларды өткізуде елеулі өзгерістер орын алуда. Олар санитарлық нормаларды сақтау негізінде шағын топтардың қатысуымен өткізілуде, ал түйінді мәселелер онлайн негізінде шешілуде. Қалалық ардагерлер Кеңесі өкілетті, атқарушы органдарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдарының өкілдерін, еріктілерді, қоғамдық ұйымдарды Қарттар мерекесі қарсаңында және сол күндері егде жастағы азаматтарға, әсіресе мүгедек ардагерлерге, жеке тұратын зейнеткерлерге, аз қамтылған қарттарға арнайы көңіл бөлуге шақырады. Оларға материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге және басқа да қолдау көрсетуге шақырамыз. Құрметті еңбек ұжымдарының басшылары, бизнес құрылымдарының өкілдері, сіздерді бүкіл өмірі мен өмір және еңбек жолдарын біздің сүйікті қаламыз бен өнеркәсіптердің өсіп-өркендеуі мен көркейуіне қомақты үлес қосқан ардагерлерге қолдау көрсетуге шақырамыз. Себебі олар Қазақстаннның жаңа астанасының іргетасын қалауға ат салысып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қолдап отырған тұрғындардың белсенді бөлігі. Біз сіздерден аға буын өкілдерін материалдық жағынан қолдауға, оларға тауарлар мен қызмет көрсету бағаларына жеңілдік жасауға немесе тегін қызмет көрсету жолдарын қарастыруға шақырамыз. Әсіресе әлеуметтік – тұрмыстық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмек етсеңіздер екен. Бірде-бір ардагер жалғыздық көрмесін. Құрметті аға буын өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, сіздерге батырлықтарыңыз, адал да ерен еңбектеріңіз үшін, жастарға жасаған қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерді мейірімді де жарқын мерекемен құттықтаймыз. Егде жасыңыз қиындық тудырмасын, денсаулықтарыңыз сыр бермесін, ұрпақтарыңыз мақтан тұтсын. Сіздермен бірге ғұмыр кешуге жазсын. Сіздерге бақытты да баянды өмір, шаңырақтарыңызға құт-береке, туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың ыстық ықыласы мен жүрек жылуына бөлене беріңіздер.

                              **Нұр-Сұлтан қаласының 
                                 ардагерлер Кеңесі**             

отк (1).jpg

               **ДОБРЫЙ И СВЕТЛЫЙ ПРАЗДНИК**

Международный день пожилых людей отмечается ежегодно 1 октября во всем мире. Это добрый и светлый праздник, в который мы окружаем особым вниманием наших бабушек, дедушек и родителей,. Этот праздник особенно важен сегодня, так как он позволяет привлечь внимание к многочисленным проблемам пожилых людей, существующих в современном обществе, особенно в условиях пандемии коронавируса. День пожилых людей - это важное и значимое событие не только для представителей старшего поколения, но и для каждого гражданина. Это – повод проявить реальную заботу, оказать конкретную помощь пожилым людям, окружить их вниманием и любовью. В силу возраста и состояния здоровья у пожилых людей немало трудностей, все они нуждаются в чутком, добром отношении, заботе родных и близких людей, внимании со стороны общества. Ежегодно в городе Нур-Султан широко отмечался День пожилых людей. В этом году в связи с пандемией коронавируса формат многих мероприятий пришлось менять. Они проводятся с участием небольшого количества людей, часто вопросы рассматриваются в условиях онлайн, некоторые с посещением на дому пожилых людей с соблюдением дистанционного режима и других санитарных предупредительных мер. Городской Совет ветеранов обращается к исполнительным, представительным органам, работодателям, представителям бизнес структур, волонтерам, общественным организациям накануне и в дни празднования усилить внимание малообеспеченным пожилым гражданам, одиноким пенсионерам и инвалидам пожилого возраста, а также другим социально уязвимым слоям представителей старшего поколения. При этом призываем вас оказать им материальную помощь, решить социально-бытовые вопросы и организовать другие виды поддержки. Уважаемые руководители организаций, представители бизнеса, просим вас проявить милосердие к ветеранам, посвятившим всю свою жизнь развитию и процветанию нашего любимого города и предприятия. Это они участвовали в закладке фундамента новой столицы независимого Казахстана, это они являются активной частью населения, это они поддерживают мир и согласие в обществе. Мы призываем вас конкретным делом поддержать представителей старшего поколения: обеспечить льготные скидки на услуги и товары, рассмотреть возможность льготного или бесплатного обслуживания. Постарайтесь предусмотреть именно ту помощь, которая особенно необходима — бытовую, социальную, медицинскую. Пусть никто из ветеранов не останется без внимания Уважаемые представители старшего поколения, ветераны войны и труда, благодарим вас за героизм, честный и добросовестный труд, любовь и заботу о молодом поколении.
Поздравляем вас с добрым и светлым праздником! Пусть возраст не будет вам в тягость, здоровье не подводит, дети радуют, внуки восхищают. Мы благодарны вам за то, что вы есть рядом с нами. Желаем вам счастья, благополучия, здоровья, неугасающего интереса к жизни, душевного спокойствия, тепла сердец и любви близких вам людей. Пусть жизнь приносит исключительно светлые и радостные дни.

                                 Совет ветеранов
                                 города Нур-Султан