100 жылдық мерейтойымен құттықтау
Нұр-Сұлтан қаласының және Есіл аудандық ардагерлер кеңестері Қанша Шаймерденованы 100 жылдық тойымен шын жүректен құттықтайды.
1919 жылы Қостанай облысында дүниеге келіп, 1928 жылы әкесі, ағалары репрессияға ілігіп, дүние мүлкі тәркіленіп, Сібірге айдалып кеткеннен кейін, кішкентайынан өмір тауқыметін көп көрген қария 10 бала туып, тәрбиелеп өсіріп, бұл күні балаларының, немере шөберелерінің ортасында солардың тілеуін тілеп отырған абзал жан.
Сізге денсаулық, жанұяңызға амандық тілейміз. Өсіп келе жатқан ұрпақтарыңыз Сізді жақсы істерімен, тәтті қылықтарымен қуанта берсін.
Ізгі тілекпен Қалалық және Есіл аудандық ардагерлер кеңесі