**25 қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі!**
25 қазан Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі!
Еліміздің ең ұлық мерекесі Республика күніне орай көптеген Қазақстандықтар Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында біздің ардагерлеріміз де бар. Біз оларды мақтан етеміз. «Ұрпақтар сабақтастығын» жалғастырып, жастар тәрбиесіне белсене араласып, ұлттық құндылықтарды сақтауда үлгі өнеге болып жүрген аға буын өкілдерінің еңбегі қандай марапатқа болсын лайықты.

Уляш Аймағанбетқызы Құсайынова «Сарыарқа» ауданының ардагерлер ұйымын 10 жылдан астам басқарып келе жатқан іскер адам. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап елу жеті жыл бойы идеология саласында риясыз қызмет атқарып келеді. ҚР «Білім саласының үздігі», қалалық ардагерлер кеңесінің Пленум және Төралқа мүшесі, Қазақстан Республикасы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төс белгісінің иегері. Республика күніне орай мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, қалалық ардагерлер кеңесінің Пленум мүшесі, Алматы ауданы ардагерлер ұйымының Төралқа мүшесі, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ «Құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Күлзира Ыдырысқызы Ысқақова 2025 жылдың 21 қазанындағы Президенттің Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды. Елу жылдан астам еңбек өтілінің 160-қа жуық ғылыми еңбектер, оның ішінде екі оқулық, үш оқу-әдістемелік құрал, «Отанды қорғау мен қастерлеум: тарих және тағылым...», «Есіл өңірі: тарих және тағылым», «Бауыржан Момышұлы». Ғылымға қосқан үлесі үшін 2012 жылы Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің» Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының Академигі атағы берілді. Күлзира Ыдырысқызы ардагерлер ұйымдарының қызметінде, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беруде үнемі белсенділік танытып келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілері: «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстанның ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Білім берудің құрметті қызметкері» жоғарғы мәртебелі атақтардың иегері.Ұлағатты ұстаз!

Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ оқытушысы, профессоры Майдан Көмекұлы Құсайыновқа 2025 жылдың 21 қазанында ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Құрмет» орденін Астана қаласы әкімі тапсырды. Марапат иегері атанған Майдан Көмекұлы елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол 1941-1945 жылдарғы екінші дүниежүзілік соғысында хабарсыз кеткендерді іздеп бүгінгі күнге 3224 жауынгердің мүрдесін табуда көзсіз ерлік жасаған. Соғыс құрбандары жерленген бауырластар зиратын, қорымдарды қазып қаншама белгісіз болған жауынгерлердің сүйегін тауып, оның туыстарын іздестіріп оларды туған жерлеріне қайта жерлеуге үлкен еңбек жасаған адам.

1978 жылдан бері іздеу «Мемориалдық аймақ»-«Мемориальная зона» экспедициясының командирі болып теңдесі жоқ патриоттық істер атқаруда. Ол жұмыс бүгін де жалғасуда, биыл 47-ші экспедиция жұмыс атқарды. Мамандығы құрылысшы-архитектор болса да қоғамдық негізде өте пайдалы істерінен таймай келеді. Астана қаласын салудағы еңбегі бір төбе. Тұрғын үйлер, көпірлер, обьектілер салуға атсалысқанын бүреу білсе бүреу білмейді. Қажырлы ардагер жасы сексеннен асса да қатардан қалмай жас сарбаздар дайындауда да белсенділік танытуда. Жаратылысынан отансүйгіштік, патриот, ел үшін қандай іс атқаруға әрқашан дайын тұратын Майдан Көмекұлын аңыз адам десе де болады.

Ақ халатты абзал адам деп аталатын дәрігерлердің де денсаулық сақшысы ретінде бағалауға әбден лайық.Астана қаласының №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Марат Қарсыбекұлы Абдуовты осындай абзал жандар қатарына жатқызуға болады.Ол денсаулық саласының үздігі, «Алтын дәрігер», «Бриллиант белгісі», «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері. Республика күніне орай «Құрмет» орденімен марапатталуы да адал еңбектің есесі деп ойлаймыз.


Астана қаласы ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Иргибаев Мұрат Спанқұлұлы Қазақстан Республикасы Сенатының «Құрметті Грамотасымен» марапатталды.
Қалалық ардагерлер кеңесінің атынан біз марапатталған барлық ардагерлерді шын жүректен құттықтаймыз және мақтан етеміз.
Еліміздің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болсын!
Қарлығаш Құспан
Астана қаласы ардагерлер
кеңесінің медиатоп мүшесі
2025 ж. 25 қазан