Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

5 МАУСЫМ-РЕФЕРЕНДУМ

КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ

Ж.А.Ж.jfif

Биылғы қаңтар оқиғасының соңы еліміздің басқарушылық жүйесіне көптеген жаңа өзгерістер, ал қоғамымызға тың серпілістер әкелді. Бұған іші қыз-қыз қайнаған жанартаудың отты құсығы сияқты халықтың мемлекеттік билікке деген наразылығы себеп болғаны сөзсіз. Міне, осы жағдайды дұрыс бағамдай алған бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы Жолдауында күшті Президент, ықпалды Парламент, атқарған істерінің нәтижелеріне есеп беретін Үкімет қағидаттарын басшылыққа алатын «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыратын мемлекет құру қажеттігін алға тартқан болатын. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін ең алдымен Конститутцияға енгізілетін өзгерістер халық талқысына салынатын референдум өткізу ұйғарымына табан тіреген еді. Бұл бірден-бір дұрыс шешім болды десек керек. Өйткені референдум, қалай айтсақ та, мағнасы жағынан маңыздылығы айрықша демократиялық институт. Бірақ біз оның салмағын да, маңызын да төмендетіп жібердік. Оны бағып, қадағалап отырған биліктен де жоғары халық барын қаперден шығардық. Мәселенің ашығына көшсек, еліміздің 30 жылдық тарихында жақсылықтармен қатар, жіберілген олқылықтар мен кемшін кеткен тұстар жетіп артылатындығына бүгінде көзіміз жетті. Соның ең бастысы мынада: 1993 жылы заң саласы білімінің мұқалмас тасын кемірген білгір ғалым – абыздармыз Сұлтан Сартаев, Салық Зиманов, осылармен деңгейлес Ата Заң жасауда әлемдік тәжірибенің қыры мен сырын терең меңгергендер ақыл-кеңестерімен, ой-тұжырымдарымен бөлісе 1993 жылы қабылданған ел Конститутциясын өмірге әкелді. Бұл көпшіліктің қолдауына, жүрек қалауына сай келді. Әттеген-айы, оның ғұмыры ұзаққа бармады. Арада екі жыл өтер-өтпесте 1995 жылы Президент Н.Назарбаевтың жеке-дара билігін күшейтуге ықпал ететін Конституция жазылды да, бүкілхалықтық талқылаумен қабылданып кетті. Бірақ онымен де тоқтап қалмай, осы Ата Заңға бұдан кейін де көптеген өзгерістер енгізілді, халықтық талқылауға да салынбады, Парламент арқылы қабылданды. Мұны бүгінде астарлы, құйтырқылы әрекеттердің сипаты десек те болады. Мемлекетіміздің қазіргі басшысы осының бәріне тежеу салатын жаңа демократиялық жариялылыққа қадам басып отыр. Конститутцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді саралаудан өткізетін топ құрылып, жұмыс істеуде. Расында бұл референдум үлкен өзгерістерге бастамашы болатын ендігі тарихи шешімдерімізге еліміздің әрбір азаматын қатыстыру билік пен қоғамның ортақтаса жұмыс істеуіне ашылатын даңғыл жол болмақ. Мысал ретінде айтсақ, бұрынғы сайлауларда мәслихаттардан бастап, Парламентке дейінгі депутаттыққа үміткерлер партиялық тізім арқылы сайланғандықтан, білігі мен білімі, қайраткерлігі кейбіреулерінен әлдеқайда жоғары азаматтар қалыс қалып келгені жасырын емес. Мұндай алалаушылық биліктің биік сатысындағыларға жалтақтап қараушы қолбала мәслихат пен Парламенттің түзілуіне алып келгені шындық. Енді Президентіміз осы білікті азаматтардың өз конститутциялық хақыларын пайдалана отырып, сайлауға түсуіне, бағдарламаларын халық алдына ұсынуына, тұжырымдарын көпке жария етуіне мүмкіндік жасап беріп отыр. Парламенттің 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық негізде жасақталады делінуі елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайын ілгері бастыратын үлкен серпіліс болары анық. Ендігі бір өзекте мәселе – жер және оның ресурстарына қатысты. Сондықтан Қонституцияның 33-бабына енгізілетін өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Соның негізінде жер, оның қазба байлықтары, су көздеріі, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі, тағы басқа табиғи ресурстары толығымен халықтың игілігіне айналады. Мұның әәлеуметтік әділдікті орнықтырудағы қоғамдық және саяси ахуалды жаңартуга себепкер болары сөзсіз. Өзімнің соңғы пайымым: Конституциялық реформаның негізінде биліктің заң шығаратын тармағында тың өзгерістер орын алады. Атап айтқанда, Президенттің өкілдігі қысқартылып, Парламенттің және оның палаталарының рөлі едуір күшейтіледі. Қысқасы, жер және жер қойнауы халықтың меншігіне айналады; «өлім жазасына» тиым салынады; Президент пен қазылар (судьялар), сайлау комиссиялары, күштік құрылымдар ешқандай партияға, қоғамдық бірлестіктерге мүше болмайды. Міне, осы жағдайларды айта келе, биылғы референдумга қатысуға 11 миллион 700 мыңнан астам қазақстандық қатысуы мүмкін деген статистикалық есепті ескеретін болсақ, Нұр-Сұлтан қаласы Ардагерлер кеңесінің тізіміндегі барша азаматтар мен азаматшалар да осы тың серпіліске өз қолдауларын білдіріп отыр. Және де осы Ардагерлер кеңесі медия тобының мүшесі ретінде барша елордалық азаматтарды еліміз тарихында алғаш рет әділетті түрде өтеді деген үміті басым бүкілхалықтық референдумға жұмыла қатысуға шақыра отырып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытуы ортақ парыз дегім келеді. Себебі көп болып кеңесіп пішкен тон келте болмайтыны белгілі.

                **Аманкелді ЖҰМАБЕК,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
            Нұр-Сұлтан қаласы Ардагерлер кеңесі
            медия тобының мүшесі**

Р-1.jpeg

Р-2.jpeg

Р-3.jpeg

Р-4.jpeg

 **ЗА СПРАВЕДЛИВЫЙ КАЗАХСТАН**

фото Е.С.С..jpg

Наступил особо важный период в новейшей истории Республики Казахстан. Как заявил в Обращении Глава государства Касым-Жомарт Токаев, поправки в Основной закон имеют для нашей страны судьбоносное значение. Изменения затронут треть статей Конституции. Основной закон получит совершенно новое измерение. Такие масштабные изменения должны быть вынесены на всенародное обсуждение. На предстоящем 5 июня 2022 года общенациональном референдуме должны активно проголосовать все казахстанцы. Особую надежду мы, представители старшего поколения, возлагаем на нашу молодежь. Новому поколению республики, людям с обостренным чувством справедливости, жить и созидать в третьем тысячелетии. Дорогие астанчане, столица должна стать примером активного участия в референдуме, поскольку здесь живут, трудятся, обучаются наиболее креативные, инициативные люди со здоровыми амбициями. Дерзай, пока молодой! Так хочется обратиться к нашей замечательной молодежи, у которой вся жизнь впереди. Мы, представители уходящей эпохи, тоже были молодыми, энергичными, патриотами страны. Все свои силы, знания, созидательный труд вложили в строительство Казахстана. Активисты ветеранского движения призывают принимающую от нас эстафету поколений – молодежь 21 века – всю свою энергию вкладывать в учебу, труд во благо Нового Казахстана. Ваше активное участие в общенациональном референдуме станет проявлением казахстанского патриотизма, ответственности за будущее Родины. Новый Казахстан – справедливый Казахстан, где идет общественная трансформация, переход от суперпрезидентской республики к президентской с влиятельным Парламентом. Вторая республика предполагает изменение модели государственного управления. Обновленный Казахстан переходит от автократии к демократии. Предстоит формирование новой политической культуры. Ключевые реформы сегодня, как видим, системно реализуются в жизнь. Политический курс направлен на улучшение благосостояния народа. И нам, гражданам Казахстана, нельзя оставаться сторонними наблюдателями. Сегодня активность и инициатива должны исходить от каждого казахстанца. Это веление времени и современных реалий. Конституционная реформа направлена на реализацию приоритета прав и свобод человека, укрепление демократического государства, где от активной гражданской позиции каждого казахстанца зависит дальнейшее развитие страны. На внеочередном съезде партии AMANAT определены задачи конституционной реформы по созданию прочного фундамента комплексной политической модернизации страны. Ключевые реформы проходят во всех сферах жизни. Разработаны и внедряются в жизнь молодежные программы по трудоустройству, обучению и переобучению молодых казахстанцев, создаются новые рабочие места, поддерживается бизнес.
Социальные приоритеты, поддержка всех слоев населения дают казахстанцам шанс и уверенность в завтрашнем дне. Проводимая работа коренным образом влияет на улучшение качества жизни каждого человека. На заре Независимости мы преодолели многие трудности, усердно работая, преумножая достояние республики. И сегодня прилагаем усилия для блага любимой Родины. Призываем вас, дорогие соотечественники, наша молодежь, принять самое активное участие в референдуме. И дальше вместе, всем миром, будем строить сильный, процветающий Новый Казахстан!

     **Сансызбай Есилов
      Председатель городского Совета ветеранов**   

Ғ.Б..jfif

Конституция халыққа қызмет жасау керек

Қазақстан демократиялық, зайырлы, хұқықтық және әлеуметтік мемлекет. Конститутцияда көрсетілгендей біздің ең қымбат қазынамыз – адам және адамның өмірі. Оның құқықтары мен бостандығы делінген. Сондықтан да Конституциядағы заң халыққа қызмет жасау керек. Әрі ол халықтың мүддесін қолдау қажет. Жаңа Қазақстанды құру кезеңінде Президентіміз халықтың көңілі толмайтын заңдағы кейбір пункттерді алып тастап, конституцияға өзгерістер енгізуді қолға алғаны құптарлық жай. Байқап отырсам бұған дейін басты заңға өзгеріс енгізгенде ешкім халықтың пікірін сұрамаған, тек Парламентте шешім шығарып өзгертіп отырды. Халықтың талап-тілектеріне қарап отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күні халықтың ой-пікірін, ұсынысын жерге қалдырмады. Осы орайда ол ҚХА сессиясында Қазақстан Республикасының Заңына қосатын өзгерістерді халықтың таңдауына беріп, референдум өткізуге ұсыныс жасады. Шын мәнісінде референдум өткізу бұл саяси жаңалық. Демократиялық елдердің барлығы референдумды, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешудің демократиялық жолы дейді. Қазақстанның осы дамыған мемлекеттер жұмыс жасау бұл қоғамымыздағы маңызды мәселе болмақ. Сондықтан Президентіміз бас болып отырған алдағы бұл референдум Қазақстанның маңызы зор саяси науқаны. Оған баршамыз қатысуымыз керек! Қазақстан бойынша жер-жер де, бүкіл қоғам өкілдері мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум аясында жалпыхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз деп өз ойларын, пікірлерін айтуда. Әрине еліміздегі бұл тарихи оқиғаға біз бүгінде белсенді ат салысуымыз керек. Неге десеңіз, бұл бүгінгі Қазақстанға ғана емес, болашағымыздың, келешек ұрпағымыздың Ата Заңына қосқан үлесі болмақ. Менің ерекше көңіл аударып отырған 6-шы баптағы 3-ші пункттегі Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар деп келеді де бұрынғы қолданыстағы Конститутцияда олар мемлекет меншігінде болады десе, қазіргі жаңа редакциясында, жаңағы аты аталған жер-су, барлық табиғи ресурстар- Халыққа тиесілі дейді. Және бұл пункт халық атынан меншік хұқығын мемлекет жүзеге асырады- деп көрсетілгені менің ойымнан шықты. Ал 43 бапқа екі қосымша ұсыныс енгізіпті. 1.Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру .кезеңінде саяси партияда болмауы тиіс десе, екіншісі Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары саяси мемлекеттік, Қазақстан қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылары лауазымдарын атқаруға болмайды дегені көңілге қонымды болды. Бұл дегеніңіз, Президенттің туыстары оның атын пайдаланып, қызмет бабында дұрыс жолда жүреді деген сөз. Ал 91 баптағы екінші қосымшадағы Елбасы және Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияның жаңа редакциясында толығымен алып тастағаны өте дұрыс болған. Осы бапқа байланысты кезінде көпшілік әлеуметтік желілерге наразылығын білдіріп, неше түрлі ойлар айтқан болатын. Міне осы жайды ескерген бұл да мемлекет басшысының халықпен бірге екенін дәлелдейді.Ата Заңға енгізілетін өзгерістің ішінде Конституциялық кеңестің орнына Конституциялық сот жұмыс істейтін болады деп көрсетілген. Соның ішінде заңнамамларға өзгертулер енгізілген. Соның бірі Қазақстан азаматының Конституциялық құқығы бұзылған жағдайда аталмыш Конституциялық сотқа жүгіне алады деген пункт бар. Бұл да бүкіл халықтың ойынан шығатын ұсыныс деп ойлаймын. Ия, Президентіміз Қасым-Жомарт өзі қолдаған - билік пен қоғам, халық пен мемлекет арасындағы байланыс жұмысы жүзеге асса, халық үніне құлақ асатын Жаңа Қазақстан құратынымызға сенім мол. Алдағы уақытта демократияландыру процесі халықтың пікірімен санасатын болады. Ал енді менің жеке бір қосатын ұсынысым бар. Бұны бүкіл қазақстандық азаматтар айтып жүр десем болады. Конституцияның 7 бабындағы – Мемлекеттік тіл- қазақ тілі деген жерде екінші пунктінде «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» - деген 2-ші пунктті мүлдем алып тастау керек. Кейінгі 30 жыл бойы, одан әрі 70 жыл ішінде өз тілімізді бұрмалағанымыз да жетер. Тілден айрылсақ, ұлтымыздан да айрыламыз. Қашанғы жалтақтаймыз? Жаңа Қазақстанда қазақ тілі нақты мемлекеттік тіл болу керек. Осы бапты түзетсек, ата-бабаларымыздың да, алаш азаматтарының да арманы орындалып, бізде таза қазақ болар едік. Пікірлеріңізді айт дегесін, ашық айтып жатырмыз. Жалпы тіл мен ұлттық мүддемізді сақтайтын тармақтар енгізілсін. Осылай болса, арманымыз жоқ. Референдумға бір кісідей қатысайық! Жасасын Жаңа Қазақстан!

        **Ғалия Балтабай
      «Құрмет» орденді журналист Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесі медиа тобы жетекшісінің орынбасары**