8-НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
**Қымбатты ханымдар!**
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді, және болып қалмақ. Бүгінгі мереке Сіздерге деген шынайы құрмет белгісі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін!
Қалалық ардагерлер
Кеңесінің Төрағасы С.С. Есілов
**Наши дорогие женщины!**
Пимите от имени ветеранов столицы самые искренние поздравления с прекрасным праздником — Международным женским днем 8 Марта! Глубоко символично, что главный женский день в году совпадает с первыми робкими шагами весны по нашей планете! В рядах пенсионеров города много замечательных женщин- активистов ветеранского движения, которые не считаясь с личным временем отдают себя общественной работе, ведут большую идейно-воспитательную работу в наших первичных и районных организациях ветеранов. В напряженном ритме современной жизни вы успеваете делать карьеру и воспитывать детей, заниматься общественной работой и вести семейные дела. От всей души желаю вам доброго здоровья, благополучия и праздничного настроения, внимания родных и близких! Будьте здоровы, счастливы и любимы!
Председатель городского
Совета ветеранов С.Есилов