Қабілетті менеджер
«… Балам сен ерекше мекемені басқаруға, онымен қоса қамқоршы болуға бара жатырсың. Ондағы тұрғындар өмірдің ауыр кезеңдері ашаршылық, қүғын-сүрген жылдары, соғыс сияқты қиын қыстау кезеңді бастарынан кешкендер. Онымен қоса отбасында жіберген қателіктері болған, жұбайлары мен балаларынан әртүрлі себептермен айырылғандар оларға басшы болудан гөрі, қамқоршы болуың керек. Соны ұмытпа…»- деп отырған жүз жасқа таяған Зұлқия әжейдің баласы Кенжеболаттың Астанаға қарттар мен мүгедектер үйін басқаруға барарда айтқан сөзі. Ұзақ жыл осы мекемеде қызмет атқарып жатқан еңбек ардагерлерімен әңгімелескенімде олар Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев іске кіріскен бетте тұрғындардың жағдайына баса көңіл бөлді. Әрбір әлеуметтік қызмет алушылармен жақын танысып, олардың мұң –мұқтаждарын саралай отырып, нақты шаралар белгілей бастады. Бұл кісілермен жеке жұмыс істеу үшін психолог қажетекенін байқап, республика көлемінде әлеуметтік салада жоқ қызметті кіргізді. Тұңғыш психолог осы мекемеде енгізіліп, содан кейін ғана осы типтес басқа мекемелерге де кіргізілді. Бұрын бұл мекемеде шарап ішіп айыпталып қалғандарды оқшауландыратын бөлме болыпты, оныда алып тастапты. Әлеуметтік қызметті жақсарту жағына көңіл аударып жүрген.Дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етуде жақсара бастапты. Бұрынғы басшылар тұрғындарды өздерінен алшақтау ұстаса, бұл кісі керісінше олармен жақындасып, өздерінің ойларын, ұсыныстарын ашық айтуға мүмкіншілік жасап отыратын көрінеді. Бұлда ана аманатын орындауға алған бағыты шығар.
Жұмысты ширата түсуге, тұрғындардың жағдайын бұданда әрі жақсартуға ғимараттың тарлығы, санитарлық- гигиеналық талаптарға сай келмей жүргендігі қиыншылық туғызып жүріпті. Сол кезде Елбасы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев қарттар үйін жаңа типтегі, табиғаты әсем, қала шетіне шығару туралы шешім қабылдайды. Осы шешімді қуана қарсы алған Кенжеболат Сапарұлы үйдің сапалы салынуына баса көңіл бөледі. Ол кісі қанша көңіл бөлседе, құрылысшылар бар жобамен және тез саламыз- деп көптеген кемшіліктер жіберіп алыпты. Біріншіден ғимарат сазды ойпаң жерге салынып, құрылыс аяқталғаннан кейін ірге тастары төмен отырып қалып, монша, кір жуатын үйдің және негізгі ғимараттың іштерін қайтадан бұзып жаңадан салуға тура келіпті. Лоджиға шығатын табалдырықтарды алғызып тастауға қажет болған, өйткені арбадағы мүгедектермен, өте қарт адамдардың лоджиға шығуына қиындықтар туғызған. Сол сияқты жаңа шатыр салғызу қажеттілігі туған. Міне, осылай істелген жұмысты тізбектей берсек, әлі де біраз жазуға болады. Биыл осы ғимаратқа қоныс аударғандарына он жыл болып қалыпты. Ғимараттың ішіде, сыртыда бүгін іске қосылғандай тап- таза жинақы. Онымен қоса тұрғын бөлмелерде де әлеуметтік қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Тұрғындардың алаңсыз өмір сүрулеріне медициналық қызмет жақсы жолға қойылған. Әр блокқа әлеуметтік қызметкерлер бекітілген. Мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы бар. Мүмкіншіліктеріне қарай спортпен айналысуға бағыттайтын жетекшілері қызмет атқарып жатқан көрінеді. Ал бұл салалардың толық қанды жұмыс жасауларына толық жағдай жасалған. Кенжеболат Сапарұлын бүгінгі тілде айтқанда қабілетті менеджер деуімізге болады. Бұл кісі осы қызметке келгенге дейін біраз қызметтерді атқарып ысылған азамат. 1980-ші жылдардың аяғында әбден жүдеген, педагогтар ұжымы нашар Жалғызқарағай (ол кезде Приозерный) орта мектебін басқарып, екі- үш жылда тәуір мектептердің қатарына қосыпты. Бұл қабілетін байқаған Жамбыл ұжымшарының коммунистері өздеріне жетекші етіп сайлап алыпты. Біраз уақыт өткеннен Ақкөл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне шақырылыпты. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бәріңіз білесіздер халықтың жағдайы күрт төмендеп, өздері күнделікті азық- түліктерін, керек заттарын қайдан алатындарын білмей абдырап қалды. Осы кезде Кенжеболат Сапарұлы серіктесі Валерий Николаевич Симчук екеуі Ақкөл ауданында бірінші болып «Аксна» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, халықты қажет тауарлармен қамтамасыз етіп тұрды. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткеннен кейін Астана қаласының әкімдігі бүгінгі қызметіне шақырыпты. Бұл қызметті абыроймен он төрт жылдан аса атқарып келеді. Осы еңбегін бағалаған жоғары жақтағылар «Әлеуметтік қызметтің үздігі» төсбелгісі, бірнеше грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттаған. Былтыр Елбасының Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды. Алпыстың қырқысына шығып отырған Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев осындай елін сүйген, халқына адал қызмет атқарып отырған сыйлы азамат.
Еркін Дәуешұлы, Қазақстан Журналистер Одағының
мүшесі. Астана қаласы