«Адал азамат» тұжырымдамасы талқыланды!
«Адал азамат» тұжырымдамасы талқыланды
Бүгінгі таңда Қазақстанның азаматтық қоғамы ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты институционалдық және Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын практикалық жүзеге асырудың маңызды кезеңіне қадам басты.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, әлеуметтік әділеттілікті орнату және экономикалық әлеуетті нығайту ісінде аға буынның өмірлік тәжірибесі мен интеллектуалдық әлеуеті мемлекеттік реформалардың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Осы тұрғыда ардагерлер қозғалысы қоғамдық сананы трансформациялауға және ел дамуындағы өзекті тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған өз стратегиясын ұсынады. Таяуда Республикалық БАҚ-та «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын қалыптастыру бағытын қолдауға арналған «Даналық формуласы» атты мақаласы жарық көрді.
Аға буын өздерінің басты рөлін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі стратегиялық бағытын қолдаудан көреді. Қоғам берік моральдық тірекке мұқтаж және дәл осы ардагерлер активі өскелең ұрпақты тәрбиелеу миссиясын өз мойнына алуға дайын. Бұл жұмыс негізі жеті іргелі бағыт бойынша құрылатын болады, олардың әрқайсысы қазіргі кезеңде ерекше өзекті, терең идеологиялық әсерге ие және сәтті жүзеге асырылған жағдайда елдің терең ойлайтын, әділ азаматының жаңаруы мен қайта өрлеуіне ықпал етеді. Бұл мәліметтерді жиналған жұртшылыққа Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин жеткізді. «Адал азамат» атты дөңгелек үстелді ұйымдастырып отырған Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі. Аталған кездесуге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның ардагер журналисі Ғалия Құсайынқызы Балтабай, Астана қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Спанқұлұлы Іргебаев, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» КММ директоры Серік Жолаушыұлы Қарабатыров, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі Президиум және «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы «Зияткерлер клубының» мүшелері қатысты.
Сонымен бірге Әбілғазы Құсайыновтың ауқымды мәселелерге байланысты мақалада айтылған «7 басым бағыт» негізін талқылауды дамыту үшін сөз Ғалия Құсайынқызына берілді.. Ғалия Құсайынқызы ең алдымен Қазақстан Мемлекетінің Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың – «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Адал табыс, Адал еңбек, Адал адам» қағидасына байланысты осы ұғымдардың адам бойында қатар жүретін ең жақсы қасиеттер екеніне тоқталды. Ең бастысы – әр ата-ана өз ұрпағын еңбекқор, адал, әділ, кішіпейіл, патриот етіп тәрбиелеуі керек. «Әділетті Қазақстанды» құру үшін тек саяси-экономикалық реформаны жасау жеткіліксіз, алдымен адамзат баласының ниетін өзгерту қажет. Осыған байланысты Республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың «Даналық формуласы» осы мәселені дөп басып, жалпымемлекеттік маңызы бар шешімдерді әзірлеуге тікелей араласу керектігін еске салады.
Бұдан біздің байқағанымыз – республика ардагерлері «Әділетті Қазақстан» құрудағы Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдай отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу миссиясын өз мойнына алуға дайын екеніндігі. Бұл жұмыс негізгі жеті бағыт бойынша құрылатын болды, олардың әрқайсысы қазіргі кезеңде ерекше өзекті, терең идеологиялық әсерге ие және сәтті жүзеге асырылған жағдайда елдің терең ойлайтын, әділ азаматының жаңаруы мен қайта өрлеуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Негізінде, «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Адал табыс, Адал еңбек, Адал адам» қағидатын нақтырақ айтсақ: жемқорлармен күресетін, адал адам тәрбиелейтін, Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі бекітетін – асыл құндылық.
Ардагерлер арасында өмір көрген, тәжірибесі мол, адал адамдар жеткілікті. Ардагерлеріміз өздерінің алған жақсы тәрбиесін жастарымыздың санасына жеткізуі керек және бұл біздің парызымыз! Қазіргі қоғамымызда болып жатқан әртүрлі келеңсіз жайлардан жастарды хабардар ете отырып, ұрпағымызды Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеуге үйде болсын, түзде болсын үйретіп отыруымыз керек.
Осы ойларды ортаға салған журналистің пікірі жиналған көпшілікке қатты ұнады. Бұдан соң ардагер Ғалия Құсайынқызы өзінің еңбек жолына тоқталды.
Ардагер журналист Ғалия Құсайынқызы зейнетке шықса да, өзі білетін, көзі көрген, араласқан тұлғалар туралы кітап жазып жүр. «Тұлғалар-ғажап жандар», «Тұлғалар – асыл жандар»,«Тұлғалар-жауһар жандар» атты кітаптары жарық көрген. Еңбекқор журналистің өзі туралы қысқа әңгімесі жиналған ардагерлерді шабыттандырды.
«Адал азамат» тұжырымдамасын талқылау кезегін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы «Зияткерлер» клубының мүшесі, журналист Тоғайбай Рысбек алды. «Зияткерлер» клубының және оның жетекшісі Тұрлыгүл Сүлейменованың атқарып жатқан іс-шараларына кеңінен тоқталды. Президенттің : «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Балаларды дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті» деген пікірін айта отырып, «Зияткерлер» клубының мүшелері білім беру ұйымдарында жиі болып, жастарға «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде кездесулер өткізуді алдағы уақытта тұрақты жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Мұнымен бірге сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырса деген тілек білдірді.
Бұдан соң сөйлеген Абай танушы, жазушы Қалибек Алтыбаев «Адал азамат» тұжырымдамасының «7 басым бағыт» бағдарламасы тіршілік тынысына сай келіп жатқанын, алынған тақырыптар барлық жағынан қамтылғанын сөзге арқау етті. Осыған орай ардагерлер алдағы уақытта белсенді еңбек етуге ат салысады деп сендірді.
Көп жылдар ұстаз болған Асатова Мадина баланың болашағы әрдайым оның тәрбиесіне байланысты екенін мысалдармен жеткізді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Алматы аудандық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі Күлзина Ыдырысқызы Ысқақова қашанда ардагерлердің білімі мен өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізуге назар аударып, көптеген дөңгелек үстелдер ұйымдастырылатынын, оған белгілі ғалымдармен бірге Алматы ауданы ардагерлері де белсене қатысатынын жасырмады.
Кездесу кезінде Марат Мұстафин «Адал азамат» атты іс-шараға қатысып, өз ойларымен бөліскен Ғалия Құсайынқызына жиналғандардың атынан алғыс айтты. Іс-шара соңында Наурыз айында қабылданған Конституциямыздың шешімімен 23-ші тамыз айында Жаңа Құрылтай сайлауы өтетіні ескертілді. Бұл Әділетті Қазақстан орнатудағы еліміздің , жастарымыздың болашаққа бақытты қадамы. Өз кезегінде, ардагерлер үшін осы жанды қарым-қатынас процесінде өскелең ұрпаққа көпғасырлық тәжірибені, даналықты және дәстүрлі рухани- адамгершілік бағдарларды мирас ету ардагерлердің парызы екені айтылды. «Адал азамат» тұжырымдамасының «7 басым бағыт» бағдарламасына арналған дөңгелек үстелде айтылған пікірлер жиналған қауымды шаттандырып, жақсы бір күш-қуат жинақтауға себеп болды.
Баянды ӘЛПИ, ҚР Жазушылар одағының мүшесі,
Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі медиатобының жетекшісі.