Адам жанының мүсіншісі
«Асылы, адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»,- Ғабит Мүсіреповтің осы аталы сөзі бүгінгі менің әңгімемдегі өзінің өнегелігімен және жақсы қасиеттерімен өз маңайындағыларына және болашағына сенімділік ұялата білетін білгір тұлға генерал-майор Марат Сералыұлы Нагумановқа тікелей ұатысты. Отанын қорғауды таңдаған үлкен жүректі, жаны жарқын адам Целиноград облысының «Гвардеец» аталған егін шарушылығы совхозынан әскерге шақырылған ол өмір жолын сарбаздан бастап генерал шеніне дейін жетті. Әсіресе комсомол мүшесі Марат Нагуманов өзінің азаматтық борышын атқаруға кетіп бара жатқан митингіде: «Гвардеец ауылынан армияға аттанған жігіттер нағыз гвардияшылар сияқты қызмет атқарады» — деген сөзі ауылдастарының есінде қалды. Оның жауынгерлік адал еңбегі туған еліміздің басшылығы және әскери қолбасшылығы еленіп, оған «Адал қызметі үшін» ордені берілген, бірақ Марат Сералыұлы өзінің сарбаз кезінде алған «За воинскую доблесть» медалін ерекше құрмет тұтады. Сол кездегі оның замандастарына тән қасиет — өз мақсаттарына жету үшін жеңіл жол іздемей тек өз еңбегімен жету болатын. Қолында әскери училищесінің қызыл дипломы бола тұра, Марат аға Рессейдің Новочеркасск қаласынан Қытай шекарасына қызмет етуге аттанады.
-Расында, мен қызмет атқаруға келген Жалаңашкөл аумағында тыныштық болған жоқ еді. 60-ыншы жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Қытай және Кеңестер одағының шекарасында Қиыр Шығыстағы, Орта Азияның учаскелеріндегі Жалаңашкөл және Даманск аралы аумағында қаруланған шекаралық шиеленістер болып тұрды. Бірақ, мен сол кездегі барлық құрдастарым сияқты әкелеріміз бен ағаларымыздың ерлігін дәріптеп өскендіктен болар, қауіптілікті ойламадым. Керісінше, біз қажетті жерде болмай қаламыз деп қорықтық. Қауіпті жерлердегі қызметті біз батылдық емес, борышымыз деп қабылдадық», -деп есіне алады Марат Сералыұлы.
Бәлкім отаншылдық – өз Отаныңды қорғауға деген талпыныс, елі үшін өз өмірің қию, сол кездегі замандастары капитан Бубенин, сержант Бабанский сияқты Кеңес Одағының Батырларындай ерлік жасауды мақсатеткен шығар.Олар бұл атақты мемлекеттік шекараны қорғау кезінде алған болатын.
Марат Сералыұлының айтуынша, Даманск аралын қытайлар «Чжаньбао», яғни «Асыл арал» деп атайтын көрінеді. Аралдың ұзындығы-1500, ені- 500 метр. Ол жылдары шекара белгісі тартылмаған көрші елдің азаматтары аң-құс, балық аулауға келіп жүретін.
-Әлі есімде,- дейді Марат ағамыз,- түнгі сағат 22-00 кезіңде аспан жерге түскендей жарқылдады, сол кездегі құпия қару «Градпен» атқылап қарсыластарға орасан шығын келтірді, жерді шөп шықпастай етіп, қара тасқа дейін күйдіріп жандырып жіберді. Кейінен екі мемлекет мәмілеге келіп, ел басшыларының келіссөздері арқылы кеңес-қытай шекарасы қайтадан қаралды. Сонымен бірге, біз жауыз дұшпанды жеңген, сұрапыл соғысты бастарынан өткерген, мақтанышымыз болған ата-әкелерімізді үлгі тұттық. Біздің сол әкелерімізге ұқсағымыз келді.
Генерал ағамыз өзі тәрбиелеген жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуде үлгі –өнеге көрсету маңызды деп есептейді. Ол үлгі-өнеге тұтуға лайықты тұлғалар мен батырлар қазақ халқынан көп шыққан. Сонын бірі Кеңестер Одағының батыры. Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Егеменді еліміздің алғашқы жылдарында қазақстандық жас әскерді басқарды. Ол кісі Ұлы Отан соғысының – Ұлы Жеңістің сарбазы болған соң біздің жас әскерді сол кезде сеніп тапсырды, ал нағыз генерал ретінде адалдықпен өзінің әскери парызын атқара білді. Марат Сералыұлы Сағадат Қожахметович Нұрмағамбетовтің өнегелі өмір жолын, ерлікке толы ғұмырын барлық мектептердің, университеттердің «Қазақстан тарихы» бағдарламасына енгізу қажет деп санайды. Марат Сералыұлының басты қасиеттері- парасаттылық, жігерлілік, еңбексүйгіштік, ержүректілік, батылдық, ең бастысы адамдарға деген айрықша әсер ететін ілтипаттылық. Меніңше, оның осы қасиеттері қарапайым тамаша адам ретінде тәрбиелік құрылымдарда жақсы атағын шығарғаны сөзсіз.
Оның қарамағында сәті түсіп қызметтес болған офицерлер бәрінен бұрын ол кісінің әдептілігі және бағынысындағы адамдарға әрдайым көмек көрсетуге ықыластылығын зор ілтипатпен естеріне алады. Ал, генерал М.Нагуманов өзінің лейтенант кезіндегі командирі Үшарал полкін басқарған гвардия подполковнигі Василий Иванович Чубаны ризашылықпен есіне алады. Жас офицердің сәбиі туғанда оның отбасын су көтерілмейтін бесінші қабаттағы пәтерінен неғұрлым ыңғайлы үшінші қабатқа ауыстырып бергізгені; жас лейтенантқа әйелі мен қызын перзентханадан үйіне алып келуге қызметтік көлігін бергені таңғалдырған ерекше оқиға болатын. «Өзімнің отбасымды әскери қалашықта командирдің машинасымен алып жүргенімді әлі де жастық сезіммен еске аламын», -дейді ардагер. Қазір жасым ұлғайған шақта түсінгенім, тағдырдың жазуымен, бұйрықтың күшімен сенің бағынысыңда болған адамдарға қатысты мейірімділік сабағы болғаны екенін. Содан кейін мен талай рет өзінің бағынысындағыларға ыждаһатпен қарауға үйреткен адамдарды жолықтырдым. Мысалы: Прибалтика әскери округінің әскери кеңес мүшесі, саяси-басқарма бастығы генерал-полковник И.С. Медников мен 1979 жылы қызмет атқарып жүргенде полк командирін қорғауды үйретті, әрқашанда офицерлерді сыйлауды, лейтенанттарды асығыстықпен жазаламауға, оның офицер болып қалыптасуына кем дегенде үш жыл уақыт кететіні туралы айтатын. «Комиссар, есіңде сақта, лейтенанттың болашағы бар, жақсы қарым-қатынас жасасаң, одан жақсы командир, қолбасшы, генерал шығуы мүмкін. Комиссар, адамдарды сақта», — дейтін ол.
Марат ағамыз 90-шы жылдардың басында Кеңес өкіметінің ыдырап, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, қиын да күрделі жағдайда мемлекеттілікті қалыптастырып, алғашқы Қарулы Күштерін құрыла бастады. Егеменді елдің әскерін ұйымдастырып басқару үшін, біздің әскерімізге мықты басқарушылық тәртіп қажет болды. Оны орындау үшін әскери мамандар керек болды, ағамыз өз жүрегінің қалауымен елге оралды.
Содан, 1992 жылдан бастап Қарулы Күштердің саласында тәрбие және құқықтық жұмыстармен айналасты.
-Сол кездерді ерекше сезіммен еске аламын және алғашқы Қарулы Күштердің құрылуына қатысқан тағдырыма шексіз ризамын,- дейді ағамыз.
Қарулы Күштерге келген күнен бастап Марат Сералыұлы өзінің іскерлігін және әскери саяси және тәрбие жұмысын ұйымдастыру қабілетінің жоғары екендігін таныта білді. Маңайына тек іскер офицерлер жиналды. Уақытпен қатар жүру, заман талаптарына сай болу үшін жұмысқа жанын салып, тәжірбиесі мен білімділігін көрсете білді. Әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсаруына атсалысты, қолынан келетін көмегін аяған жоқ. Сол кездегі бірегей және дарынды әскери қолбасшылармен бірге жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап мен үшін және Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы үшін өз Отанына адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды.
Бұны мен әрқашан есте сақтадым, жаңа лауазымға тағайындалғанда мен бағынысымдағы ұжымды сақтап қалуға тырыстым. Қазіргі заманда кейде кездесіп тұрады «лауазымдарға өз командасымен келу» деген сөзді мен аса түсінбеймін. Әскери адам командирлер мен бағынысындағыларды таңдауға тиісті емес, біз үшін команда — Қарулы Күштердің барлық жеке құрамы.
Оқытушылардан жақсы дайындық талап етіледі. Көбінде оларға балалармен ата-аналарына қарағанда көп уақыт қарым-қатынаста болуға тура келеді. Оларды оқытушылар неге және қалай, оларға қандай құндылықтардың маңызды екендігін анықтауға үйреткеніне байланысты оқушылардың бойына Отанына деген сүйіспеншілік сезімі сіңіріледі», — деп сенімділікпен айтады генерал. Оқытушылардың рөлінің қаншалықты маңызды екендігін М. Нагуманов – офицер- тәрбиеші жақсы біледі.Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан кейін ол өз Отанына қызмет етуге келді, Алматы жоғары жалпыәскери училищесі бастығы орынбасарының лауазымын атқаруға кірісті -қазіргі Құрлық әскерлерінің институты. Бірнеше офицерлер буынын тәрбиелей отырып, тәрбиешінің негізгі қасиеті тәрбиеленушімен жеке дара қатынас орнату деп тұжырымдайды.
Осыған қатысты әскери училищенің қурсантымен болған оқиға ол кісінің есінде. Кейбір субъективтік жағдайға байланысты рота командирі курсантқа Батыс Қазақстан облысына үйіне демалыс алып баруына рұқсат етпейді. Курсанттың әкесі орта мектептің директоры баласын оқуға шығарып салғанда, «сен мен үшін және менің оқушыларым үшін өнеге үлгі және мақтанышымыз боласың» деген екен. Курсанттың демалысқа келуін олар күтіп жүрген еді. Демалысқа бармау қауіпі төніп тұрды. Асығыспен жас жігіт оқуды тастауға және мүлдем тастап кетуге дайын болған еді. Бұл туралы жағдайды естіген соң Марат Сералыұлы жас жігітті демалысқа жіберуге бұйрық берді.
Генерал М.Нагуманов курсантқа туыстары мен достарына лайықты оқитынын және тапсырмаларды орындай алатындығын білдіру, оған сол сәтте ата-анасының сенімін ақтау және оның оқушыларының көңілдерін қалдырмау аса маңызды болғанын түсіндірді. Сол курсант осы күндері полковник шенінде, әскери-бригаданы басқарадыі.
Жеке дара қатынас, біреудің келелі мәселесін көре білу және оның тағдыры туралы дұрыс шешім қабылдау зор мәртебе. Атап айтқанда, генерал Марат Нагуманов тәрбие – отаншылдық дамудың маңызды құралы деп есептейді. Ғұлама ойшыл, философ Аристотель: «Егер де аяқ киім тігетін кебісші жаман жұмыс істесе, сол елдің бірнеше азаматары нашар аяқ киім киеді, егер де сол елдің тәрбиешісі жаман жұмыс істесе ол елдің бүкіл ұрпағы надан болады»,- деген. Сонымен қазіргі жастарымыз жаһандау дәуірінде мәдениеті, өнерлі білімді рухани байлығы жоғары болса, онда еліміз тез дамиды шешуші бағыты дұрыс және іргесі берік – еңсесі биік болады, — дейді генерал.
-Бүгін жастармен әскери-тәрбие жұмысы өз маңыздылығын өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше үлкен мағынаға ие болды –дейді тағы да Марат Нагуманов. Сондықтан біздің Қарулы Күштердің ардагерлер бірлестіктері орындайтын ең басты міндеттердің бірі ардагерлер қамқорлықпен байланысты болса, бұдан өскелең ұрпақ тәлім мен тәрбие алады. Қазақстандық отаншылдық рухы қалыптасады, өз Отаны алдындағы борышын сезіну және оның мүдделері мен қауіпсіздігін адалдықпен қорғау қажеттілігін бойына сіңіреді.
-Көп жылдардан бері, Қарулы Күштердің құрылғанынан бастап Елбасы-Жоғарғы қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев армияның дамуына зор көңіл бөліп келеді. Елбасы ғылымға, білім беруге, отансүйгіштікке және отансүйгіштік акт «Мәңгілік ел» тұғырын қалауға үнемі назар аударуда. аударды. Бұл міндетті орындау бәрінен бұрын өскелең жастарды тәрбиелейтін, көп дәрежеде, болашақта Отан қорғаушыларды даярлайтын бізге де, Қарулы Күштердің ардагерлеріне қатысты, — дейді Марат аға.
Біздің түсінігіміз бойынша, ең басты мақсат – Отаншылдыққа тәрбиелеу, кешенді бағдарлама әзірлеу және ендіру. Елбасы-Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мынадай тамаша сөзі бар: «Егер ел барар бағытын және қайда тоқтарын білмесе ешқандай жел оңынан соқпайды». Қарулы Күштердің басшылығы Марат Сералыұлы Нагумановтың әскери және өмірлік тәжірибесін ескере отырып, оны әскери-патриоттық тәрбие секторына жауап беретін Әскери техникалық мектеп директоры орынбасарының лауазымына 2013 жылы ұсынды.
Сөз соңында,, Марат Сералыұлы Нагумановты әрқашанда тапсырған жұмыстарға аса зор жауаптылықпен қарайтындығы ерекшелендіретінін тағы да дәлдеп айтқым келеді. Ол бүгінгі күні, өзінің 70 жасында ең күрделі істі мойнына алуға қабілетті және дайын екендігін, оларды белгіленген мерзімде өте тығыз уақытта да орындай алатындығын көрсетті. Марат Сералыұлы –энтузиаст адам, ұдайы өзінің білімін жетілдіріп отырады және оны бізбен және басқалармен өмірлік тәжірбиесімен шын көңілмен бөліседі. Оның сөйлеген сөздерін оқушылар мен студенттер, ардагерлер, оқытушылар, азаматтық және әскери ғалымдар да ризашылықпен, канағаттанарлық сезіммен қабылдайды. Оның Қазақстан Республикасының азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жасампаздық шығармашылыққа толы толыққанды күш қуаты әлі де толысқан шағында.
Жылдам алып тынысын,
Елден тауып ырысын,
Жалғыз өзі жасайды
Жүз адамның жұмысын! — деп тынымсыз тіршілікте, Абай айтқандай, ақырын жүріп, аңық басып арамызда жүре беріңіз. Енбегіңіз далаға кеткен жоқ.. Еңбекқорлығыңыз, талпынысыңыз, ізденімпаздығыңызбен жастарға күнделікті тәрбие беру ісінде абыройға бөлініп жүрсіз. Міне 50 жыл бойы адамның сыртқы кейпін ғана емес, ішкі толқынысын қапысыз бейнелейтін, өскелең ұрпаққа жоғарғы патриоттық сезіммен өз елінің мақтанышы болу Отан қорғаушылық пен мақсатында жұмыс істеп жатқан ардақты ағамыз,Сізді, адам жанының мүсіншісі дейміз. Әсіресе, құрметті генерал-майор Марат Сералыұлы Нагуманов, Сізді 2018 жылғы 7 мамырдағы «Отан Қорғаушы» күнінде 70 жасқа толған мерейлі белесіңізбен шын жүректен құттықтаймыз..
Марат ағамыздың жетекшілігімен Қарулы Күштерде тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша талай офицерлердің тұтас буыны шыңдалыпшықты. Олар өз әскери міндеттерімен Отанымызға қызмет етіп, ел рухананиятына зор үлес қосуда. Жетпістің асқарына шықса да бүгінде Қорғаныс министрлігінің Әскери техникалық мектеп бүгінде жұмыс көрсеткішін артыруда, басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, республикалық ауқымда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізуде. Оған 100 мыңнан астам жастар тартылды.
Иә, абзал ағадан үйренгеніміз көп. Жүрегінің тазалығы мен жастарға деген қамқор пейілі біз үшін мақтаныш. Бүкіл өмірі және еңбек жолы әскермен тығыз байланысты.
Генералдың бүгінгі шыққан биігі өскелең ұрпақ пен Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне үлгі-өнеге.
Қуаныш ТӨЛЕУБЕКОВ,
офицер-идеолог, полковник