Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

**Қалық Ардагерлер кеңесі «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейіне ұйымдастырған экскурсиясы**

Қалық Ардагерлер кеңесі «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейіне ұйымдастырған экскурсиясы

все в пещере.jpg

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есиловтың басшылығымен өткен аптада «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Ол кісінің тікелей басшылығымен туризм саласы мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп музейге жету үшін жәйлі автобус беріліп, қаланың барлық аудандарының ардагерлері тартылды. Нелля Викторовна.jpg

Экскурсияны ұйымдастыруға үлес қосқан Шиврина Нэлля Викторовна төрт сағат жол бойы Астананың тарихы, Астана-Бурабай елді мекендер туралы қызықты мәліметтер берді. «Ботай – Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейі – Ботай дәуірі қонысының туристік сәулеттік-мәдени ансамблі 2018 жылдың 7 шілдесінде ашылған екен. Кешеннің тұрғын қоныстары (барлығы 7 үй) бір-бірімен жер асты өткелдері арқылы өзара қосылған және әрқайсысы өзінше бірегей құрылыс.

женщина.jpg

Музей энеолит(тас-қола, қола ғасыры, б.э.д. төртінші-үшінші мыңжылдық) дәуірін сипаттайды Бөлмелерде балауыздан істелген фигураларлармен таныса алдық: тайпа көсемінің мүсіні, қолөнерші ер адамның бейнесі, қымыз дайындау үдерісімен айналысатын Ботай әйелінің бейнесі, рухани қасиетті тұрғын үйде шаман фигурасын көрдік.

холм.jpg

Музейде ағаш, тас өңдейтін, қыш ыдыстар қару-жарақтарды да тамашаладық. Музейдің экурсоведі Юлия Кузьменко (үш - қазақ, орыс, ағылшын тілде еркін сөйлетін ) Ботай мәдениетінің ерекшелігі мен маңызы – әлемде алғаш рет жылқы малы қолға үйретілгендігін және жылқы-дала өркениетінің ұлы жаңашылдықтары бастауы болғандынын дәлелі екендігн: жылқы мал шаруашылығының жаңа түрі- көшпенді мал шаруашылығына бастау бергендігін: сонымен бірге, айырбас, сауда-саттыққа жол ашқанын айтып берді. Ботай мәдениетін зерттеген, жылқыны алғаш қазақ жерінде қолға үйретілгендігі дәлелдеген ғалым Виктор Федорович Зайберт туралы да мәлімет берді. Ол: «Виктор Федорович Зайберт – Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының тумасы. Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы тас ғасырының ескерткіштерін зерттеу саласының маманы, тарих ғылымдарының докторы, архология профессоры. Германия архологиялық институтының корреспондент мүшесі, бірнеше ғылыми жаңалықтар мен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы жайындағы 100-ден астам кітаптың авторы. Ол Ботайлықтардың үйлері жер бетінен 1,5 метр тереңдікте болған. Төбесін жабуға ағашты пайдаланып, оны жылқы терісімен, балшықпен жапқан. Қыста үйлерді қар басқан кезде олар бір шұңқырдан далаға шыққан. Әр көшеде 10-15 үйден болған. Олардың барлығы жерасты жолдарымен жалғасып жатқан»,-деп мәлімдеді.

Тамаша танымдық экскурсиядан алған әсерден кейін біз келесі ойларға келдік. Ботай үйлері – уақыт өте келе қазақтың киіз үйлеріне айналған ерекше сәулет стилі. Ол формасы киіз үйге ұқсайтын, үстіне күмбездер тұрғызылған, тереңдігі бір метр етіп қазылған баспаналар. Семантика туралы айтатын болсақ, Ботай баспаналары әлемнің құрылымын көрсетіп тұрғандай. Дөңгелек формасы – жерді, шар тәріздес жабыны – ғаламды, тұрғын үйдің ортасындағы ошақ пен от күнді бейнелейді. «БОТАЙ-БУРАБАЙ» ашық аспан астындағы музей біздің ата-бабаларымыздың әлемдік мәдени қазынаға қосқан тарихи үлесін баяндап, бізді мақтаныш пен қуанышқа бөледі.Сонытен бірге Кокшенің ерекше табиғаты жақсы көңіл-күй, демалыс сыйлады. Ардагерлер Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есиловқа зор алғысын білдірді.

Искакова Күлзира, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, филос.ғ.к., профессор