Ардагерлерден қамқорлықтарын аямайды
Бүгінгі пленум еліміздің тарихи маңызы зор оқиғаларға толы кезеңде өтті . Осы жақында ғана Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын атап өттік. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы егемендігімізден бастау алады. Ең бастысы – еліміздің береке бірлігі мықты және ынтымағы зор.
Мәңгілік Ел идеологиясы баянды болашаққа бастайтын ең мәртебелі жол. Алдымызда биік белестер тұр. Қазақстан халқының бағыты айқын, келешегі жарқын. Елдігіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Біздің істеп жатқанымыз ардагерлерді ардақтау, оларға қолдан келген көмегімізді көрсету. Сондықтан осы тұрғыдағы еңбектеріміз, әр қадамдарымыз сәтті болсын, зейнеткерлердің, барлық қариялардың тұрмыстарының жақсаруына өз үлесімізді қосамыз.
Есіл ауданының Ардагерлер кеңесінің жылдық жұмысы алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асады. Жоспар Президиум отырысында талқыланып, бекітіледі.
Біздің мемлекетіміздің жұмыстарының негізгі бағыты халқымыздың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту болғандықтан Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің де алған бағыты ардагерлердің тұрмысын жақсарту, ұлт арасындағы достықты, ынтымақты нығайту, тәртіпті күшейту, тарихи, мәдени құндылықтарды сақтау сияқты жұмыстарды өзіміздің негізгі бағытымыз деп санаймыз.
Кәзіргі уақытта Ардагерлер кеңесінің есебінде 14 мың зейнеткер, тұрады. Олардың ішінде 9 Отан соғысының ардагерлері, 304 тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасының 1, 13 ҰОС жесірлері, 445 көп балалы аналар — «Алтын» және «Күміс алқа» иегерлері. Одан басқа қамқорлықты қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлер де бізде есепте тұрады. Өткен жылы біздің қабылдауымызда 950 зейнеткер болып, 3 мың адам есепке алынды.
Ардагерлер кеңесінде 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді.Олар:
Ұйымдастыру-әдістемелік комиссия Әлеуметтік-тұрмыстық комиссия Жастар жұмысы, ұлтаралық қатынаста реттеу комиссия Заң, құқық жұмыстарын жүргізу комиссия Медицина, сауықтыру жұмыстарын жүргізу комиссия Мәдени шаралар – 100 астам,қатысушылар саны 5 мың зейнеткер. Ұлы Отан соғысының Жеңісі, Астана күні, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шахматтан турнир өткізілді. Дөңгелек үстелдер. Президиумның отырысы 5 рет. «Заречный», «Тельман», «Үркер» кенттеріне барып Жаңа зейнетақы реформасы туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 136 ардагерлерді газеттерге тегін жазылды. Аудан бойынша «Нұрсая», «Уют» ғимараттарында 2 шағын-орталық ашылды. Бос уақытта зейнеткерлер дойыбы, шахмат, домино ойнап, жаңалықтармен танысып,кездесулер ұйымдастырылды. Ардагерлер барлық мемлекеттік мерекелерге, салтанатты жиындарға барып, қатысады. Жыл бойы олар «Астана опера және балет театрына «, «Қазақстан» концерт залы, М.Горький, Қ.Қуанышбаев театрларында болды. Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудан әкімдігімен бірлесе отырып жоспар бойынша әртүрлі шаралар өткізілді, іс шараға 50 ден астам үйымдар қатысып, 1 мыңнан астам адам қамтылды 40 түрлі іс шаралар ұйымдастырылды.
ҰОС ардагерлері тұрақты түрде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектептер, колледждерде, университеттерге барып, өскелен ұрпақтың сапалы тәрбие алуларына үнемі қатысып, концерттеріне, «Ұлы Жеңіске мың тағзым», «Жеңіс әндері», және басқа да жиындарына қатысып өз үлестерін қосуда.
Жалғыз басты, мүгедектерге де тұрақты түрде ақшалай, азық-түлік сияқты көмектер көрсетіліп тұрады. Олардың көңіл-күйін көтеру үшін, «Жастар», «Астана-Опера және балет театры» сияқты мәдени кештерге, «Мариот Отель Астана», «Риксос», «Традициональ», «Портофино», «Багратион», «Жұмбақтас» тағыда басқа мейрамханалар 465 адам салтанатты асқа шақырылды .
Ғылыми-трансфуртология орталығы 2 адамға Бурабайда емделуге жолдама беріп , 28 зейнеткерге естелік сыйлықтар табыс етті.
Астана қаласы Жұмыспен қамту еңбек және әлеуметік қорғау басқармасы 106 млн. 832 мың теңге көлемінде көмегін көрсетті. Оның ішінде: әлеуметтік көмек 60млн., тістерін тегін емдеу үшін 11млн. 468 мың, отын алуға 2 млн.986 мың, пәтер ақысын төлеуге 3 млн.237 мың тенге ақша бөлінді.
Осы іс-шаралардың барлығы аудандық әкімдік, қалалық Ардагерлер кеңесі, Тұңғыш Президент қоры, «Нұр Отан» партиясы соның «Бірлік» филиалы, жұмыспен қамту еңбек және әлеуметік қорғау басқармасы және бизнес-құрлымдарымен тығыз байланыста жұмыс істегеннің арқасында іске асып жатыр. Осындай істелінген жұмыстар ақпарат құралдарында «Астана ақшамы», «Вечерняя астана», «Каз.Правда», «Караван», «Ардагер айнасы», «Зейнеткер», «Ветеран и общество». Қазақстан әйелдері жарияланып жатады.
Республикалық семинарда біздің жасап жатқан еңбектеріміз жоғары бағаланып, жұмыс тәжірибемізді Республика бойынша таратып, пайдалануға шешім қабылданды.
Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің Пленумда жасаған баяндамасында ардагерлер қатарының көбейгенін, олардың бірлігінің артып, жастарға патриоттық тәрбие беріп, қоғамымыздың тұрақтылығын нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Есіл аудандық Ардагерлер ұйымы өзінің жұмысын аудандық әкімдік, мәслихат, еңбекті қорғау т.б. мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатыр. ҰОС қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің материалдық, отбасылық жағдайлары тиісті жағдайда орындалып отыр.
Аудандық Ардагерлер кеңесі ауданның, қаланың басқа да ұйымдарымен, әсіресе, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде, жемқорлыққа қарсы, экстремизмнен аулақ болуға ерекше көңіл аударады.
Ардагерлер кеңесінің қатарына,белсенді азаматтарды тартып, олардың мүмкіндіктерін пайдаланып, басқа да істеген жұмыстарды ескере келіп.
Есіл аудандық Ардгерлер кеңесінің жұмысын «өте жақсы» деп бағаланды.
Есіл аудандық Ардагелер кеңесінің төрайымы Р.Т. Атығаева