Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҚАРИЯСЫ БАР ҮЙДІҢ-ҚАЗЫНАСЫ БАР!

«Қариясы бар үйдің-қазынасы бар»

Халқымыз ежелден осы киелі «Қариясы бар үйдің-қазынасы бар» деп ақсақалдар мен аға буын өкілдерін қадір тұтқан. Ақыл-кеңес сұрап, іс-тәжірибелерінен тәлім алып, бағыт-бағдар етіп ұстаған. Өмірден көрген түйгенікөп, аузы дуалы,сөзіуәлі,Абыз ақсақалдар қашан да ел бірлігін сақтауда, қоғамда маңызда рөл атқарады.

ЕСЕТ БАЙКЕН.jpg

Бүгінгі таңда да ардагерлер үлкен күш болып саналады.Астана қаласында бір миллион үш жүз мың тұрғын болса, соның жүз жиырма мыңы зейнеткерлер. Бұрынғы жылдары ардагерлер мен зейнеткерлердің өкпе-назы реніштері туындап,қоғамнан ескерусіз, сыр қалғандай болып арыз-шағым айтатып. Тіпті бас қосып, кездесетін орны да болмай рухани құлазып жүрді. Үлкен үйге кіре алмай, кіші үйге баталмай жасқаншақ күй кешкені рас үлкендердің талап тілегін ескерген Астана қалалық әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі ақылдаса отырып ,түйткілді мәселе шешіп берді. Астананың төрт ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашылып, ауқымды жұмыс атқарды. Әрине бұл улкен қамқорлық, қуанарлық жағдай, бірақ ардагерлердің әлеуметтік қордаланған мәселелері толықтай шешілді ме ? Оған қандай іс шаралар қарастырылып отыр ? Алда қандай жоспар бағдармалар бар? Осыған орай маусым айының 22-ші жұлдызында Есіл ауданының « Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында Қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен кезекті жиын болып өтті.Кездесу жиынға ардагер-зейнекерлер, қоғам белсенділері, түрлі салада еңбек еткен, күні бүгін патриоттық сенімдері жоғалмаған, сергек ойлы азаматтар қатысты.

ЕСІЛ 2.jpg

Күн тәртібіндегі: «Қазақстан Республикасындағы 2025 жылғы дейінгі белсенді, ұзақ өмір сүру» Аға буын өкілдерінің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- шара жоспары бойынша, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есілов Сансызбай Сейтжанұлы келелі ой тізіп, кіріспе сөз сөйледі. Жиынға арнайы шақырылған Астана қаласы әкімінің орынбасары Бәйкен Есет Берікұлы, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Скуб Илья Васильевич, Астана қаласының
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының КММ директоры Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы, Астана қалаласының Ішкі скаясат басқармасының басшысы Бабамұратов Дәурен Әбуталіпұлы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі сияқты, сала басшы мамандары қатысып, өздеріне тиісті сұрақтарға жауап берді. Сансызбай Сейтжанұлы, өз сөзінде Астана қаласында 120 мың ардагер- зейнеткерлер бар екенін айта келіп, оларға жасалып отырған көмек қамқорлықтарға тоқталды. Мәселен, қарттар күнінде жыл сайын зейнеткерлерге ақшадай бір реттік көмек беріледі. Олар қалалық көлікте тегін жүреді. Мұндай мүмкіндіктер басқа ешбір қалада қарастырылмағанын ескерсек, бұл үлкен көмек екенін, түсінуге тиіспіз. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы Астана қаласының төрт ауданында ашылды.

ЕСІЛ 4.jpg

Алдымызда бесінші орталық Нұра ауданында ашылатын болады. Орталықтардағы түрлі үйірмелер, денсаулыққа пайдалы мәдени-спорттық шаралардың барлығы тегін көрсетеді. Бұл да ардагер-зейнеткерлерге деген қамқорлық. Сондай-ақ демалыс сауықтыру орындарына жолдамалар жеңілдікпен беріледі. «Қатаркөл» демалыс орнында берілетін жолдамалардың көлемін ұлғайту қарастырылуда. Оның талапқа сай цифроқұрылымдарын жақсартуды да талап етіп отырмыз. Сіздердің демалыс орындарына тек қана жылдың суық мезгілінде ғана жолдама беретін, жаз айларына өз қарастырылатын айтқан сын- ескертпелеріңізді назарға ұстап , сол үшін демалушыларды көптеп қабылдайтын қосымша ғимараттар қарастырылуда. Оған Астана қаласының бюджетінен ақша бөлінеді. Ал коммуналдық сала бойынша да, мүмкіндігіне қарай жағдайлар жасау ойластырып жатыр. Жер үйде тұратындарды отын мен қамтамасыз ету газ тарту, су берудегі жүйткілдер де шешілетін болады- деп сөзін түйіндеді ардагерлер басшысы. Қала әкімінің орынбасары Бәйкен Есет Берікұлы коммуналдық төлемдер тұрғын үй массивтеріндегі су, жылу инженерлік структуралар құбылмалы тарифтер туралы мәселелерді жанжақты талдап сұрақ берушілерге тұжымды жауап берді. Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының басшысы Скуб Илья Васильевич нағыз мемлекеттік қызмткер екенін, мемлекеттік тілді құрмет тұтынатынын, қазақ тілін үйреніп, сөйлеуге ынталы екенін білдіріп, қазақ тілінде сөйлей жөнелгенде, шыны керек ішіміз жылып қалды. Өз саласының білгірі екенін жауабынан –ақ бірден сезілді. Ол, коммуналдық төлемдер жөніндегі тұтынушы мен қызмет көрсетуші арсындағы түсініспеушіліктің неден туындайтынын талдап оған берілетін жеңілдектерді нақтылады. Бейбітшілік №9 көшесіндегі мекемеге келіп, төлемдер бойынша базадан тексеріп, тиісті көмектеріңізді алуға болады. Есігіміз ашық деп түйіндеді.
Кездесу-алдында денсаулық сақтау саласы қызметіне көңілі толмай тұрған ардагерлер атынан Есіл ауданының ақсақалы

ЕСІЛ 5.jpg

Давтян Илья Амбарцумович қынжылып айтты. Орынды айтты, жұртшылықтың көкейіндегі ренішті жеткізді. Дәрігерге қаралудың қиямет көп. Жазылып, тіркеуден өту үшін айлап күтүге тура келеді.Бітіп болмайтын анализдер тапсыру машақатымен жүргенде дәрігерге кезегің келгенше оның жарамдылығы өтіп кетеді. Қайтадан анализ тапсыруға мәжбүр боласын. Бұл дегеніміз жүріп-тұруға үлкендер үшін өте қиын. Осындай сауалдарға нақты жауап беретін денсаулық сақтау басқармасы білікті маманның орнына тәжірибісіз, өз өзіне сенімсіздеу жас маманның келуі және көнілге кірбін түсірді. Бірақ сол түйіктілікті суңғыла да, сезімтал, көрген-түйгені көп Сансызбай Сейітжанұлы қуанышты хабар айтып серпілтіп жіберді. Медицина саласының қызметтің оңтайлындырып женілдетуге, емханаға баратын емделушілерге арналған геронтология кабинеттерінің ашылып жатқанын айтты. Ол жерде арнайы мамандар науқас зейнеткерлерді қабылдап, диагнозына байланысты қандай дәрігерге бару керегін нақтылайтын болады. Қуанарлық жаңалық. Ниет дурыс екен. Жақсылық күтейік. Жалпы жиынның кездесу барысында жұртшылық белсенділік танытып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарға еш кедергісіз жауап алып отырды. Бір көніл қуанатарлығы ешкім эмоцияға берілмей, дауыс көтермей мәдениет пен әдепті сақтай отырып диалог құра білді. Жауап беруші тараптан да шынайы қарым-қатнас құрмет корсетілді. Бір отбасының ортақ әңгімесіндей жылылық орнап, шуақ тарағандай жерде болдық. Демократия деген дау-даумай, айғай – шу емес екенің жиынға келгендер бекелі устанғанына куә болдық. Зейнеткерлер деп екінші планға қойып «Осылар неге кетпейді, жастарға орын бермей ме?» деген салқын көз қарасты жиі естіміз.Әрине заңға бағынамыз. Бірақ тәжірибесі, біліктілігі көп, өз саласының майталманы болған, қоғамға әлі де берері көп мамандарды неге кетіруге асығамыз? Жасы 60- тан асса да санасы тұйық, жады мықты, ойы ұшқыр ақыл-парасат иелерін жастарға тәлімгер ретінде неге пайдаланбасқа? Әсіресе мұғалімдер, жоғарғы оқу орындарына тәжірибелі мамандар ауадай қажет емес пе.Олардың арасында керек десеніз профессор, доцент, өз ісінің үздігі аталғандар көптеп саналады. Келешкете ұлағатты мол зейнеткер-мамандарды тәлімгерлікке тартудың механизмің іздестірілген жөн . Қорыта айтқанда бұл жиынынң маңызы мен мақсатты орындалды. Жұршылық риза көнілмен тарқасты. Осындай халықпенн бет-бет өтетің ашық диалогтар болып тұрса билік пен халықты жақындататын алтын көпір болар еді деген ой түйдік.

                     ҚР жазушылар Одағының мүшесі
                           Қарлығаш Құспанова