Қарттарға қамқорлық
Көктал кентінде орналасқан Қарттар үйіне арнайы шақыру мен келіп тұрғындарымен кездесу өткізген қалалық ардагерлер хоры мүшелері үлкен әсер алып қайтты. Үкіметтің қамқорлығына бөленіп отырған мекеме тұрғындарының жағдайы жақсы. Мекеме ауласы абаттандырылған, таза, зәуілім ағаштар мен жаңа отырғызылған гүлдер ғимаратты көркейтіп тұр. Қарттар үйінде үш жүзден артық тұрғындар бар, көп жыл еңбек етіп, бүгінде әртүрлі жағдайлармен осы мекемеге орналасқан ардагерлер толықтай үкіметтің қамқорлығына алынған. Тәрбиеші, психолог, медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен қарттардың көңілін тауып, жұмыстарын атқарып жатыр. Хор мүшелері кездесу барысында тәрбиеленушілермен сұхбаттасып, әңгіме-дүкен құрып, өткен өмірлерімен танысып, қарттардың көңілін аулады. Кездесу барысында, қазақтың халық әндері, әр ұлттың әндері шырқалды.
Залда отырған тыңдаушылар бірге қосылып, ән айтып, шамасы келгендері тіпті ортаға шығып билеп кетті. Кездесу еліміздің басшысын, президенттік сайлау кезеңінде өткендіктен, тұрғындардың көңілі көтеріліп бір серпіліп қалды. Ең бастысы тәрбиеленушілердің қошеметі болды.Сонымен қатар кездесу барысында қарттар үйінің төрайымы Баймагамбетова Рысты Жағыпарқызы хор ұжымына алғыс айтып,ары қарай еңбектеріне жеміс, зор денсаулық тіледі. Елімізде өтетін президенттік сайлауға жоғары деңгейде белсенді,бір кісідей қатысып, ел тағдырына өз таңдауымызды жасайық деген тілек білдірді. Бүкіл саналы өмірінде еліне еңбек еткен, бүгінде кісі көмегіне зар болып, балаларына, туыстарына керек болмай қалған қарттарды көріп, аянышты сезіммен оралдық.
Бүгінгі ұрпақтың жүрегінде ата-анаға, қарттарға, үлкендерге деген жылы сезім, үлкен жауапкершілік, ар-ұят адам жаны мен, ұлт тағдырын ойлайтын түйсік болсын деп тілейік ағайын.
Үміт Дүйсенова Алматы ауданы бастауыш орталығының төрайымы