Қарттардың қамқоршысы!
Қарттардың қамқоршысы!
Мақаламның тақырыбын осылай атауға негіз бар. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғындағы пединституттың түлегі, білім саласында ұзақ жыл басқару қызметінде болған, партия-кеңес қызметкері, соңғы жылдарында алғашқы бизнес қарлығаштарының бірі Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев Астана қаласының қарттар- мұгедектер үйіне, қазіргі «Шарапат» әлеуметтік-оңалту орталығы, осы ғасырдың басында директор болып келдіңіз.
Міне, содан бері жиырма жылдан аса уақыт өтті-деді, менің кейіпкерім. Әңгіме барысында, Кенжеболат Сапарұлы 100-ге тақаған анасынан аманат алғандығын еске алады. Сен өте ауыр, әрі жоғары жауапты жұмысқа бармақшысың. Егерде, ол кісілерді мені күткендей күте алсаң бар, ал күте алмасаң доғар –деп кесіп айтты. Содан осы жұмысқа бел шешіп кірісіп кеттім. Ол кезде әр жерде ашылған қарттар үйінің негізгі мақсаты тамақпен тоқ қылып, жайлы орынға орналастыру. Жұмыс істей келе, мұның жеткіліксіз екендігін түсіндім.
Ең бірінші, мұндай мекемеге психолог қажет екендігіне көзім жетті. Сол кезде мен ол кісіге жұмыс сұрап бара қалдым. Ол кісі менің ұзақ жыл білім саласында қызмет атқарғанымды біледі. Жоғарғы жақпен келісіп, штатта жоқ, педагог- психолог қызметіне тағайындады. Картайғанда бір бала-демекші, балалардың психологиясын білемін ғой, институттан алған білімімді, өмір тәжірибесін пайдаланып, он бес жылға тарта адал, абыройлы еңбек еттім. Оның белгісі сол қызметте жүргенде «Құрмет» орденімен марапатталдыңыз. Қазақстандағы әлеуметтік саладағы тұңғыш психолог болдым. Содан кейін осындай мекемелерге психолог қызметі енгізілді. Қарттар мен мүгедектерге бос уақыттарын тиімді өткізу қажеттілігі туды. Қосымша үстел ойындарын, басқада олардың қызығушылығын арттыратын шаралар жасауға мекеменің жағдайы келмеді. Бірақ, Кенжекең жоқтан бар жасауға тырысты. Жиналыс залын, коридорды тиімді пайдаланып, бильярд, шахмат, дойбы, әйелдерге тігін машиналармен айналасуға мүмкіндіктерге жол ашты. Осылай үйдің тарлығынан қысылып жүргенде, Ел Президентінің нұсқауымен қала әкімшілігі қаланың шет жағынан, экологиясы таза ауданнан Есіл өзенінің жағасынан жаңа ғимарат салып берді. Жобалаушының қателігінен бе, басшыға кейбір жерлерін қайта істеуге тура келді. Мысалы, балкон терезеленбей ашық болды, бөлмеден арбалы мүгедектер балконға шыға алмайтын болды. Одан бір-екі жыл өткенде, монша мен бассейн бар ғимаратпен кір жуатын үйдің ірге тасы дұрыс істелінбегенге, үйлер отырып, қабырғалары жарыла бастады. Біраз уақыттан кейін негізгі ғимараттың төбесі сыр бере бастады. Оған шатыр жасауға тура келді. Оның үстіне ауланы дұрыс пайдаланатындай жағдай жасалды. Мерейлі жасқа келген тұрғын өз ағашын отырғызатын дәстүр пайда болды. Кейін үлкен саябаққа айналды. Жаңа ғимаратта тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Мен айтар едім, мұндағы жағдай ешқандай шипажайдан кем емес деп. Кітап оқитындарға үлкен кітапхана залы, шахмат бөлмесі, бильярд үстелдері, тренажерлер залы, медицина блогтары ашыла бастады.Терапевт Л.А.Асмус, психотерапевт Әбіл Перзадаев, реабелитолог Болатбек Байзолданұлы, тәжрибелі медбикелер қарттар мен мүгедектерге қызмет атқарып жатты.Тұрғындардың ішінен де еңбек етуге, жұмысқа жарамдылар тартылды. Мысалы, Юрий Лопатин және марқұм мүгедек Нұрлыбек Алдангоров кітапханашы, соғыс ардагері, зейнеткер Олег Линник музей меңгерушісі қызметтерін тағы басқалары әртүрлі еңбектерге араласты. Мысалы,Юрий Лопатин және арбаға таңылған Құрмаш Әбуов осында отбасын құрып, жеке үй болып, қаладан пәтер алып, жеке кәсіппен айналысып кетті. Менің кейіпкерімнің бұл еңбектері елеусіз қалған жоқ. «Құрмет» орденімен, медальдармен, мақтау грамоталарының иегері болды.
Жақсы істерді тіркеп жаза беруге болар еді. Кенжеболат Сапарұлы осы абыройлы қызметті он бес жылға таяу атқарып зейнеткерлікке шықты. Бүгінде бұл мекемені осы кісіден тәрбие алған Ардақ Сеитова басқарады. Кенжекеңнің бұл мұндай еңбегі әліде Астана қарттарына қажет болды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С. Есілов мырза мен азамат М.Д. Еркетаевтың ұсынысымен қаланың барлық аудандарында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылды. Сарыарқадағы орталықты басқару К.С.Бәпішевке тапсырылды, ал Есілдегі орталықты бұл кісінің тағы бір шәкірті Ж.Н. Есенаманова басқарады. Кенжекең бұл шаруаны да дөңгелетіп алып кетті. Көбіне жұмыстың жүруі, өрге басуы бірінші басшыға байланысты. Оңалту гимнастикасымен 129 адам, Йогамен 30 адам, айкүне 37, Цигун 40, еңбек терапиясы 41, кмпьютерлік сауаттылыққа 20, қазақ тілі 14, ағылшын тілі 30, үстел теннисі, волейбол, тренажерлық залда көптеген зейнеткерлер пайдалы іспен, денелерін шынықтыруымен т.б. өздеріне ұнаған істермен айналысып, уақыттарын тиімді пайдаланып, көңілді үйлеріне қайтады. Мұнда күніне 180-200 қызмет алушылар әр үйірмелерге қатысып,өздерінің ризашылықтарын білдіріп жүр. Кенжеболат Сапарұлының еңбек өтілінің жартысына жуығын қарттар мен мүгедектерге арнаса, қалай ол кісіні қарттардың қамқоршысы дей алмаймыз? Қазақта үлкенге қандай жақсылық жасасаң немесе жамандық жасасаң- сол өз алдыңнан шығады- деген сөз бар. Бүгін өзіңізде жетпістің қырқасына шығып отырсыз. Сізгеде осы қарттардың батасы, тілегі тиер- деп ойлаймын. Сізге құдай қосқан зайыбыңыз Гүлнәр екеуің немерелермен, шөберелермен ұзақ бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін.
Еркін Дәуешұлы, Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ақкөл ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері