«БАЙҚОҢЫР» — СҮЙІКТІ МЕНІҢ АУДАНЫМ
Сарыарқаның кіндігінде, төрінде
Астанам бар құшақ жайған еліне.
Бейбіт өмір, достық ұя мекені,
Самұрық құс қанат жайған жеріне.
Байқоңырды киелі, дархан жер дейді.
Үш батырым ғарышқа ұшып ерледі.
Қазақ жері кең байтақ, халқы еркін,
Азаттығын ешкімге де бермейді.
Шығысына қарашы Астананың,
Тәуелсіз елімдегі бас қаланың.
Бойын түзеп келеді «Байқоңырым»
Арнаған әр азамат асқақ әнін.
Болар деп – «Байқоңырды» «ақылды аудан»
Көпшілік бір ауыздан мақұлдаған.
Көркейтейік күш салып, еңбек етіп,
Тұрғындар мен жастары ақылды алған
«Байқоңыр» — сүйікті болған ауданда
Ел мен жұрттың көңілі саған ауғанда
Әрбір адам еңбек етіп ерінбей,
Абат берер көше менен аулаға.
Достарына құшақ жайып, «кел» — деген
Жаңалықтың жаршысы бол көрмеген.
Аудан атан мақтан тұтар марқая,
Күннен — күнге мәртебесі өрлеген.
Сәрсенбай Мыңбаев,
«Байқоңыр» ауданы ардагерлер
кеңесінің төрағасы