БІЗ ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІ ҚОЛДАЙМЫЗ!
БІЗ ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІ ҚОЛДАЙМЫЗ!
Бейбіт түрде басталған Жаңаөзендіктердің шеруін ойламаған жерден лаңкестердің өз мақсаттарына пайдаланып кеткені өте өкінішті болды. Аяқ астынан басқа бағыт алып кеткен оқиғаны қалай түснерімізді білмей дал болдық. Әрине бұл шерушілердің ісі емес арандатушылардың әрекеті екені бірден белгілі болды. Жоспарлы түрде дайындалған террористердің ісі екенін Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы нақты айтты. Сондай бүлік басталғанда әрекетсіз отырған ұлттық қауіпсіздік комитетінің түсініксіз позициясы да белгілі болды. Оның басшысын қамауға алғаннан бастап халық Қасымжомарт Кемелұлының батыл шешіміне риза болып сеніммен қарады. Қарулы қарақшылар мен бүлікшілерге тойтарыс беріп мемлекеттік төңкеріске жол бермеді, дұрыс ниетте болдық. Әрине күдік те үмітте бар еді, баршамызды үрейде басты. Сабырмен, ақыл мен салқынқандылықпен жан жақты ойластырылған Президенттің іс әрекеті үлкен апаттың жолын кесіп тойтарыс берді. Қ.Тоқаевта бар жақсы қасиеттер, бірақ батыл мінез жоқ дегендердің аузына құм құйды. Мінез деген оспадарлық емес, ол орынды жерінде жұмсай алатын қарсы әрекет пен нық шешім. Сол қуантты. Біз барынша сеніп, тілеуін тіледік.
Ал бүгінгі 11.01.2022 жылғы Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзін аса ынтамен тыңдап болашаққа сеніммен қарадық. Президент батыл айтты. Күлтелемей бар шындықты айтты. Әсіресе халықпен биліктің, байлар мен кедейлердің арасының мүлде алшақтап кеткенін баса айтты. Шенділердің, әкімдердің халықпен мүлде байланысы жоқ екен. Кездесуден, диалог құрудан қашып қорқып жүретіндерін де түйреп өтті.
Мәселе сұйытылған газдың қымбаттауы ғана емес, қордаланған әлеуметтік теңсіздіктер, қымбатшылық, жұмыссыздық, жалақының төмендігі секілді мәселелерден әбден қажыған халықтың ашынған мінезін түсініп ара жігін ашып берді. Даму банкі, Самұрық Қазына, Қытай мен арадағы бекеттердегі былықтардың халық үшін емес белгілі бір олигархтар мен кландарға ғана жұмыс істейтінін қандай тамаша айтты. Барлық салаларда орын алған теңсіздіктер мен келеңсіздіктерді алдағы уақытта нақты бағыт пен дамыту мен өзгерту керектігін қатаң ескертті. Жастар тәрбиесі, әсіресе әскерден қашқақтайтындардың әрекеті мемлекетке зиян келтіретінін, ұлттық ұланның қатары аз екенін де қынжыла айтты. Дипломмен жұмыссыз жүргендердің жағдайын жасап, арнайы бағдарлама құру керектігі аса жағымды әсер етті. Қорыта айтқанда Қасымжомарт Кемелұлы кемелді саясаткер, білікті басшы, халықына жаны ашыйтын Президент екенін көрсетті. Әрине әлеуметтік желіде бәрін бірден төңкеріп тастамай сол сценариимен кетті. Ештеме өзгермейді деген қыңыр қырсық пікірлер айтылып жатыр. Ондайлар әркезде болады. Бірақ оған уақыт керек. Біз қазір қатерлі өткелде тұрмыз. Ел іші тынышталсын, біртіндеп бәрі өз орнына келеді деп сенеміз. Біз өзгеріс күтеміз. Ол тек бейбіт жолмен келуі керек. Осы айтылғанның бәрі бұрынғыдай сөз жүзінде қалмай іске асса дейміз. Өтірікке, бос уәдеге тойып болдық. Халыққа бетбұрыңыздар. Әділетті шешім болсын. Бейбіт шеруге шыққандарды қудаламаңыздар. Ақ қарасын айырып бұзақылардың тиісті жазасын берсін. Сырттан келген арандатушылар екенін ескеру керек. Біз, елордалық ардагерлер Сіздің саясатыңызды қолдаймыз, құрметті Президент, Қасымжомарт Кемелұлы!
Жаңа үкіметке, барлық министрлермен сала басшыларына сәттілік тілейміз.
Ел үшін, Қазақстан халқы үшін адал қызмет етіңіздер
Тәуелсіздігімізді сақтайық!
Бірлігімізді нығайтайық!
**Қарлығаш Бәкенқызы Құспанова,
ардагер теле-радио журналист.**