Достық күнін қарттар үйінде өткіздік
«Аққайың» ауылында орналасқан әлеуметтік «Шапағат» қызмет көрсету орталығының директоры Жекебаев Сәкен Айкенұлының шақыртуымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін қарттармен бірге тойлауға «Астана» қалалық ардагерлер хор мүшелері өзіміздің концерттік бағдарламамызды ұсындық.
Ел басы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, елімізде қарттарға деген қамқорлық жыл бойы жалғасып тұрады. Қазақстанда мекендеген жүзден астам ұлттың бір-біріне беретіні де, алатыны да аз емес. Татулықты сақтап, ынтымақты күшейту жолында еліміз алыс-жақын қызыға қарайтын хәлге жеттік.
Қарттар үйінде 150 жуық қарттар тұрады. Соның ішінде 25-і арбаға таңылған. Барлық медициналық көмек дәрілері мен екпелерін уақытында алып отырады. Бес мезгіл ас беріледі. Үлкен кітапханасы бар. Жыл сайын жаңа кітаптармен жаңартылып отырады. Қарттарға арналған еңбек терапиясы жұмыс жасайды, қол-өнері, кесте тігу, тоқыма тоқу, ағаштан, темірден түйін түйетін шеберлер де бар екен.
Әр ұлттың салт-дәстүрін сақтап отырған татулық пен береке осы ұжымда. Достық күнін қарттар үйінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізеді. Әкімшіліктің ұйымдастыруымен әрбір жоба, әрбір іс-шара ұлт-аралық достықты көрсетіп тұр. Әр халықтың украин, орыс, татар, қазақ, өзбек, т.б. дәстүрлі тағамы қойылған дастархан тағамға толы болды. Конкурс жарияланып дәмді де әдемі тағам жасағандарға сыйлықтар беріліп, ән-би көріністерін тамашаладық.
Қарттар үйінің қызметкерлері азпазшы өзбек биін билесе, медбикелер орыс биін, күзетшісі - вальс билеп, «Бір келіншек» әні домбырамен орындалды. Украйн, татар халқының биін де биледі. Барлығын тамашалап, қошеметтеп отырдық.
Белорус халқының биі «Лявониха, өзбек биі, татар биі орыстың пляскасы т.б. орындалды. Адам өмірінде музыканың орны бөлек. Хакім Абай атамыз айтқандай «Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен» деп, біз орындап айтқан әндерімізге бүкіл зал қосылып, көрермендеріміз орындарынан тұрып билеп кетті.
Қарттар үйінің қызметкерлері зор құрметпен қарсы алды. Мекеме айналасы таза, егілген талдар жайқалып өсіп тұр. Әр түрлі жеміс-жидек, көкеніс қарттар келесі жыл науқанына дейін қолданады, он екі ай азығы және ермегі. Жаз бойы жаңа өсім дастархандарында, ал күз келгенде қысқа дайындық сәбіз, қызанақ, қырыққабат, қияр, пияз, т.б. қарттар бос уақыттарында егін қарауға, оны тұздап сақтауға барлық жағдай жасалған. Ғимараттың ішін аралап көрдік. Іші, сырты айнадай жалтырап тап-таза, болып көзге түсті.
Жұмысшылары да мейірімді, кішіпейіл. Тағдырдың жазуымен қарттар үйінде тұрып жатқан қарттармен әңгімелестік. Олардың айтуынша жағдайлары жақсы. Қарттар өткен өмірін еске алып, жанары жасқа толды. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлттың қарттары деп бөлмей жақсы қарағаны үшін мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.
Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша қарттар үйінде жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана оның отбасының құты болып табылатынын әрине жастарымыздың көбі түсінбейтіні де бар.
Қариялардың барлығының арманы ұрпағын өсіріп, өндіріп, айналасына үйіріп отыру. Ұрпағым деп кезінде шыр-пыр болып өсіріп, өндіргеннен кейін ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтемей қараусыз қалдырып, қарттар үйіне келген қарияларды көріп жаның ауырады. Барлық жағдайы жасалса да бала-шағаның қызығын көрмей мейірімге зәру болып отырғаны жанымызға қатты батты.
Кездесу соңында мекеме директоры Сакен Жекебаев – бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлейтін, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді және Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік таныта бермекпіз деген тілек білдірді.
Үміт Дүйсенова зейнеткер. Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі