ЕЛОРДА ХАЛЫҚТЫҚ ХОРЫ
“ Елорда” халықтық ансамблінің концертінен соң туған ой.
“Өнерге әркімнің-ақ бар таласы” дегендей өнер халықтікі ғой.Сондықтан өнерді жанына серік етуге,көңілін әнмен көтеруге әркім де құштар.Бұл әсіресе жасың ұлғайған кезде керек екен.
Астана қаласынан бастау алып жер-жерлерде ашылып жатқан “Белсенді ұзақ өмір” орталықтары өнерге құштар зейнеткерлердің іште қалып қойған,жас кезінде жүзеге асыра алмаған армандарына қол жеткізгендей.Соның айғағы,ардагерлерден құрылған ансамбльдердің саны жыл сайын артып келеді.Солардың бірі құрылғанына 15 жыл болған “Елорда” халықтық ардагерлер ансамблі. Жуырда осы ансамбльдің 15 жылдығына арналған есепті концерті болып өтті.Оқушылар сарайына жиналған көпшілік ардагерлердің өнеріне тамсанып тамаша әсерде болды.”Қазақстан қыран далам” деп басталған концерт патриоттық рухта шырқалып асқақ жігермен орындалды.
Репертуары саналуан.Дуэт,трио,попурри,терме,түрлі аспаптармен ән салумен қоса орыс,украин,корей,қырғыз тілдерінде де ән шырқалды.Нартайдың термесін сырнайға қосып құйқылжытқан Есенбек Сәтбаевтың орындауы ерекше әсерге бөледі. Біз Нартайды көрмедік.Бірақ Нартайдың өзін тыңдағандай тебірендік.Таспаға жазылған Нартайдың орындауынан бір аусашы.Тура өзі дерсің.Дауыс диапазоны шексіз,кең көсіледі.Хоризмасы қандай!Мұндай шағын ортада емес,үлкен сахнаға да ұялмай шығаруға болады. Шәмшінің “Сыған серенадасын” Мұрат Байбосынұлы әннің қызу қанды характерін аша білді.Киген киімі де сай келген.Бұл ән жанрының ішінде жоғары саналатын романс.Романсты екінің бірі орындай алмайды.Сығанша киіндіріп бір қызды билетіп қойса тіпті қатып кетер еді деп ойладым.Корей халқының кимоносын киіп шыққан Үміт Дүйсенованы тіпті танымай қалдық.Түрі де,үні де,әні де үйлесіп тұр.Есенбек Сатбаев пен Ғалия Бегалина орындаған “Дударай” әні көркемділігі мен шынайылығымен сүйсіндірді.”Сұрша қыз”әнін тамылжытқан Ермек Тұрсыновқа да көрермендер ықыласы ерекше болды.Сондай-ақ Фарида Алдажанова,Ақынгүл Әлмұқанқызы,Базарбай Дәлеғұлов,Бибі Қабылашева,Бикен Махмутова,Злиха Әбеу сияқты әншілердің де сахнаны меңгеріп,ән айтуға төселген жандар екенін айту парыз.
Бағдарлама сауатты құрылған.Көрерменді жалықтырмай попурри,вокалды топ,хор, терме,эстрада жаныры,дуэт сияқты номерлер алмасып отырғандығы ұтымды болған.Бұл орайда концертмейстр,музыка жетекшісі,кәсіби музыкант,Қазақстан Республикасы мәдениет жәнер өнер саласының үздігі Жекен Молдағалиұлы Теберіковтың талғамы мен өз саласының маманы ретінде көп еңбек сіңіргенін ерекше атап өту керек.
Жалпы ардагерлермен жұмыс істеуде төзімділік,тіл табыса білу,мәдениеттілік пен шеберлікті қатар қолданып,бірде баса айтып,бірде бәсең сөйлеп әртүрлі амал тәсіл қолданып отыруды қажет етеді.Бұл тұрғыда ла осы талаптардың бәріне сай көркем мінезді,сабырмен жүріп көп іс тындыратын Жекен Молдағалиұлының іскерлігіне тәнті боласың.Әрине ансамбльдің көркемдік жетекшісі Үміт Әлібекқызының мамандығы медицина саласы болса да ансамбльді ұйымдастыра біліп,ұйытып ұстауы,әркімнің мінез құлқын ескере отырып моральдық психологиялық ахуалды қалыптастырып, таразы басын тең ұстай білуі үлкен еңбектің жемісі екені анық.Срның нәтидесінде ансамбль көп өскен.Шығармашылық ізденіс,орындаушылық шеберлік, сахна мәдениеті деген талап арға жауапкершілікті сезіну байқалады.Бұл басты талап саналады.
Дей тұрсақта өнер әрқашан қамқорлыққа,қолдауға зәру.Оған “Ел орда” ансамблі зәру емес екен.Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Кәрімұлы Мұстафин мырза әрқашан моральдық, материалдық тұрғыда қолдау жасап, сахналық костюмдерді жаңарту, концерт қоятын лайықты сахна тауып беруге белсене кірісіп өнерге жанашырлық көрсетуде.
Марат Кәрімұлының азаматтығына ризашылық пен әрі қызыға қараймыз.Ансамбльді көтеру арқылы ауданның да деңгейі мен мәдениетін көтеруге үлес қосып отыр.
Зейнеткер деген статусымыз бар,бір салада қатар жүріп,жастарға үлгі,қатарластарымызға өнеге болып белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шапағатын сезініп отырғандықтан әріптестеріміздің жетістігіне қуанып,өсер елдің қазыналы қариясы болайық деген ниетте жазған шынайы дос көңілімді қабыл алыңыздар, ардагер әріптестер!
ҚР Журналистер одағының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің медиатоп мүшесі Қарлығаш Құспанова.