Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ-РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ!

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ-РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ.

Бүгін, 30 сәуір күні Ұлы Жеңістің 81 жылдығына және қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен сәтіне орай таңғы күн шуағымен Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қызыл Армия офицері, Қазақстанның Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевқа орнатылған ескерткіш маңына әскери ұйымдар мен ардагерлер Кеңестерінің зейнеткерлері және ескерткіш жанына сап түзеген Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары жайғасыпты.

Қошқарбаев Р.jfif

Батырға тағзым ету салтанатын "Мұрагер” Бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Астана филиалының ұйымдастыруымен өткізілді. Тағзым ету салтанатына қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі төрағасы Марат Мұстафин қатысты. Қазақстан Республикасының ән-ұраны ойналып, қалалық, Алматы аудандық әкімшіліктен, ардагерлер Кеңестерінен қазақ батырының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Қазақ батырының ағайын-туыстары да қатысты. Олардан Астана жұртшылығы да қалыс қалған жоқ. Қаһарманның жерлесі, ағайын болып келетін, Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігімен жастайынан таныс қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов өз сөзінде жақын ағайыдарынан батырдың ерлігімен көптен таныс екендігін, сондай-ақ Целиноград өлкесінен шыққан басқа да Батырлар туралы әңгімелеп, еске алды.

корзина.jfif

Батыр ағасының ерлігі туралы көп оқығаны, үлкендердің естеліктерінен естігендерін айтып, қазақ батырының Қаһарман атағын көп жылдардан кейін алғанына өкінді. Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Кәрімұлы Хаһарманымыздың өмір жолына кеңінен тоқталды. Соғыстан кейінгі атқарған жұмыстарынан жастарға көптеген мағлұмат берді.

двое.jfif

Бұдан соң “Мұрагер” бірлестігінің өкілдері, батырдың туысқандары сөз сөйлеп, ойларын ортаға салып, жас ұрпаққа үлгі болар жерлес батырдың ерліктерін баяндады.

туысы.jfif

Жауынгер атамыздың өзі сияқты батыр жігіт Григорий Булатовпен Рейхстагқа жеңіс туын тіккені, одан соң Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарғаны, 1947 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөнінде бас басқармада инспектор, одан соң «Алматы» қонақ үйінің директоры болғаны айтылды. все участники.jfif Оның ерлігі ұрпаққа үлгі. Қаһарман батырға тағзым ету әрбір азаматтың борышы. Осындай батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жиналған қауым: “Бұдан былай соғыс болмасын,аспанымыз ашық болсын! -деп тарасты.

                                          Баянды ӘЛПИ, Алматы ауданы ардагерлер 
                                               Кеңесі медиатобының жетекшісі

         НАРОДНЫЙ ГЕРОЙ-РАХЫМЖАН КОШКАРБАЕВ.

30 апреля в честь 81-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне и знаменательному дню, когда Рахымжан Кошкарбаев с армейцем Григорием Булатовым водрузили знамя Победы над Рейхстагом в Берлине, почтили память. В этот солнечный день возле памятника Герою Великой Отечественной войны, судьба которому преподнесла такое, что он одним из первых с солдатом Григорием Булатовым водрузили Красное знамя над Рейхстагом где собрались бывшие офицеры Советской Армии, воины- афганцы и ветераны совета ветеранов города Астаны.

бастық.jfif

Рядом с памятником расположились кадеты колледжа имени Сагадата Нурмагамбетова. Торжественная церемония возложения цветов Народному Герою была организована астанинским филиалом общественного объединения ветеранов Вооруженных сил "Мурагер". В этот торжественный час участие приняли председатель городского совета ветеранов Сансызбай Есилов, председатель Алматинского районного Совета ветеранов Марат Мустафин. Звучал гимн Республики Казахстан и были возложены памятнику цветы от акима города, района Алматы и совета ветеранов. Также были цветы от родственников Ракымжана Қошкарбаева, от многих жителей и ветеранов города. В своем выступлении председатель Совета ветеранов Сансызбай Есилов, как земляк Рахымжана Қошқарбаева рассказал о том, что он о подвигах своего земляка знал с юных лет и было много воспоминании о войне и о героях-земляках Великой Отечественной войны. Председатель Совета ветеранов района Алматы Марат Мустафин остановился на жизненном пути Ракымжана Қошкарбаева.

с семьей.jfif

Также выступили родственники, члены объединения "Мурагер", которые рассказывали о жизни и о подвигах на войне героя-земляка, о его вкладе в воспитании подрастающее поколения. После войны наш знаменитый герой работал в Акмолинском облисполкоме инструктором, инспектором в управлении переселенцев при Совете министра Казахской ССР, а затем директором гостиницы "Алматы". Жизнь и подвиг Рахымжана Кошкарбаева достойный пример подрастающему поколению и мы должны помнить о своем герое-земляке. Это святой долг каждого. Собравшиеся пожелали всем мира и процветания. Также чтоб небо над головой оставалось всегда чистым и голубым.

                                        Баянды АЛПИ, руководитель медиагруппы
                                           совета ветеранов районы Алматы