ІРГЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕЛ СЕНІМІН АҚТАУҒА ТИІС!
Іргелі өзгерістер ел сенімін ақтауға тиіс!

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының кеңесі Ата Заңымызға ұсынылған жаңа өзгерістер жобаларын жалпы алғанда мақұлдап, бұл іс-шараның мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесіне тікелей әсер ететін күрделі үдеріс екенін атап өтеді.
Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері Президент Қ.-Ж.Тоқаев жариялаған «Халықты тыңдайтын үкімет пен әділетті қоғам» құруға бағдарланған, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ еліміздегі саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Қазақстанның қылмыстық саясатының жазалаушы модельден керісінше гуманистік модельге түбегейлі бет бұрғанын көрсетеді.
Жобаның преамбуласында «байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап... келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп», деп айтылған. Яғни, әлмисақтан келе жатқан Ұлы Даланың озық дәстүрлерін қамтитын ережелер мен қағидаттардың сақталатыны ескерілген. Бұл ретте, парламенттің «Құрылтай» атауын алуы, тарихи мән-маңызы зор әрі ерекше жауапкершілік арқалаған ұлы жиын - Ұлттық құрылтайдың жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесі болып жаңғыруы көңілге сенім ұялатады. Алайда, бұл Кеңеске тағайындалған емес, сайланған тұлғалардың келгені жөн болар еді.
Сондай-ақ, еліміздегі ең ірі әрі белсенді қоғамдық бірлестік болып табылатын «Ардагерлері ұйымы» халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстанның ғасырлар бойғы ұлттық дәстүрлерін насихаттауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына зор ықпал етуде. Сондықтан да болашақ Халық Кеңесінде бұл ұйым мүшелерінің қомақты орынға ие болатынына үмітіміз мол.
10-бапты: «Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарды Қазақстанның мүдделеріне сәйкес жүзеге асырады» деп толықтырған жөн.
Әдетте, «Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi» (30-бап, 4-тармақ) деп айтылған. Алайда, бұл ретте жалғыз басты ардагерлер (олар көбінесе депрессияға және ауруларға өте бейім келеді), соғыс ардагерлері, тыл еңбекккерлері, еңбек ерлері қамтылмаған. Еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасайтын балалардың, қыздардың материалдық жағдайларына қатысты тиісті қолдаудың да қажет болуы мүмкін. Сондықтан, бұл (30) бапты: «Қазақстан Республикасында жалғыз басты қарт адамдардың, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбекккерлерінің, еңбек ерлерінің денсаулығын сақтауға, ыңғайлы өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасалады» деген жеке тармақпен толықтыру керек.
31-баптың 2-тармағын: «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де үлгілері және қайырымдылық жасау қолдау табады әрі көтермеленеді» деп жазу қажет. Өйткені, әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылық көрсететін тұлғалар, қорлар, мекемелер, фирмалар мемлекет тарапынан көтермеленетін болса, сақтандырау, қамсыздандыру және қайырымдылық жасау әрекеттерінің анағұрлым арта түсетінін тәжірибе көрсетуде.
Сондай-ақ, 32-баптың 1-тармағын: «Қазақстан Республикасы өз азаматтарының денсаулығын сақтауға міндетті» деп жазуды ұсынамыз.
Сонымен қатар, осы 32-бапты: «Қазақстан Республикасы жалғыз басты қарт адамдарды, соғыс ардагерлерін, тыл еңбекккерлерін, еңбек ерлерін тегін медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді» деген тармақпен толықтыру қажет.
Еліміздің ақсақалдары, қариялар, еңбек ардагерлерінің өмірлік мол тәжірибелері, жасаған ерліктері жастарды еңбекке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық бірлікті нығайту және рухани-моральдік құндылықтарды дамыту үшін тиімді пайдаланылуда. Сондықтан да ардагерлер тарапынан айтылған ойлар мен пікірлердің, ұсынылған ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынына сенім бар.
Сансызбай ЕСІЛОВ, Астана қалалық Ардагерлер ұйымы Кеңесінің Төрағасы
ОСНОВНОЙ ЗАКОН – ДЛЯ ВСЕХ И КАЖДОГО

«Республика Казахстан – демократическое, светское, правовое и социальное государство. Высшие ценности государства – человек, его жизнь, права и свободы», гласит первая статья Проекта новой Конституции. В числе основных принципов: права и свободы человека, закон и порядок, укрепление единства, повышение благосостояния народа, продвижение ответственного, созидательного патриотизма. Ветеранское сообщество в целом поддерживает и принимает основные положения Проекта новой Конституции. Вместе с тем, на наш взгляд, в предлагаемом Проекте полностью отсутствуют положения относительно граждан Республики Казахстан пожилого возраста. В связи с этим считаем, необходимо в содержании документа сделать акцент на таких почетных званиях, как «Ветеран труда» и «Труженик тыла», а также на вопросах охраны здоровья ветеранов. Социальные гарантии, в том числе поддержка здоровья ветеранов со стороны государства должны быть закреплены Основным Законом. В Проекте черным по белому записано, что мы строим социальное государство. Как известно, в цивилизованной стране детство и старость граждан республики находятся под надежной защитой и охраной государства. Вместе с тем в Проекте новой Конституции в полной мере отсутствует ключевая роль ветеранов страны, которые являются самой активной и патриотичной частью Республики Казахстан, вносят бесценный вклад в преемственность поколений и привитие патриотизма не только молодежи, но и всего казахстанского общества. Поскольку принимается Основной Закон РК, определяющий и долгосрочные социальные приоритеты, предлагаем законодательно закрепить права и свободы граждан старшего поколения. Поскольку в предлагаемом варианте Проекта имеется единственная статья 30, в которой записано «Совершеннолетние трудоспособные дети обязаны заботиться о нетрудоспособных родителях», что лишь в определенной мере, косвенно и размыто, касается людей пенсионного возраста. Статья 32 гарантирует гражданам Республики Казахстан право на охрану здоровья. Поскольку медицинская градация определяет возрастные категории граждан, предлагаем внести ясность в Основной Закон касательно медицинской поддержки здоровья граждан пожилого возраста. По Статье 71 «Қазақстан Халық Кеңесі». Учитывая колоссальный опыт старшего поколения казахстанцев, стоявших у истоков Независимости, прошедших вместе со страной все этапы становления, их реальный вклад в патриотическое воспитание и сохранение стабильности в обществе, предлагаем ввести в состав Халық Кеңесі признанных аксакалов, которые хорошо знают историю страны, прошлое и настоящее, могут отстоять свою объективную, принципиальную гражданскую позицию. Поскольку Халық Кеңесі, на наш взгляд, должен представлять все возрастные категории граждан, учитывая гендерное равенство, исключая возрастную дискриминацию, так называемый эйджизм. При разработке основных направлений внутренней политики, укрепления общественного согласия, продвижения основополагающих принципов государства правильный совет и решающий голос аксакалов крайне важен и, безусловно, необходим. Президент Касым-Жомарт Токаев советует быть ближе к народу, прежде всего по отношению к людям старшего поколения. Традиционное уважение к старшим передается из поколения в поколение. Надеемся, что к нашим предложениям, к нашей выверенной позиции Комиссия по конституционной реформе и авторы проекта новой Конституции отнесутся с должным пониманием, включив в текст Конституции наши деловые, актуальные предложения. В «слышащем» государстве, где мы строим Справедливый Казахстан, в ходе всенародного обсуждения Проекта новой Конституции должны быть надежно услышаны и учтены все содержательные предложения свободных граждан Суверенного Казахстана. В цивилизованном мире человек считается высшей ценностью, а граждане должны быть социально активными. Ветераны поддерживают масштабные реформы, благодаря успешной реализации которых мы стали прогрессивным государством. Единство народа, твердая вера в незыблемость и успехи суверенного Казахстана служат стимулом для всего общества. Приоритетными для нас являются общенациональные ценности: независимость и патриотизм, единство и солидарность, справедливость и ответственность, закон и порядок, трудолюбие и профессионализм. Совет ветеранов города Астаны, ветеранское сообщество в целом всегда открыты к конструктивному общественному диалогу.
Сансызбай ЕСИЛОВ, Председатель
городского Совета ветеранов,Почетный гражданин города Астаны