Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

ҚҰЛПЫРҒАН КӨКТЕМНІҢ ЖҰПАР ИІСІ!

ҚҰЛПЫРҒАН КӨКТЕМНІҢ ЖҰПАР ИІСІ

Наурыз айының алғашқы мерекесі - Халықаралық Әйелдер күні 8 наурыз көктемнің сиқырлы жұпар иісімен, тамаша көңіл-күймен және қызықты кездесулермен ерекшеленеді. Нәзік жандар мерекесінен кейін жаңа Конституция жобасын талқылауға қатысқан ардагерлер қозғалысының белсенділері 15 наурызда республикалық референдумға барады. Елдегі үлкен өзгерістер қарсаңында өткізілген аудандық есеп беру-сайлау конференцияларында қалалық Ардагерлер кеңесі ХІІ конференциясына мандат алған белсенділер Конференция жұмысының нәтижелі өтуіне септігін тигізді.

бәрі.jfif

Раиса.jfif

Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қалалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығымен тұспа-тұс келуде. Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Сейтжанұлы Есілов аталған жиында жасаған баяндамасында аудандық ардагерлер кеңестерінің, бастапқы ардагерлік ұйымдардың, тұрақты комиссиялардың, медиатоп төрағаларының жұмыстарын ерекше атап өтті. Олардың қатарында: Үстемірова Шәрипа Әбенқызы, Құсайынова Уляш Айтмағамбетқызы, Қоразова Майра Әлімханқызы, Жақыпова Мәнуар Жақыпқызы, Ысқақова Күлзира Ыдырысқызы, Шиврина Нелли Викторовна, Ағыбаева Раиса Мұхамедқызы бар. Көп жасаған, орденді Фаина Мартыновна Шкурко барлық өмірін партиялық-кеңестік және қоғамдық жұмысқа арнады. Журналист Татьяна Петровна Левченко шамамен жиырма жыл бойы ардагерлік қозғалысқа адал қызмет етіп келеді. «Алматы» ауданының «Әл-Фараби-2» Бастауыш ардагерлер ұйымының (БАҰ) төрайымы Галина Борисовна Карпова Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасының 30 жылдық мерейтой медалімен марапатталған. БАҰ ең үздіктерінің бірі Астана қаласының құрметті азаматы Нелли Викторовна Шиврина он жыл бойы мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізуде және ескерткіштерді қорғау бойынша тұрақты комиссия төрайымының міндетін атқаруда.

Нэлля.jfif

Радио.jfif

аппарат.jfif

Ардагерлер құрған халықтық ансамбльдердің саны жыл сайын артып келеді. Жоғары деңгейде өнер көрсету, сахнада жарқырау үшін тек талант пен батылдық қана жеткіліксіз, сонымен қатар табанды түрде жаттығу керек. «Халықтық» атағын иеленген мысалы, «Ветеран» хоры, жетекшісі Галина Ивановна Аксенова, «Әжелер шаңырағы» жетекшісі Күлаш Бектемірқызы Қосбармақова, сондай-ақ Гран-при лауреаты «Әдемі» ансамблі таланттарымен қоса қажырлы еңбектерінің арқасында жетістіктер биігінен көріне білді. Ардагерлер халықтық әуендерді, өткен жылдардың сирек орындалатын әндердін насихаттайды. «Ардагер көктемі» байқауының лауреаттары арасында «Есіл толқындары» халық хоры, «Қыздар-ай» би ансамблі, «Сағыныш сазы» ансамблі, «Березка» вокалдық тобы, «Әдемі» ардагерлер ансамблі бар. Көрермендер олардың концерттерінен зор ләззат алады. Көктемгі су тасқыны біздің барлық белсенді ардагер әйелдеріміздің сезім толқындарының асып-тасуына оң әсер етуде. Белсенді әрі бастамашыл ардагер Мәдина Бақтыбайқызы Мұрзабекова, Ольга Османовна Аушева, Гүлбадан Боржыханқызы Қуанышбаева, Ғалия Құсайынқызы Балтабай, Анисия Борисовна Цой, Қарлығаш Бәкенқызы Құспан, Күләш Қайланқызы Молдахметова, Баян Құрмантайқызы Бұлғақбаева, Ұрқия Алдажарқызы Акышева, Тания Татиева, Роза Өмірбайқызы Елубаева, Әмина Хамитқызы Жоламанова, Гүлнар Ғазизқызы Беспалинова, Қарлығаш Мұхамеджанқызы Ахметова, Александра Никитична Хрущева және басқа да көптеген құрметті нәзік жанды ардагерлер құрметке лайық. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ұйымдастыру-тәжірибелі менеджерлері Жанар Нұркешқызы Есенаманова, Роза Қарабекқызы Байсалбаеваның ерен еңбектерін атап өтеміз. Ұзақмерзімді жобаларға жауапты, қалалық Ардагерлер кеңесінің Жауапты хатшысы Салтанат Даулетханқызы Меңлібаеваның, кеңесшілер Жұмағайша Бодауқызы Акбергенова, Сауле Қапсалямқызы Махметова мен Айгүл Амангелдіқызы Айбасова аналық, әжелік борыштарымен қатар қоғамдық жұмыстарды аброймен атқаруда.

қыздар 2.jfif

Қарлығаш апай.jfif

Даналық, сұлулық және жүректілікті бойларына жинақтаған белсенді әйелдеріміз ардагер қозғалысының тірегі болып табылады. Олар ардагерлер кеңестеріне, бастапқы ұйымдарға, шығармашылық бірлестіктерге басшылық етіп, нәтижелі еңбек етуде. Бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға тікелей үлес қосып, жаңалыққа және ілгерілеушілікке бейімдіктерін танытуда. Қалалық ардагерлер кеңесі барлық елордалық ардагер ханымдарды Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтайды! Сіздерді алда жаңарудың, жаңа идеялардың, қажырлы еңбектің уақыты күтіп тұр. Жандарыңыздың қалауымен жасаған жақсылықтарыңыздың сіздерге бірнеше еселеніп қайтуына тілектеспіз!

                                            **Астана қалалық Ардагерлер кеңесі**