«Ұлы дала ойындары» дүниежүзілік деңгейде тойланады!
*Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев
«Ұлы даланың» заңды мұрагері ретінде қазақ елі ұлы дүбір тойға әзірленуде деп, аса маңызды ақпаратты өзінің 2024 жылғы 3 қаңтарда "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында жариялады*
«Ұлы дала ойындары» дүниежүзілік деңгейде тойланғалы отырған шараларға елордалық ардагерлер де кірісіп кетті.
Осыған орай 2024 жылы, 27 ақпан күні, сағат 11.00 де
Республика даңғылы, 2.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-патриоттық орталығында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Астана қаласы, Есіл ауданы ардагерлерінің бастауымен бес жылдық «ЕСІЛ ТОЛҚЫНДАРЫ» халықтық ардагерлер ансамблінің «Ұлы дала мәдениетінің туын көтерген «Қоянды жәрмеңкесін» 175 жылдығына арналған театрландырылған шоу бағдарламасы мен «БІРЖАН САРА» операсынан сахналық қойылымы және концертін осы тарихи сәтке арнады.
Астана қаласы, Есіл ауданы, «Есіл толқындары» Халықтық ардагерлер ансамблінің 5 жылдығы.
Жүргізушілер: 1.Серік Мәжінұлы Төлепбаев,
2.Қарлығаш Бәкенқызы Құспанова
- Армысыздар ағайын Кәдеңізге жарайын. Қазақтың ата салтымен Сәлемдесіп алайын!
2.Серік еткен өнерді серілерім, Үйде ата, сахнада перілерім. Желегі желбіреген келіншектей, Әжелер жүр жайраңдап керімдерім. 1.Қайран жастық қол бұлғап артта қалған, Қеткен жыл дарақ жүзге өрнек салған. Бүгінгінің қазыналы қариясы, Белсенді сергек оймен үлгі болған. 2.Әр жылдар біздер талай белден астық, Ән жырдан халқымызға шашу шаштық. Есілдің толқынымен тербетіліп, Оралғандай біздерге қайран жастық!
1.Құрметті өнер сүйер қауым, биылғы жылы «Ұлы дала ойындары» дүниежүзілік деңгейде тойланғалы отыр. Оған Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев аса маңыз беруде. «Ұлы даланың» заңды мұрагері ретінде қазақ елі ұлы дүбір тойға әзірленуде. Соның ішінде Астана қаласы ардагерлері де қызу қолдау көрсетіп, тойды бастап та жіберді. 2.Жетісудағы сан ғасырлық тарихы бар. «Ұлы жібек жолының» маңызы қандай болса, арқадағы атақты «Қоянды жәрмеңкесінің» де ел тарихындағы алатын орны ерекше. Бүгін сіздер Ұлы дала мәдениетінің туын көтерген «Қоянды жәрмеңкесін» тамашалайтын боласыздар. 1848 жылы маусым айында ашылып, 85 жылдай сауда менмәдениеттің ірі ошағына айналған жәрмеңкеде 1889 жылы телеграф тартылып, 1894 жылы банк бөлімшесі ашылған. Осыдан-ақ оның маңызын байқауға болады. Қәзіргі тілмен айтқанда ол өз заманында халықаралық ЭКСПО-ның рөлін атқарған.
1.Мәдени ойын-сауықтың туын көтерген Қояндыдан қазақ өнерінің майталмандары, сал-серілері, ақын-жыраулары қанаттанған. Алаш арыстарының да ізі қалған. Қазақтың кәсіби театрының да негізі қаланған. «Бір өзі, бір театр», баға алған Қалибек Қуанышбаев, алғаш рет осы жәрмеңкеде өнер көрсеткен. Қажымұқан, Балуан Шолақ, Керекудің Майрасы, Үкілі Ыбырай, Мәди, Әмре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жүсіпбек Елебеков, Тәттімбет, Иманжүсіп, Қали Байжанов, тіпті Біржан сал мен ақын Сара да болған, деген тарихи дерек бар. 2.Ұлы дала көшпенділерінің тарихында ерекше орын алған сол оқиғаға биыл 175 жыл болды. Соған орай, «Есіл толқындары» халықтық ансамблі театрландырылған шоу бағдарлама мен «Біржан Сара» операсынан сахналық қойылымды назарларыңызға ұсынады. 1.Сахнада Есіл ауданының «Есіл толқындары» халықтық ансамблі. Қарсы алыңыздар! «Алтын шыққан жерді белден қаз!», демекші бізде әлі талай қазына бар. Сыр сымбаты келіскен, Әніне тыңдаушыларын еліткен Фанида Нұрбаеваның орындауында бір тамаша ән тыңдаңыздар!
1.Қараөткел, Атбасар мен қыр айтады. Махаббат сағынышын жеткізуге Мариям – Дударайға сыр айтады. «Мариям Жагорқызыныің әні «Дударай».
Ансамбльдің Қыз-Жібегі, Сарасы, Жастайынан өнер тұнған санасы. Біздің Сәуле ансамбльдің примасы, Тағы да бір назар салып қарашы!
2.Сөзін жазған Серік Ақсұңқарұлы
Әнін жазған Есжан Әміров.
«Есіл мен Нұра-егізім» (орындайтын хор).
- «Арайлы Астана». Сөзі мен әнін жазған Кентау Назарбек Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздер тарихта болған халқымыздың дүлдүлдерінің өзін көрмесеңіздер де, асыл өнерімізді өлтірмей жаңғыртып келе жатқан олардың ізбасарларымен жүздестіңіздер! 2.Ұрпақ сабақтастығы, деген осы болса керек-ті. Олай болса таныс болдыңыздар! «1848 жылы қазақ даласына келіп, жәрмеңке ашқан Ресейдің Ялуторск қалашығының көпесі:
• Ботов Варнава Серафимович – Аязбек Жалмұхамбетов
• Көпестің маржасы Варвара – Лиля Әбу.
• Ботовтың досы Алексей – Алмабек Бердігалиев.
• Керекудің Майрасы – Фарида Нурдильдина.
• Дарабоз әнші Қали Байжанов – Карбоз Шпанұлы.
• Рахия Қойшыбаеваның әнін орындаған – Айкерім
Сейсенбина.
• Жәрмеңкенің әншісі – Қарлығаш Тяжина.
• Қымызшы келіншек, атақты Ғалия – Гүлнәз Мусина.
• «Бір келіншек», деп армандап жүрген жігіт –Сартай
Нұракишев.
• «Ақтамақтарын» жетектеп әнші жігіт – Төлеутай
Оразбаев.
• Ташкенттен арнай келген өзбек ханымы Михрибану –
Зулейха Ахметова.
• Жаршы жігіт – Қайырлы Байпеисов.
• Базарлы келіншектер – Жібек Қайырбекова,
Тамара Өтегенова.
• Арқаның ақиық ақыны Біржан сал – Алтынбек
Бейсембаев.
• Жетісудің жел жетпеген жүйрігі ақын Сара – Нұрсәулет Алдажұманова.
- Сахналық постановканы Қоюшы–режиссёрі, сценарияның авторы, жүргізуші – ҚР «Мәдениет және өнер саласының үздігі», «Ардагерлер ұйымы» РҚБ «Құрмет Белгісі» төс белгісінің иегері Қарлығаш Құспанова.
-
Концертмейстер – Қазақстан Республикасы «Білім беру саласының үздігі» Мейрам Елюбаев. 2.Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, хор дирижері – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі иегері Фанида Нурбаева. 1.2.Келесі кездескенше хош, аман болыңыздар!
**Құспан Қарлығаш Бәкенқызы Астана қаласы,2024 жыл,27 ақпан**