ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН,АҚ МОЛ БОЛСЫН
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен «Байқоңыр» ауданы Ұлы Отан соғыс ардагерлерін шын жүректен құттықтады
Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған.. Қазақ халқы Наурыз тойын өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабыралы өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған. Қазақ мереке күні үйіне шақырылмай келген құдайы қонаққа ерекше қуанады. Себебі, қазақта мынадай бір ұғым бар. «Үйге қонақ келуден бұрын оның дәмі өзінен бұрын кіреді, қонағы көп үй «берекелі болады», қонақпен ілесіп үйге құт қонады, бірі Қыдыр, осы келген қонақтың бірі Қыдыр болуы мүмкін» — деп сенеді. Қазақ халқындағы Наурыз қүнінің тағы бір басты ерекшелігі сол күні бір-біріне жолыққан адамдар ерекеше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді. Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, айтары мен үйретері мол аталар мен әжелер арнайы дәмге шақырады. Не арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға әр түрлі сыйлықтарды сыйға тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп, жақсы сөздің уыз батаның, ақ тілектің күшіне кәміл сенеді. Бата алған адамдардың жүрегі қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді. Сол себептен де орнатылған салт-дәстүрді әрі қарай дәріптеу мақсатында «Байқоңыр» ауданы әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы, Мәслихат депутаттары Уразалина Динара Аманболовна, Разбекова-Толеуханова Ляззат Муратовна, Дженалиева Салтанат Мұқанбетпанақызы, Купенов Нурлан Маратович. әкім орынбасарлары Досмаганбетов Рамиль Майшулянович, Байжанов Жасулан Балталиевич, Бурлибаев Санжар Таскинбаевич, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бапишев Кенжебулат Сапарович Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Ұлыстың ұлы мейрамымен құттықтады. Арнайы сыйлықтарын тарту етіп, біраз әңгіме дүкен құрасты. Ал ардагерлер болса, өз бастырынан өткен қызықты әңгімелерін айтып, уақыт тауып көңіл бөлгендеріне ризашылықтарын айтып, ақ тілектерін жаудырды. Ерен еңбектеріне, жақсы мейірімді жүректеріне, еңбектері халыққа қуаныш сыйлап, нұрға бөленуіне тілек білдірді. Біліктіліктерін одан әрі шыңдап, биік шыңдардан көрінулеріне, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тіледі. Мәслихат депутаттары басқа да соғыс ардагерлерін Сафаров Абдурахман, Махамбетов Мысалы және Сивоконь Валентина Семеновнаны мерекелерімен құттықтады.
Ұлы Отан соғыс ардагері Кулик Михаил Григорьевичтің 95 жасқа толуымен құттықтау сәті, құттықтаушылар «Байқоңыр» аудан әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы, Мәслихат депутаты Купешов Нурлан Маратович. Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бапишев Кенжебулат Сапарович
Ұлы Отан соғыс ардагері Сергиенко Павел Лукич, Мәслихат депутаты Купешов Нурлан Маратович. «Байқоңыр» аудан әкім орынбасары Бурлибаев Санжар Таскинбаевич, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бапишев Кенжебулат Сапарович
Ұлы Отан соғыс ардагері Губарева Анна Ивановна, Мәслихат депутаты Дженалаева Салтанат Мұқанбетпанақызы, «Байқоңыр» аудан әкім орынбасары Байжанов Жасулан Балталиевич
«Байқоңыр» ауданы, Ардагерлер Кеңесі