Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

МАҢЫЗЫ ЗОР КОНЦЕРТ!

МАҢЫЗЫ ЗОР КОНЦЕРТ!

Таяуда, мамыр айының 19 күні Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы академиялық филармониясында «Ардагерлер көктемі» атты көркем фестиваль өтті.

Байкешов Рзағұл.jpeg

Осынау маңызды, ұлағаты мол көркем іс-шараны ұйымдастырған – Астана қалалық ардагерлер Кеңесі мен Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» басшылығы. Ардагерлер өнерінің фестиваль-концертіне жиналған көпшілік жұрттың көңілін бірден көтеріп, жақсы бір әуен өз ырғағына іліп әкетті. «Әлем» замануи би балетінің «Өрелі кер» биімен басталған концерт жұртты бірден елең еткізді. Мұндай ерекшелікті күтпеген аға буын көрермен таңырқап, бірден қызығушылық танытты.

Байкен Е.Б.jpeg

Осылай жақсы нотада басталған фестиваль - Астана қаласы әкімдігінің «2025-2029» жылдарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасы аясында , Ұлы Жеістің 80 жылдығына арналыпты. Бұл фестивальдың мақсаты – аға буын өнерапаздардың шеберлігін жетілдіру, жастар арасында көне мәдени құндылықтарды насихаттау және зейнетте жүрген ардагерлердің бойындағы белсенділікті қолдау және оған мүмкіндіктер жасау.

Бастық.jpeg

Игі шараның кең өріс алып, биік дәрежеде көрінуіне жетекшілік пен қамқорлық жасап отырған әкімшілік тарапынан қала әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы сөз сөйлеп, көрермендерді және фестивальға қатысушы ардагер өнерпаздарды өткізілетін шараға байланысты ыстық лебізін жеткізіп, құттықтау айтып, концертті ашып берді. Әсіресе Есет Берікұлының : «Аға буынның бойында тек еңбек пен парасат қана емес, өнер

Әдемі.jpeg

де бар екеніне көзіміз жетіп отыр» деген шынайы жылы сөзі ардагер өнерпаздарға да, қатарластарының өнерін тамашалауға келген көрермендерге де ұнады. Қала жұртшылығы көруге жиналған көрнекті фестиваль – концерт сәтінен бұрын қаншама дайындық жұмыстары атқарылғанын айтпасақ та белгілі. Байқаудың аты байқау. Ол жерде әрбір ұжым өз өнерін шынайы көрсетуге талпынады, бірақ нәтижесінде үздіктің үздігі ғана көптеген көрермен алдына, үлкен сахнаға шығатыны айдан анық. Елордадағы барлық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында» келуші зейнеткерлер сол ортада өнерлерін шыңдап жүрген творчестволық топтар түгел қатысты. Солардың ішінен оза шығып, алға шыққан ансамбльдер, топтар және жеке орындаушылар «Ардагерлер көктемі» фестивалінен көрінді. Байқаудан сүрінбей өтіп, үлкен мерекелік сахнаға –«Ардагерлер көктемі» фестиваліне шыққан көркемөнерпаздардың шығармашылық ұжымдарының фестиваль сәтінде марапатталу рәсімі де көрермендерге ұнады әрі қатты қуантты.

Қара кемпір.jpeg

Шын мәнісінде үлкен сахна төріне кілең таланты да дарынды жандар жиналыпты. Олардың шынайы өнерін тамашалау кімге болса да үлкен әсер қалдыратыны айдан анық. Бұл жолы әуесқой ардагер өнерпаздар ешбір белгілі өнер иелерінен кем емес екендерін танытқан сияқты. Әрине, музыканың нағыз мамандары басқаша бағалауы ықтимал, бірақ осы концертті көріп отырған көрермендер үшін бұл қымбат дүние. Сахнада өнер көрсетіп, сол өнерлерінің арқасында марапатталып жатқандарын көріп отырған көрермен қауым - Елорданың аталары мен әжелері қатты риза болды. Олардың талаптары мен өнерлері қандай марапатқа болса да лайықты екенін барша жұрт бірден сезінді. Фестивальды тамашалауға келген қарапайым көрермендердің де пікірі ерекше еді. Үш-төрт әжелердің өзара әңгімесін тыңдаған кезде, солардың біреуінің: «Осы біздер талай тегін өтетін үлкен концерттерге барып жүрміз. Ол үшін ардагерлер Кеңестеріне рақмет, бірақ бүгінгі фестваль-концерт бәріміздің көңілімізден шығып отыр. Белгілі өнер иелерінен еш кем емес. Жақсы бір ләззат алдық» деген пікірін естіп, біз де қуанып қалдық. Бірінші болып сахнаға Байқоңыр ауданының өнер ұжымы «Пролог», Сарыайшық ауданының «Дайдидау» өнер ұжымы «Қара кемпір» , Сарыарқа ауданының «Магия вальса» би тобы, «Вальс фронтовой медсестры» биін , Алматы ауданының «Березка» вокалдық тобы «Победа» әнін, Есіл ауданының «Есіл толқындары» халықтық ансамблі «Жас қазақ» әнін , орындады.

президиум.jpeg

Зал толы жұрт осы ұжымдардың тамаша көріністерін, әндерін тебірене тыңдап, сонау бір соғыс жылдарындағы өздері кинодан көрген көріністерін елестетіп фестивальдың әр номерлеріне таңдана қарап, беріліп тыңдап отырған кездің бір сәтінде жүргізуші сөз кезегенде «Қазақстандағы ардагерлер үйымдарының құрылғанына, Елордадағы ардагерлер үйымының алғашқы төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бутенко Михаил Сергеевичке тоқталып, бүгіндері оның ізін басқан, қазіргі таңдағы Астана қаласының ардагерлер Кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, Астана қаласының Құрметті азаматы Есілов Сансызбай Сейітжанұлын сахна төріне шақырды. Қазылар.jpeg

Қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Есілов бұл фетивальді өткізуді «Ұзақ өмір сүру» орталықтарының директоры Мұқтар Дүйсенұлы Еркетаевпен бірге жыл басынан бастап жоспарлағандарын айтты. Бүгінгі сахнада өтіп жатқан қорытынды концерт екенін еске салды. Осынау маңызды байқаудың бір апта бойы өткенін және қатысушылардың жеткілікті болғанын мақтанышпен жеткізді. Жеңіске жеткен ұжымдарды құттықтап, оларды марапаттады. Бұдан соң кезек жеке орындаушыларға тиеді. Бірінші болып Байқоңыр ауданының өнерпазы Төребек Әбдіразақ Тәкірұлы шығып, «Әке туралы ой» әнін ырқады. Бұдан соң Нұра ауданының «Қыздар-ай» би тобы «Эхо войны» әніне қосылып билерімен соғыс жылдарын елестетті. Сарайшық ауданының «Дайдидау» ұжымының солисі Үмітжан Смайылқызы Кикимованың орындауында «Жалғыз арша» әні үлкен тебіреніспен шырқалды. Италиянцы.jpeg

Бұлардан соң кезек Алматы ауданы «Әдемі» хорының орындауында «Ана туралы баллада» әнімен жалғастырылды. Оларды Есіл ауданының «Қазына» ұжымы «Балбырауын» күйін тамылжыта шертті. «Шырқа гитара» клубының әншісі Бибіжамал Сұлтанованың орындаған авторлық әні көрермендерге ерекше ұнады және таңқалдырды. Концерт соңына қарай Алматы ауданы өнерпаздарының «Кумпарсита» биі, «Әдемі» ансамблінің солисі Гүлбаршын Матаеваның орындауындағы «Бұлбұл» әні «Әлем» замануи би балетінің көрінісімен көркемделді. Фестиваль соңы «Сағыныш сазы» ансамблінің «Беу,айдай» әнімен аяқталды. Концерттің соңы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің нақышына келтіріп орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні барша қатысушыларды рухтандырып бірге шырқатты. Көрермендер көпке дейін қол шапалақтап, гүлдер сыйлап, өнерпаздарға қошамет көрсетіп осы әнді орындады. Осынау маңызды, шарапаты мол іс-шараның бас-қасында ұйытқы болған Астана қалалық ардагерлер кеңесі мен Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызметкерлерінің еңбектерін де атап өтуге болады. Фестивальға қатысушылардың өздерінің де пікірі бар. Олар: «Осындай өнер байқаулары жиі өткізіліп тұрса және өнер жолында жүргендіктен біздердің жастық шағымыз қайта еске оралатын сияқты» дейді. Шынында солай. Үйде отырып, немере бағып жүрген әжелер бір уақыт болса да өздері ұнататын өнермен қатарлас жандармен бірігіп, көңіл көтергенге не жетсін. Әр ауданның көркемөнерпаздары атсалысқан екен, соның нәтижесін фестиваль-концертте филармония залы толған көрермендер тамашалады. Жақсы безендірілген сахналық көріністер де орындаушылардың шырайын жақсартып, жанға ләззат бергені де айқын. Жиналған көрермен қауым көтеріңкі көңіл күймен, жақсы бір сезіммен өнер көрсеткен ардагер аталар мен әжелерді қимай-қимай тарасты.

                **Баянды ӘЛПИ, Алматы ауданы
                ардагерлер Кеңесінің мүшесі******