О РОЛИ КАЗАХСТАНЦЕВ В ПАТРИОТИЧЕСКОМ ВОСПИТАНИИ МОЛОДЕЖИ
БЕЙНЕ-КОНФЕРЕНЦИЯ ВИДЕО-КОНФЕРЕНЦИИ
Фронт-Офис,131 каб. 12.02.2021 жылы сағат: 11:00
Идентификатор:.76511737096 пароль: Cs0mVF
Модератор және негізгі спикер Дүйсенов Е.К.
Қалалық және республикалық Қоғамдық Ардагерлер Бірлестіктері мен ұйымдары және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университетінің ардагерлер ұйымы мен шәкірттерінің қатысуымен конференция өтті. Сегодня на конференции принимают участие представителей четырех районных ветеранских организаций города, которые являются филиалом Центрального Совета ветеранов, председатель г-н Измухамбетов Б.С, преставители управлений внутренней политики, молодежной политики, соцобеспечения, а также представители Союза ветеранов войны в Афганистане и других локальных конфликтах РК, представители Совета ветеранов ДВД города и Казахского агротехнического университет им. С.Сейфуллина и их студенты. А также г-н Молдагалиев М. Ж. , председатель правления реиональной общественной организации АТАМНЫҢ АМАНАТЫ-«Atamnyn Amanaty», руководитель поисковой группы. «Ұлт болашағы-келешек өскелең ұрпаққа патриоттық тәлім-тәрбиедегі қазақстандықтардың рөлі». "О роли казахстанцев в военно- патриотическом воспитании подрастающего поколения".
1.Осанов Серик Айдарханович -первый заместитель председателя Союза ветеранов войны в Афганистане и других локальных конфликтах РК, полковник запаса
2.Утебаев Бегендык Сауытович-председатель Совета ветеранов Аграрного Университета имени С. Сейфуллина
3.Баяхметов Бағлан Солтанович - член ОО Союза инвалидов и ветеранов войны в Афганистане города Нур-Султан
4.Молдагалиев Мурат Жанатаевич -председатель правления ОО«Atamnyn Amanaty» (ПРЕЗЕНТАЦИЯ)
5.Кішкентаев Қаршыға Балданұлы-председатель Совета ветеранов ДВД города Нур-Султан
6.Артықов Ғани Асылбекович-Советник начальника департамента Вооруженных сил и обороны города Нұр-Сұлтан, полковник запаса
Уважаемые участники конференции, все спикеры выступили, поступили предложения... Призываю все общественные организации обьедениться и приложить усилия в исполнении:
-АТАМНЫҢ АМАНАТЫ - ЗАВЕТЫ ПРЕДКОВ:
-БЕРЕЧЬ РОДИНУ- ОНА ОДНА, КАК МАТЬ
-ЦЕНИТЬ НАРОДНЫЕ ТРАДИЦИИ, КАК ДОСТОЯНИЕ
-АТА-БАБА АМАНАТЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ...
Организовать челленджи, фото галлерею, выставку писем из фронта,фронтовые трофеи дедов и отцов...
**«Жарияланбаған соғыс» жаңғырығы**
С.Осанов полковниктің сөзі сөйлеген
Осыдан 32 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан жерінен шығарылды. 10 жылға созылған бұл соғыс талай шаңырақты шайқалтып, қайғы қасірет әкелді.
Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. 1980 жылдардағы жастардың еншісіне тиген сынақ – Ауған соғысы болды.
Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанған 22290 қазақстандықтың 926-сы сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты. «Интернационализм» деген саяси науқанның құрбандығына айналған боздақтарымыздың елге тек темір табытқа салынған денесі келді.
Талайына бұл бақыт та бұйырмай, сүйегі мәңгілікке жат жерде қалды, есімдері хабар-ошарсыз кетті деген тізімге ілінді. Із-түзсіз кеткен 15(21) боздақтың ата-анасы бұл қаралы хабарға сене алмай, осы уақытқа дейін перзентінің жолын тосуда.
Жаны мен тәні дертке шалдығып, әртүрлі жарақаттармен елге мүгедек болып оралған 1770 жауынгердің миында «ауған синдромы» мәңгілік жазылмас жара болып қалды. Сол кездгі жарқылдаған жас – бүгінгі ардагердің алды 62-ге келсе, соңы 52-де. Сұрапыл соғыс зардабы осы күнге дейін жалғасып, ұрыс даласында алған түрлі мертігу салдарынан, ардагерлеріміз жігіт ағасы жасына жетер жетпесте өмірден озып жатыр.
Тарихта «жарияланбаған соғыс» деген атпен қалған Ауған соғысының қазақстандықтарға тигізген зардабы міне осындай қасіретті болды. Тұтас бір елдің тағдырын тәлкек еткен, миллиондаған тағдырларға қайғы-қасірет әкелген бұл соғыс адамзат тарихында мәңгі қалары анық. Себебі Ауған соғысының тарихы қыршын кеткен боздақтар мен қаһармен батырларымыздың қанымен, жалғызынан айырылып, қара жамылған аяулы аналарымыздың көз жасымен жазылған тарих.
Сұрапыл соғыстың аяқталғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның саяси сабағы мен тарихи бағасы осы уақытқа дейін берілмей келеді.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары көптеген шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан аумағын енуін басқыншылық әрекет деп жер дүниеге жар салды. Батыстық журналистер біздің сарбаздардың бейнесін бейбіт ауған жеріне баса көктеп кіріп, қарапайым халыққа зорлық-зомбылық жасап жатқан нағыз азғын, қанішер ретінде көрсеткен сенсациялық мақалаларын жарыса жариялап жатты. Ал шын мәнінде Кеңес әскері Ауған жеріне Ауғанстан Үкіметінің бірнеше рет көмек сұраған ресми түрдегі өтінішінен кейін кіргізілді.
Ең өкініштісі, күні бүгінге дейін кейбір БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың Ауған соғысы ардагерлерін негізсіз айыптаған құйтырқы әрекеттері толастар емес. Негізінен мұндай айыптаулар әдетте, соғыстың ащы дәмін татпаған, әскер қатарында болмаған азаматтар тарапынан болып жатады. Сол соғысты өз көзімен көрген қазақстандық жауынгер ре¬тін¬де менің айтарым, Ауғанстанда соғысқан қазақстандық жауынгерлер әскери бұйрықты орындау кезінде жоғары патриотизм мен әскери ант пен борышқа деген адалдықтың нағыз үлгісін көрсеткен, ержүрек сарбаздар.
Біздің жауынгерлер ол жаққа ақы алып, келісімге оты¬рып, жалдамалы әскер ре¬тін¬де аттанған жоқ, Отан алдын¬дағы борышын өтеу¬¬ге барды. Бұған дейін Ауғанстанды тек картадан ғана көрген бозбала, бастапқыда тіпті қан май¬дан¬¬¬ның ортасына түсетіні¬н де білм嬬ді. Соғыс алаңында от кешіп, қайсарлық танытқан жастардың жасы сол кезде небәрі 18-20 арасында болатын. Өзі қатарлас құрбы-құрдас¬та¬ры бейбіт Отанында, ешбір уайым-қайғысыз өмір сүріп, қызық пен шаттыққа бөленіп жатқанда, жасы 18-20-ға жаңа толған бозбала Ауған даласында тозақ отының ортасында жүрді.
Елге деген сүйіспеншілік, Отан алдындағы борышын өтеу, әскери ант пен сертке деген адалдық сол кездегі жастардың бойындағы қасиет болса керек. Себебі Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарында болғандардың абыройы ол кезде бармағандардан биігірек болатын. Ал қазір, өкінішке орай, бейбіт күннің өзінде жастарымыз жасықтық танытып, Отан алдындағы борышын өтеуден саналы түрде бас тартып жатады. Бәлкім, бұл отаншылдық тәрбиенің әлсіздігінен болар.
Өмір мен өлім арасындағы қанды шайқаста батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен қазақстандық жауынгерлер, елге оралған соң Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында адал қызмет етті. Бүгінгі күні Ауған соғысының ардагерлері әр салада табысты еңбек етуде. Олардың арасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталғандары да бар.
Қазақстан Үкіметі 2019 жылғы 3 шілдеде № 467-ші Қаулы қабылдап, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін» толықтырды. Құжатқа сәйкес, елімізде 15-ақпан «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні» болып ресми танылды және бекітілді. Қазақстанға, әлемдегі әрбір елге бейбітшілік тілейтін Ауған соғысы ардагерлері үшін бұл – қасиетті күн. Бұл күн – өрімдей жігіттерді ерте есейтіп, мыңдаған адамның тағдырына балта шапқан сұрапыл соғыстың тоқтаған күні. Бұл күн – Отан алдындағы анты үшін жанын қиып, шейіт кеткен боздақтардың есімі, Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі ұлықталар күн! Біздің тілегіміз, енді қайтып мұндай зұлмат болмасын. Еліміз тыныш, бейбітшілік мәңгі болсын!
*Қалалық ардагерлер кеңесі*