ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕР САПАРЫ!
ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕРЕКЕСІ!
Астана қаласы Есіл ауданының «Есіл толқындары» халықтық ансабль Астанаға қанаттас Қосшы қаласына 2026 жылы, 17 маусым күні барып, өнер сапарымен концерт қойып қайтты. Бұл өнер сапарының жолы бөлек. Биылғы жылы Қосшы қаласына бес жыл толмақ. Әрине бұл айтулы дата болмаса да қосшылықтар үшін атап өтуге болатын мереке. Сол іс-шара басталып та кетті. Астанаға серіктес қаланың тұрғындарын құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлауды ниет еткен «Есіл толқындары» арнайы бағдарлама дайндапты.
Әрине бұл ансамбль классикалық шығармалар орындауда әсіресе опералардан сахналық қойылым жасауға шеберлігімен жұрт назарында жүрген бірегей өнер ұжымы екенін осы жолы да жарқырата паш етті. Мұхтар Әуезовтың «Айман Шолпан комедия сына арналған постоновканы көргендер де көрмегендерде арманда десек әділетті болар. Ғажап ариялар мен күлкіге қарқ қылатын кейіпкерлері мен көрермендерді бір серпілтті. Бір ғана Көтібар образы бір спектакльдің жүгін көтеретін өте күрделі, қайшылықты кейіпкер. Сол жауапкершілікті ардагерлер тамаша алып шықты. Тіпті олардың кәнігі әртіс емес жай ғана зейнеткер екеніне таңданасың. Ол әрине үлкен еңбектің, ізденістің арқасы. Қойылымды қойған ансамбльдің режиссері, мәдениет және өнер саласының үздігі ,қатардағы зейнеткер Қарлығаш Бәкенқызы Құспанованың еңбекқорлығы мен өнеріне сүйсінбеу мүмкін емес. Ол Сонымен бірге басты кейіпкер Айман образын кәнігі артистей алып шықты. Әрі осы концерттің сценарин жазып жүргізуші міндетін де шебер алып шықты. Сондай-ақ басқа кейіпкерлер де өздеріне бекітілген образдарды мінсіз орындады десек артық айтқандық емес. Бұл шығарма музыкалы комедия болғандықтан ән мен хор қатар өрбіп отырады. Ансамбль мүшелері диапозоны жоғары күрделі ария мен хорларды орындағанда еріксіз таңдай қағасың. Концерттің екінші бөлімі жеке орындаушылардың әнімен жалғасып, ән айтыс, хор шығармаларымен көркемделді.
Көрермендер әрбір әншіге ықластарын төгіп дуылдата қол соғып сахнадан жібергісі келмеді. Қорыта айтқанда «Есіл толқындары» халық ансамблі шеберліктері толысқан, талғамдары жоғары, репертуарлары бай және халқымыздың інжу-маржаны саналатын халық әндеріне негізделген көркемдігі басым өнер ұжымы екенін тағы бір дәлелдеді. «Есіл толқындары» халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі Фанида Нұрбаева мен концертмейстр Мейрам Елубаевтың ансамбльдің деңгейін көтеріп ардгерлерге үлгі болғанына ризашылық білдіреміз.
Тойларын бастап берген ізгі ниетті әріптестеріне Қосшы қаласы әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі алғыс хат табыстап, гүл шоқтарын ұсынып құрмет көрсетті. Бүгінгі зейнеткер, кешегі еңбеккер, қоғам қайраткері, өз мамандығының шебері, тәжірибеіл, көргені мен түйгені мол, зиылы елордалық ардагерлердің ерекше белсенділері. Біз үш жиырма бестің жігіттері мен қыздарымыз деп өз өзімізді сүйемелдеп қоямыз, себебі мемлекет тарапынан «Белсенді ұзақ өмір сүру» кешенді бағдарламасы зейнеткерлерге арнайы қабылданғаны да бекер емес, қартайған шақта біреуге тәуелді болғаннан гөрі, белсенді, мерейлі өмір сүріп, әр зейнеткерге рухани азық болған ортаны және ардагерлер ұйымының қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына қосары мол болуына, тәуелсіз мемлекетіміздің өскелең ұрпағы болашағымызға үлгі тұтатын, казаққа тән құндылығымызды қадірлеп ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға ұлесімізді қосайық.
Осындай әні мен сыры үйлеске қанаттас қалалардың басшылары, елорданың ардагерлер ұйымының төрағасы С.С.Есіловтың, Қосшы қаласының ардагерлер ұйымының төрағасы Қабділбар Көпжасарұлы мен және Есіл ауданы ардагерлер ұйымының төрайымы Шәрипа Әбенқызының еңбектеріне алғысымыз шексіз Келешекте кездесулер кеңінен жалғасуына тілектеспіз !
Астана қалалық ардагерлер
кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Меңлібаева