Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

Рухани байтұлға 90 жаста!

90- ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕСТЕЛІК Рухани байтұлға немесе кітаптарды қадірлейтін Азамат

Қасым Аппасұлы Тәукенов ағамызды жастау кезімде сырттай білуші едім. Олай білуімнің себебі, ол кісінің бажасы Бурабай ауданында, отыз жылға тарта білім саласын басқарған, білім саласының жоғарғы дәрежелі мараппаттарына ие болған, бүгінді марқұм Исай Ибраевпен ұзақ жыл дос болдым, сол кезде бір- екі рет кездесіп едім.

достар.jpg

Бірде сәті түсіп, ол кісінің үйіне Исаймен қонуымызға тура келіп еді. Ол кезде Қасым ағамыз обылыстық атқару комитетінің төрағасы болатын, біз барғанда бір ауданға жол жүріп кетіпті. Қонақ аз отырып, көп сынайды демекші, бөлмелерді аралап көрдік. Сонда байқағаным, бір бөлмесін қазақи дәстүрмен безендіріп қойыпты. Еденде баяғы аналарымыз тоқыған алаша, қабырғаларда ұлы батырлардың қару жарақаттары, қамшы т. б. ата- бабаларымыздың күнделікті тұрмыста пайдалынатын заттары. Екінші бір бөлме, ол кісінің қағаздармен жұмыс істейтін орны екен. Бұл бөлмеде үстел, сосын бір қабырғасы еденнен бастап, төбеге дейін кітаптар сақтайтын орын. Былай көз жүгіртіп қарап едім, неше тұрлі құнды кітаптар бар екендігіне көзім жетті. Бұрын еститінмін барған жерінде кітап дүкеніне кірмей кетпейді-деп. Бір ауданға бірінші хатшы болып барғанда, кітап қоймасын аштырып, шашылып жатқан кітаптардың ішінен бірнеше өзіне керек кітаптарды тауып алыпты. Бірде өз көзіммен көрдім, Сілеті ауданыны келгенде екі –үш кітапты қолтығына қысып ұстап жүргенін. Ақын Музафар Әлімбаев пен ғалым Тұрсынбек Кәкішев Сәкен жүрген жолдармен деген экспедицияға шыққанда, Атбасарда Қасекеңнің үйінде болғандығын Алматыда Мұқағаңның үйінде қонақта болғанда, ақын ағамыз айтты: Қасымның үйінде Алматының республикалық кітапханасында жоқ кітаптар бар екен-деп. Ағаңның үйінде болғанда, зайыбы Майраш айтты: қай кітаптың қай жерде тұрғанын біледі. Біреу байқаусыз орнын ауыстырса, қатты ренжитін–деп. Міне осыдан ол кісінің кітапқа сүйіспеншілігін байқауға болады. Менің болжауымша, ол кісі жақсы маман, басшы ғана емес, рухани бай адам. Сол кітаптардан алған білімінің арқасында, өзі бірнеше кітаптың (авторы) иесі болып отыр. Менің кітапханамда ол кісінің бес қазақша–орысша кітаптары бар. Олар «Кешеден келдік бүгінге» «Абай бол арлан», «Поклонись тюркам» т.б. кітаптар Қасекеңнің досы марқұм Нұрғожа Оразов кітаптың алғашқы бетінде былай –деп ой қозғайды: «осы бір естелік Сіздерге ұсынылып отырған, осы бір естелік эсселерінде, автор намыс туын жоғары ұстап, елінің елдік қасиетін сақтап қалуға тырысқаны жөніндегі жайларды оқып, танысасыздар» десе автор ... қысқасы көп ойланып, көп толғанып, көрген білгенімді, өмірден жиған ойымды, тергенімді, ой елегінен өткізіп жылдар бойы, іштей қорыта жүрдімде, қалтқысыз қаз-қалпында айтып беруге, бел будым. Бұл менің имандай шыным. Сеніп қағазға түсіріп отырмын-дейді. Кітап өте жабайы тілде жазылған, оқи отырып жазғанының бәрі шындық екеніне көз жеткізесің. Менің кейіпкерім өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында өмірге келсе, ол қандай заман болғанын кітап арқылы болса да білесіздер. Ауылдарда көшпелі халықты тұрақтандыру мақсатында ұжым шаралар құрылып, байдың малын, жерін тартып алып, кедейлерге беріп, халықтың хал жағдайын теңестіремін – деп асыра сілтеушілікке ұрынып жатқан кез болатын.Одан отыз жетінші жылдардың қуғын-сүргіні, екінші дүние жүзілік соғыс, соғыстан кейін халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңі, елуінші жылдардың басында тың игеру науқаны. Осылардың бәрін жас жігіт Қасым басынан кешірді, куәсі болды. Сондай қиыншылықтарды ата-анасымен бірге көріп ой түйді. Ақмола обылысының Целиноград, Астрахан, Ерейментау, Атбасар аудандарында Ақмола, Көкшетау қалаларында лауазымды қызметтерін атқарып, сол өңірлердің халқымен етене танысып, ол елдердің табиғатымен, халқымен терең танысуына мүмкіншілік алды. Мысалы, Ерейментау ауданында аңшылықпен айналыса жүріп, тарихи орындармен танысты. Онымен қоса, сол елдің атақты қарты Көшербай ақсақалмен жолдас болып, аңшылық өнерімен, сол өңірдің аңыз әңгімелерін тыңдап жүрді. Қасекең онымен қоса облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында маңызды мәселелерді көтеріп, өз ойларымен бөліседі. Мысалы, соңғы уақытта шыққан «Атты адамның ақылы төбесінде» мақаласында елімізде жол апатынан мыңдаған адамның опат болып жатқандығын қынжыла жазады. «Бүгінде жол апаты әліде өршіп тұр.Бұл мақаласында мынандай жолдар бар бүгінгі заманның аты автокөлік. Көлік тізгінін қолға алған, әр адамның арқасы қозып, қызбалыққа салынуы бекерден бекер болмас» Қасым Аппасұлы, қатардағы мал дәрігерінен обылыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына көтерілгенде, ол кісіні бойына, түріне қарап өсірмеген шығар. Ол ағамыздың білімділігін, басқару қабілетінің жоғарылығын, халықпен етене жақын жұмыс істей алатындығын ескерген болуы керек – деп ойлаймын. Қазір естимін партиялық функциянерлерді дәріптей бермеу керек- дегенді. Ағамыз сол дәуірде өмір сүргеніне, қызмет атқарғанына кіналы емес қой. Меніңше, дәуірге емес, еңбегіне қарай бағалау керек. Сол қызметтерде жүріп, біраз адамдарға шапағаты тиген шығар-деп ойлаймын. Солардың біреуі өзіммін. Студент балаларымның жағдайына байланысты көлік қатынасы жақсы жаққа ауысу керек болды. Марқұм М.С. Есмағамбетова облысқа жұмысқа аламын, әзірше істей тұр –деген. Бір жылдан аса уақыт өтті, ол кісіден хабар болмады, сосын әрекет жасап, Ақкөл ауданына ауысқым келді. Аудан жібермеді. Сосын Қасым Аппасұлының қабылдануына кіріп, жағдайымды айтып түсіндірдім.Ақкөл, Сілеті ауданының басшыларымен, менің көзімше сөйлесіп, орынбасары С. Ж. Жалмағамбетоваға тапсырма берді. Сөйтіп, сол кісінің көмегімен Ақкөл ауданына қызметке ауыстым. Сол кісінің әр жерде істегенде өтінішпен кіргендер аз болған жоқ шығар. Қасым аға, тоқсанның төріне шықтыңыз, құтты болсын! Бізде Сіздің өкшеңізді басып келеміз. Сіз бір кітабыңызға былай- деп жазып едіңіз: Ереке! Ғұмыр бақыт тілеймін. Естелік жазуыңа тілектеспін, көрген білгенің мол. Ел азаматысың ағаң Қасым. Сол ұсыныңызды орындап, Жайық Бектұровпен, Сағадат Нұрмағамбетовпен айналыстым. Қазір Жұмабек Ташеновтің тарихтан өзінің лайықты орнын алса, деген ойдамын. Бірақ оны тыңдайтын құлақ болмай тұр. Аға, осылай алдымызда жүре беріңіз, біз інілеріңіз, соңыңыздан еруімізге Алла тағала жазсын- демекпін.

Еркін Дәуешұлы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.