СОҒЫС АРДАГЕРІ СӘРСЕМБАЕВ ТАЛҒАТБЕК ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК.
Соғыс ардагері Сәрсембаев Талғатбек туралы естелік.
1135-ші Сальск атқыштар полкінің командирі Сәрсембаев Талғатбек Сәрсембайұлы (10.09.1924 - 05.06.1993) Франкфурттан оңтүстіктегі Одер өзенінің батыс жағалауындағы шайқас үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 1945 жылдың 16 сәуірінде, қарсыластың қатты қарсылығына және жойқын артиллериялық минометтік оққа ұшырап , өміріне тікелей қауіп төніп тұрған жағдайда, Талғатбек өз взводын жау бекіністеріне шабуылға бастап, жау траншеясына баса-көктеп еніп, 25-тен астам немісті жойып, 10 тұтқындады. Жеке өзі 4 қарсыластардың жуаынгерлерін өлтірді.
Сәрсембаев Талғатбек Сәрсембайұлы (10.09.1924 - 05.06.1993)
Талғатбек Сәрсембайұлы Сәрсембаев 1924 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Астана) жұмысшы отбасында дүниеге келген. Жамбыл атындағы №4 орта мектепті бітіріп, сол оқу орнында мұғалім болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Талғатбек Сәрсембайұлы майданға аттанды. Ол сонда 18 жасқа жаңа ғана келген еді. 1942 жылы ол әскери-пехота училищесіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін Талғатбек 3-ші Беларус майданының автоматшылар батальонында соғысты жалғастырды. Взвод, содан кейін рота командирі болды. Ол жауынгерлерімен бірге Висла өзенінің бойындағы Варшава қаласы үшін шайқасты. Қанды шайқастарда автоматшы-солдат, лейтенант Сәрсембаевтың берік ер мінезі мен мен шеберлігі қалыптасты. Әскери басшылардың қазақ жауынгеріне берген мінездеменің қысқа жолдарынан сол шайқастардың ауыртпалығы мен маңыздылығын түсінуге болады.Онда: «Висла өзенінің Магнушев плацдармы ауданында жаудың қорғанысын бұзу кезінде рота командирі, лейтенант Талғатбек Сәрсембаев жоғары ұйымдастыру, маневрлілік, дәлдік және автоматтық оқтың шебер техникасын көрсетті. Қарсыласпен бірнеше рет кездескенде, қол астындағылар шабуылдаған жауға қарсы тұрып, флангтарды қорғап, шабуыл топтарының алға жылжуына және қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік ашып берді»,- делінген.
Соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысының ардагері, Талғатбек Сәрсембаевтың жақын досы, белгілі жазушы Әскен Нәбиев өз әскери досының қатал соғыс күндері туралы былай еске алады:
«1945 жылдың көктемінде, Жеңіс жылында, Талғатбектің взводы Одер өзеніне қарай жол тартты. 7 сәуірде қанды шайқаста Талғатбек сол қолынан жараланды. Алайда, медбикелер оны батальондық медпунктке жібергісі келгенде, ол: «Мен кете алмаймын! Взводта жауынгерлер аз қалды. Бұл жеңіл жара, дәрі жағып,, таңып қойыңыз», - деді. Ол ісінген сол қолын таңып, мойнына іліп алды және шайқас әрекеттерін басқаруды жалғастырды.Ротаның бұрынғы командирінің жарақатына байланысты Талғатбек рота командирлігін өз мойнына алды. Бірнеше күн шайқас болғаннан кейін, қарсыластардың қатарлары сиреп, сол соққылардан әлсіреген кезде, біздің әскери бөлімдеріміз жауды Берлин бағытында ығыстыруды жалғастырды. Ол өз ротасының жауынгерлерімен бірге Берлин көшелеріне кіріп: «Біз Жеңіс туын бірге көтеруіміз керек!» - деді лейтенант Талғатбек Сәрсембаев, келесі күні ол оң аяғынан ауыр жараланды. Кейін ол: «Мен өз ротамының жауынгерлерімен бірге Берлин көшелерінде Жеңіс туын көтере алмағаныма өкінемін», - деді. Алайда, әскери госпитальде сауығып, дивизиясы оралғаннан кейін ол Эльбаға жетіп, онда өз атын жазып қолтаңба қалдырды...»
Содан кейін ол 49-шы Таман атқыштар дивизиясы құрамында Берлин үшін шайқасқа қатысты. Батырдың кеудесінде «Берлинді алу үшін» және «Германия үстінен жеңіс үшін» медальдары пайда болды. Тағы да бір жарақат, контузия алды. 1946 жылы соғысты аяқтап, запаска шықты.
Отанға оралған соң, Ақмола аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып істей бастады. Жоғары кәсібилік, коммуникабельділік, әрбір адамға түсінікті тәсіл табу қабілеті, білімге деген қабілеті басшылықтың назарын аудармай қала алмады. 1950 жылы Талғатбек Сәрсембаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Республикалық партия мектебіне жібереді.Үйленіп, отбасын құрады. Жұбайы Сафура Бейсеққызы да (Белгілі әнші Шабал Бейсеқованың туған сіңілісі) жақсы сөздер мен естеліктерге лайық жан болатын.Ол банк жүйесінде 40 жылдан астам жұмыс істеді, Целиноград облыстық конторасының қалалық басқармасының есеп-қаржы операциялары бөлімінің бастығының орынбасары болып жетті. Айта кететін жәйт. Сафура Бейсеққызы 40 жыл бір ғана жұмыс орынында қызмет қып «Еңбек кітапшасында» бір ғана жазу жазылған екен.Сапалы, сыйлы еңбегі «Құрмет Белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, «Мемлекеттік банк үздігі» белгісін алды. Ең бастысы, ол әрдайым жұбайына сенімді тірек болды және оның соңғы деміне дейін оның жанында болды. Олар бірге жарқын, бақытты өмір сүрді, олардың отбасын үлгі етіп көрсетті. Сәрсембаевтар төрт баланы тәрбиелеп, жақсы білім берді, олардың бәрі құрметті, сыйлы адамдар болып өсті.
Талғатбек Сәрсембаев отбасымен
Үлкен ұлы Қайратбек Целиноград медицина институтын бітіріп, содан кейін Мәскеуде аспирантураны бітірді. Қазіргі уақытта медицина ғылымдарының докторы, Асфендияров атындағы Алматы медицина академиясының профессоры. Қызы Сауле Целиноград ауыл шаруашылық институтының экономика факультетін үздік бітіріп, банк жүйесінде экономист болып табысты еңбек етті. Екінші ұлы Қуатбек Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Қазір ҚР ІІМ зейнеткері, запастағы подполковник, жеке сот орындаушысы болып жұмыс істейді. Салтанат - кіші қызы - экономикалық білімді таңдады. Ол - экономика ғылымдарының докторы, доцент, Батыс Қазақстан облысының АТиСО атты ең беделді жоғары оқу орындарының бірінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. Сәрсембаевтар отбасында балаларға әрдайым еңбекке адал қарым-қатынас, өз сөзі мен ісіне жауапкершілік, жақындарына құрмет, жақсылық пен жамандық түсінігі тәрбиеленді. Оларға әкесі мен анасы үлгі болды. Талғатбек Сәрсембайұлы ұзақ жылдар бойы комсомолдық, партиялық жұмыстардың басшылық қызметтерін атқарды. Әріптестері: «Талғатбек Сәрсембаев - ашық жүрек адам, қарым-қатынасы жақсы, батыл және шешімді, өзіне қатаң және басқаларға қатысты мінсіз адал», - деп еске алады. 1961 жылы ол Қазақстан Компартиясы Целинный өлкелік комитеті аппаратына идеология бөліміне ауыстырылды. Содан кейін Целинный өлкесінің кинофикация басқармасының басшысы, содан кейін Целиноград облысының радиохабар және телевидение басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сол уақытта ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін экстерн бойынша бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғады. 1967 жылдың қаңтарынан бастап партия обкомының бағыты бойынша ол Целиноград инженерлік-құрылыс институтында аға оқытушы болып жұмыс істеді, содан кейін саяси экономия, философия кафедраларын басқарды. 20-дан астам ғылыми еңбектер жариялады.
Талғатбек Сәрсембаев емтихан алу кезінде
**Талғатбек Сәрсембаев ардагерлермен бірге
Көптеген жас түлектерді оқытушылық мамандыққа баулып, оның қыр-сырын ашып, үлкен өмірге бағыт-бағдар берді. Бұл мақаланың авторы (К.И. Искакова) Талғатбек Сәрсембаевтің басшылығымен әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушысы ретінде еңбек жолын бастады. К.И. Искакова 1976 жылдан бастап, 2025 жылдар аралығында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ФПК деканы, сырттай оқу бөлім деканы, ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Осы асыл, адал, ақылды және сыпайы адам туралы көп айтқым келеді. Талғатбек Сәрсембайұлы жаңа әдебиетті, БАҚ материалдарын оқығанды ұнататын. Ол көптеген кітаптар, журналдар (әсіресе «Роман газетасын») жаздырып алып, сатып алып, содан кейін кафедра мүшелеріне әңгімелеп, егер біреуді материалдар қызықтырса, бірнеше күнге қарызға беріп отырды. Ол ешқашан өз лекцияларына кешігіп келген емес, сондықтан студенттер де, біріншіден, сабақтарды өткізіп алмауға, екіншіден, оның сабақтарына уақытылы келуге тырысты. Уақыт өте келе бұл кафедраның барлық оқытушыларының дағдысына айналды. Ол ұзақ жылдар бойы әскери тәртібі мен дағдысын сақтап келді. Көптеген адамдар ол автобуста әрқашан әйелдер мен кәрі адамдарға орын ұсынғанын көрген. Сондай-ақ, ол вальс биін өте әдемі билейтін. Талғатбек Сәрсембайұлы би алаңының ортасына шыққанда, барлық басқалар оны таңданып, орын босатып, ол және оның серігі үшін орын босататын. Өз кішігірім мақаламды Ұлы Отан соғысының ардагері, Талғатбек Сәрсембаевтің жақын досы – Әскен Нәбиевтің сөздерімен аяқтағым келеді – «1946 жылы Ұлы Отан соғысының майдандарынан жеңіспен оралған жас офицер Талғатбек Сәрсембаев бүкіл халықпен бірге елін қалпына келтіруге кірісті. Ол партиялық және комсомолдық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарды. Содан кейін педагогикалық қызметке ауысты. Бүгін біздің арамызда жоқ Талғатбек Сәрсембаев жаумен шайқаста батылдық, батырлық танытып, бейбіт өмірде дана ұстаз, үлгілі ғалым, парасатты тұлға болды».
**Күлзира Искакова,Л.Н.Гумилев ат.ЕҰУ
Ардагерлер кеңесінің төрағасы,қалалық Ардагерлер кеңесі Пленум мүшесі,философия ғ.к.,профессор**