Организация ветеранов

Организация ветеранов

Астанинский городской филиал Республиканского общественного объединения

**Тәуелсіздік – киелі құндылық!**

Тәуелсіздік – киелі құндылық!

16 желтоқсан.jpeg

Халқымыздың ғасырар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге биыл 34 жыл толды. Осы жылдарда ел де, мемлекет те қайта жаңғырды. Ол саяси жағынан ғана емес мәдени, рухани, экономикалық тәуелсіздікке жол ашты. Қазақстан Республикасының Тәулсіздік күні – Мемлекетіміздің мызғымас беріктігін, шайқалмас шаңырағының биіктігін дәлелдейтін күн. Қай халық үшін де азаттықтан артық ұлы ұғым, тәуелсіздіктен биік тұғыр жоқ. Олай болса, тәуелсіздік біз үшін қашан да киелі құндылық! Тәуелсіздікпен бірге тыныстаған біздің еліміз осы отыз төрт жыл ішінде ішкі және сыртқы саясатымызды, елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті, рухы биік руханият пен қажырлы еңбек үлгісін қалыптастырды. все.jpeg

Ұлы даланы ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабаларымыздың аманат мұратын қайта жаңғыртты. «Ұлы дала ойындары» деп өткізген дүниежүзілік дүбірлі тойда қазақ елінің мейманасы тасып, бүкіл әлемге танылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алпауыт елдерге, алыс-жақын шет мемлекеттерге барған іс-сапарлары төрткүл дүниені жалт қаратқандай маңызды оқиғаларға толы. Біздің Президенттің салиқалы-сындарлы саясаты, парасат-пайымы қашанда биік әрі салмақты. Оның жарқын бір дәлелі Астанада қазан айында өткен «Astana Think Tank» форумындағы сөзі болып табылады. Бүкіл дүние көз тіккен бұл форумда Қазақстан Президентінің шоқтығы биік, мерейі үстем болды. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Найзаның ұшы, білектің күшімен ұланбайтақ жерімізді қорғаған ата-бабаларымыз, елінің еркіндігі үшін құрбан болған Алаш арыстары, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің мақсат-мұраты да Тәуелсіздік, егеменді Мемлекет құру болатын. Енді міне, Тәуелсіз Қазақстанның отыз бес жылдығына аяқ басқан кезеңде бүгінгі Қазақстанның жаңа келбеті асқақтай түсуде. Бүгінгі ұлттық идеяға айналған татулық пен бірліктің арқасында елімізде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің өкілдері қазақ халқымен бірге тәуелсіздіктің тұғырын нығайта түсуде. Егеменді елдің ертеңі жастар. Олардың бойында, Отан сүйгіштік пен патриоттық рух қалыптастырып, бабалар аманатына адал болуына, тәуелсіздіктің жауапкершілігін жете сезінуіне ықпал етуде аға буын ардагерлердің алар орны бөлек. Бұл орайда қалалық ардагерлер кеңесі жоспарлы түрде «Ұрпақтар сабақтастығы аясында түрлі іс шаралар өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. Қала мектептері мен жоғарғы оқу орындарында өмір жолдары өнеге үлгі болған өр салада еңбек еткен ардагерлер мен кездесу «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік тек бір күндік қана мереке емес. Ол ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, қалатын қасиетті құндылық. Оны сақтау мен дамыту –әрбір Қазақстандықтардың борышы.Мемлекет басшысының айтқан «Адал азамат Адал еңбек- Адал табыс» қағида әрқашан өзекті. Бұл біздің қоғамды еңбекқорлыққа баулаудың алғыштарының бірі. Олай болса, еселі еңбекпен тәуелсіз қоғамның дамуына атсалысайық ағайын !

                    Қ.Құспан.Қалалық ардагерлер           кеңесі медиатопының мүшесі  ![желтоқсан.jpeg](http://gsv.kz/storage/app/uploads/public/693/fe0/01f/693fe001f0475935872688.jpeg)